red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Өскемен қаласында зертханалық-аналитикалық бақылау бойынша оқыту семинары өтті

2026 жылғы 17–19 наурыз аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық экология департаменттерінің сынақ зертханалары қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру семинары өтті.

Аталған семинар қоршаған ортаны қорғау саласындағы зертханалық-аналитикалық бақылауды жүзеге асыратын мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар бағдарламасы атмосфералық ауаны, өнеркәсіптік шығарындыларды және автокөлік құралдарының пайдаланылған газдарын аспаптық өлшеу кезінде зертханалық жабдықтармен жұмыс істеудің практикалық негіздеріне арналды.

Оқыту барысында қатысушылар экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізудің негізгі аспектілерін жан-жақты қарастырды, оның ішінде сынамалар алу талаптары, сынама алу нүктелерін анықтау, сынақ жүргізу әдістері және алынған нәтижелерді өңдеу мәселелері қамтылды.

Практикалық бөлімге ерекше назар аударылды. Қатысушылар заманауи аспаптар мен жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгерді, атап айтқанда:
• атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың массалық концентрациясын анықтауға арналған газталдағыштармен жұмыс;
• ауа ортасының метеорологиялық параметрлерін өлшеуге арналған жабдықтарды пайдалану;
• газ ағындарының жылдамдығы мен көлемдік шығынын анықтауға арналған дифференциалды манометрлермен жұмыс;
• қатты бөлшектердің сынамаларын алуға арналған аспирациялық құрылғыларды қолдану.Сонымен қатар семинар аясында өнеркәсіптік шығарындыларды аспаптық өлшеу, автокөлік құралдарының пайдаланылған газдарының уыттылығы мен түтінділігін анықтау, сондай-ақ өлшеу нәтижелерін ресімдеу, оның ішінде сынама алу актілері мен сынақ хаттамаларын дайындау мәселелері қарастырылды.

Оқытуға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ метрологиялық және экологиялық бақылау саласындағы жетекші мамандар қатысты.

Өткізілген семинар қатысушыларға кәсіби деңгейін арттыруға, өлшеу жабдықтарымен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларын нығайтуға және экологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Оқыту семинары «Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оны қолдану тәжірибесі»

   

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-талдамалық орталық» РМК (ҚОҚАТО) экологиялық заңнаманы қолдану және экологиялық бақылау жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған оқыту семинарына қатысуға шақырады.

Семинардың мақсаты – экологиялық заңнама саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиімді басқару тетіктерін дамыту.

📅 Өткізу мерзімі:
• 2026 жылғы 08–10 сәуір – онлайн (Zoom платформасы)
• 2026 жылғы 27-29 сәуір – офлайн, Астана қ.

Семинар бағдарламасы аясында келесі негізгі бағыттар қарастырылады:
• Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің негізгі қағидалары және оған енгізілетін өзгерістер;
• экологиялық рұқсаттарды алу тәртібі және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;
• қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) рәсімдерінің ерекшеліктері, оның ішінде кезеңдері, есептілігі және қоғамдық тыңдаулар;
• өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқарудың өзекті мәселелері, оның ішінде қауіпті қалдықтармен жұмыс және оларды жіктеудің жаңа тәсілдері;
• кәсіпкерлік кодекске сәйкес мемлекеттік бақылау объектілерінде профилактикалық экологиялық бақылауды жүзеге асыру;
• құқық қолдану практикасы, әкімшілік рәсімдер және экологиялық бақылау саласындағы өзекті өзгерістер;
• өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
• қоршаған ортаға эмиссияларды автоматтандырылған мониторингтеу жүйелерін енгізу және олардың жұмыс істеуі.

Семинар барысында заңнаманы практикалық қолдану мәселелеріне, табиғат пайдаланушылар тарапынан жиі жіберілетін қателіктерге және нақты жағдайларды талдауға ерекше назар аударылады. Қатысушылар өзекті сұрақтарына жауап алып, тәжірибелік ұсынымдар алады.

Лекторлар құрамына Экологиялық кодекс пен оған қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеушілер, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ тәжірибелі тәуелсіз сарапшылар кіреді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға оқудан өткені туралы атаулы сертификат беріледі.

📩 Байланыс: seminar.iac@iacoos.kz
📞 Тел.: +7 (7172) 24-96-18, +7 775 882 6145

Қатысу үшін тіркеу формасын сілтеме арқылы толтыру қажет.

   

Астанада стратегиялық экологиялық бағалау бойынша оқыту семинары өтті

Астанада стратегиялық экологиялық бағалау бойынша семинар өтті 2026 жылғы 18–19 наурызда Астана қаласында «Қазақстан Республикасында стратегиялық экологиялық бағалауды қолдану практикасы» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өтті.

Іс-шара Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-талдамалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (ҚОҚАТО) қолдауымен ұйымдастырылды.

Семинарға орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік және аумақтық жоспарлау үдерістеріне тартылған мамандар қатысты. Аталған іс-шара стратегиялық экологиялық бағалауды (СЭБ) Қазақстанда енгізу және дамыту мәселелерін талқылау үшін сарапшылар мен тәжірибешілерді бір алаңға біріктірді.

Семинар бағдарламасы аясында стратегиялық экологиялық бағалауды қолданудың негізгі аспектілері жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда, ұлттық заңнама талаптары, институционалдық тетіктер, сондай-ақ үздік халықаралық тәжірибелер ұсынылды. Қатысушыларға СЭБ-тің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу барысында экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызы туралы өзекті ақпарат берілді.

Қазақстан Республикасында стратегиялық экологиялық бағалауды іске асырудың практикалық тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Талқылау барысында қолданыстағы тәсілдер, өзекті мәселелер және халықаралық стандарттар мен ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, СЭБ рәсімдерін жетілдіру жолдары қарастырылды.

Семинардың практикалық бөлігі интерактивті сессияларды қамтыды. Қатысушылар стратегиялық экологиялық бағалаудың негізгі кезеңдерін – скринингтен бастап скопингке, есептік құжаттаманы әзірлеуге және шешім қабылдау кезінде экологиялық факторларды ескеруге дейін пысықтады. Сонымен қатар, СЭБ жүргізу барысында жиі кездесетін қателіктер мен қиындықтар талқыланды.

Сондай-ақ семинар аясында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және жоспарлау құжаттарын әзірлеудің бастапқы кезеңдерінде экологиялық аспектілерді интеграциялау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бұл экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін маңызды.

Осындай іс-шараларды өткізу мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, сараптамалық әлеуетті нығайтуға және Қазақстанда стратегиялық экологиялық бағалауды қолданудың бірыңғай тәсілін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, семинар тәжірибе алмасу және экологиялық саясатты жетілдіруге бағытталған практикалық шешімдерді әзірлеу үшін тиімді алаң болды.

ҚОҚАТО алдағы уақытта да экологиялық заңнама саласында ақпараттық-талдамалық және әдістемелік қолдау көрсетуді жалғастырып, экологиялық реттеудің заманауи құралдарын және тұрақты даму қағидаттарын енгізуге жәрдемдесетін болады.

2026 жылғы 10–12 наурыз аралығында ҚР ЭТРМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіндегі өзекті өзгерістер

2026 жылғы 10–12 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіндегі өзекті өзгерістер. Өндірістік экологиялық бақылау. Эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі. Қалдықтарды басқару. Парниктік газдарды түгендеу» тақырыбында оқыту онлайн-семинарын өткізді.

Семинар аясында экологиялық заңнаманың және оны қолдану тәжірибесінің негізгі мәселелері қарастырылды. Бағдарлама өндірістік экологиялық бақылау, эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелері, қалдықтарды басқару, парниктік газдарды түгендеу, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық бақылау және экологиялық құқық мәселелерін қамтыды.

Семинарға лектор ретінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз салалық сарапшылар мен тәжірибелі мамандар қатысты. Оқыту барысында қатысушыларға экологиялық заңнаманың қолданыстағы талаптары, құқықтық реттеудегі өзгерістер, экологиялық рұқсаттар мәселелері, әкімшілік практика және кәсіпорындардағы экологиялық бақылауды ұйымдастырудың заманауи тәсілдері бойынша өзекті ақпарат ұсынылды.

Онлайн-семинар барысында өндірістік экологиялық бақылауды әзірлеу мен жүргізудің практикалық аспектілеріне, эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін қолдану тәртібіне, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу мәселелеріне, сондай-ақ парниктік газдарды есепке алу, мониторинг, валидациялау және верификациялау саласындағы талаптарға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мемлекеттік экологиялық бақылау мәселелері, экологиялық құқық бұзушылықтардың түрлері, әкімшілік жауапкершілік шаралары және құқық қолдану практикасының ерекшеліктері қарастырылды.

Семинарға Қазақстанның ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында «Тараз арматура зауыты» ЖШС»ЖШС, Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті АҚ, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті КеАҚ, «Карцемент» АҚ, «Актюбрентген» АҚ, «Степногорский горно-химический комбинат» ЖШС, «ПромЭлектроСеть» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС және басқа да мүдделі ұйымдар бар.

Осындай оқыту іс-шараларын өткізу мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және кәсіпорындар, мемлекеттік органдар мен сарапшылық қоғамдастық өкілдері арасында экологиялық заңнаманың өзекті талаптарын бірізді түсінуге ықпал етеді.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға ведомстволық үлгідегі оқудан өткенін растайтын ресми куәліктер табысталды.

ҚР ЭТРМ «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК келесі оқыту семинарларына қатысуға шақырады.

Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:
+7 775 882 61 45
+7 (7172) 24 88 92

2026 жылғы наурыз айында ҚОҚАТО Экологиялық кодекстің өзекті өзгерістері бойынша оқыту семинарларын өткізеді

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК кәсіпорын өкілдерін, экологтарды, өндірістік экологиялық бақылау мамандарын және табиғат пайдаланушыларды наурыз айында өтетін оқыту семинарларына қатысуға шақырады.

📅 Өткізу форматтары:
• 2026 жылғы 10–12 наурыз — онлайн (Zoom платформасы)
• 2026 жылғы 18–20 наурыз — офлайн, Астана қаласы

Семинар тақырыптары:

Бағдарлама аясында экологиялық реттеу және құқық қолдану тәжірибесінің негізгі бағыттары қарастырылады:
• ҚР Экологиялық кодексінің өзекті өзгерістері
• өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ)
• эмиссияларды мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі (ЭМАЖ)
• қалдықтарды басқару
• парниктік газдарды түгендеу
• мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың практикалық мәселелері

Семинарлар практикалық бағытта ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

Сарапшылар құрамы

Лекторлар қатарында Экологиялық кодексті әзірлеуге қатысқан мамандар, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері және құқық қолдану саласында тәжірибесі бар сарапшылар бар.

Оқу қорытындысы бойынша

Қатысушыларға ведомстволық үлгідегі атаулы сертификат беріледі.

📩 Тіркелу: https://forms.gle/gDtmSV3gRPStrt7y9
📞 +7 (7172) 24-96-18
📱 +7 775 882 6145

Астанада ҚР Экологиялық кодексінің құқық қолдану мәселелері бойынша ҚОҚАТО офлайн-семинары өтті

2026 жылғы 18–20 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК (ҚОҚАТО) Астана қаласында «Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оның құқық қолдану тәжірибесі» тақырыбында офлайн-оқыту семинарын өткізді.

Іс-шара экологиялық реттеудің өзекті мәселелерін, мемлекеттік бақылау практикасын және кәсіпорындар қызметіне заманауи басқару құралдарын енгізу тетіктерін талқылауға арналған кәсіби алаңға айналды.

Практикаға бағытталған формат

Семинар үш күндік қарқынды күндізгі оқыту форматында өтіп, өнеркәсіп секторының, жер қойнауын пайдаланушы ұйымдардың және білім беру мекемелерінің 21 өкілін біріктірді.

Бағдарлама құқық қолданудың қолданбалы аспектілеріне басымдық бере отырып әзірленді. Қатысушыларға заңнаманың жүйелі түсіндірмелері беріліп, нақты өндірістік кейстер талқыланды, сондай-ақ кәсіпорындардың экологиялық қызметі барысында туындайтын өзекті мәселелер қарастырылды.

Қатысушылар құрамы

Семинар жұмысына, оның ішінде, келесі ұйымдардың өкілдері қатысты:
• «Астана-Нан» ЖШС
• «KAZPETROL GROUP» ЖШС
• «Астана» халықаралық университеті
• «Buzachi Operating Ltd» ФК («Бузачи Оперейтинг Лтд»)
• KSI PetroGasServices ЖШС
• «QazaqGaz Aimaq» АҚ

Әртүрлі саладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қатысуы семинардың салааралық сипатын және Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарын сақтау мәселелеріне деген жоғары қызығушылықты айқындады.

Бағдарламаның негізгі бағыттары

Семинар аясында экологиялық реттеудің стратегиялық маңызы бар келесі бағыттары жан-жақты қарастырылды:
• экологиялық қауіпсіздік қағидаттары және ҚР экологиялық заңнамасының негіздері;
• мемлекеттік экологиялық бақылау тетіктері және тексерулер жүргізу тәртібі;
• өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру;
• техногендік минералдық қалдықтармен жұмыс істеуді құқықтық реттеу;
• эмиссияларды автоматтандырылған мониторингтеу жүйелерінің жұмыс істеуі;
• өндіріс және тұтыну қалдықтары мен ағынды суларды реттеу;
• кешенді экологиялық рұқсатты алу тәртібі;
• ҚР Экологиялық кодексіне енгізілген өзекті өзгерістер мен толықтырулар;
• қоғамдық тыңдаулар өткізу және әкімшілік практика мәселелері.

Сараптамалық қолдау

Лекторлар ретінде ҚР ЭТРМ бейінді департаменттерінің сарапшылары, сондай-ақ экологиялық жобаларды құқықтық сүйемелдеуде және құқық қолдану саласында тәжірибесі бар тәуелсіз салалық мамандар сөз сөйледі.

Оффлайн формат уәкілетті орган өкілдері мен бизнес-қоғамдастық арасында тікелей кәсіби диалог орнатуға мүмкіндік беріп, қатысушыларға заңнама нормаларын қолдану бойынша ресми түсіндірмелер алуға және алдағы қызметке арналған практикалық шешімдер әзірлеуге жағдай жасады.

ҚОҚАТО экологиялық реттеу саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және Қазақстан Республикасында орнықты экологиялық басқару тетіктерін дамыту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.

04-06 ақпанда өткен онлайн-семинар қорытындысы

2026 жылғы 4–6 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты ШЖҚ РМК «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» (ҚОҚАТО)
«Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оны құқықтық қолдану» тақырыбында онлайн-оқыту семинарын өткізді.

Оқыту интенсивті практикалық бағдарлама форматында өтіп, мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, сондай-ақ экологиялық реттеу мен бақылау саласындағы өзекті талаптарды біртұтас түсінуді қалыптастыруға бағытталды.

Семинар 3 күнге созылып, 34 қатысушыны біріктірді. Оқытуға 6 сарапшы-лектор қатысып, олар заңнама нормалары мен кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметінде туындайтын типтік жағдайларға практикалық бағытталған талдау жүргізді.

Семинар бағдарламасы экологиялық реттеу мен бақылаудың қолданбалы мәселелеріне басымдық бере отырып қалыптастырылды. Оқыту аясында келесі негізгі тақырыптар қарастырылды:
• өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ);
• эмиссияларды мониторингтеудің автоматтандырылған жүйелері (АМЖ);
• кешенді экологиялық рұқсаттар (КЭР);
• өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару, оның ішінде техногендік минералдық қалдықтар;
• мемлекеттік экологиялық бақылау, тексерулер жүргізу тәртібі және құқық қолдану практикасы;
• экологиялық құқық бұзушылықтар, әкімшілік жауапкершілік және сот практикасының мәселелері;
• қоғамдық тыңдаулар және экологиялық реттеудің жекелеген тетіктері.

Семинарға өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындардың, жер қойнауын пайдалану саласындағы ұйымдардың, жобалау және инжинирингтік компаниялардың, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар қатарында, оның ішінде:
• «Урихтау Оперейтинг» (АО «ҰК «ҚазМұнайГаз» тобы);
• Өскемен ЖЭО;
• «Кублей» ЖШС;
• Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті;
• Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті;
• Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті;
• «Жоғары технологиялар институты» – «Қазақстан ядролық университеті» филиалы.

Қатысушылар семинардың практикалық маңыздылығын, материалдың жүйелі түрде ұсынылуын, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің күрделі нормалары бойынша түсіндірмелер алу мүмкіндігін, сондай-ақ жұмыс мәселелері мен типтік кейстерді талқылау мүмкіндігін жоғары бағалады.

ҚОҚАТО Қазақстан Республикасында мамандардың құзыреттерін дамытуға, экологиялық басқару сапасын арттыруға және құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған оқыту бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады.

Барлық қатысушыларға белсенді жұмыстары мен кәсіби диалог үшін алғыс білдіреміз!

Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығының басшысы болып А.С. Қожумов тағайындалды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Асхат Сұлтанбекұлы Қожумов «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры болып тағайындалды.

А.С. Қожумов Орал қаласының тумасы.

БҚИГУ (бакалавр – құқықтану), Самара мемлекеттік университетінің (магистратура – экономика және бизнес), Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің (магистратура – құқықтану), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (докторантура – мемлекеттік басқару) түлегі.

Еңбек жолын 2014 жылы жеке компанияның директоры болып бастаған. Оқытушылық тәжірибесі бар, квазимемлекеттік құрылымдарда және «Астана» халықаралық қаржы орталығында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2025 жылғы тамыздан бастап осы уақытқа дейін ҚР ЭТРМ «Қоршаған ортаны қорғау АТО» ШЖҚ РМК экологиялық ақпарат мемлекеттік қоры департаментінің директоры, кейін Бас директордың міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

Оқыту семинары

Оқыту семинары

“Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы” ШЖҚ РМК
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

тақырыпта оқыту семинарын өткізеді:

“Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және құқық қолдану практикасы”

Қайда және қашан
• 2026 жылғы 04-06 ақпан – онлайн (Zoom)
• 2026 жылғы 18-20 ақпан – күндізгі, Астана қ.
Семинар тілі-Орыс тілі.

Семинар не туралы

Экологиялық кодекс және заңнамадағы өзгерістер, экологиялық рұқсаттар және ЭЭ, ҚОӘБ, қалдықтарды басқару, өндірістік және профилактикалық экологиялық бақылау, құқық қолдану практикасы, эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелері.

Дәріскерлер

Экологиялық кодексті әзірлеушілер, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар.

Қатысу құны
• Табиғат пайдаланушы кәсіпорындар – 190 000 тг (онлайн) / 240 000 тг (жеке)
• Мемлекеттік мекемелер – 100 000 тг (онлайн) / 160 000 тг (жеке)
• ЭБЖМ ведомстволық бағынысты ұйымдары – 50 000 тг (онлайн) / 80 000 тг (жеке)
• ҮЕҰ, БАҚ, оқытушылар-тегін

Бағаға оқыту, Материалдар және атаулы куәлік кіреді.

 

Тіркеу

🔗 https://forms.gle/gDtmSV3gRPStrt7y9
📧 seminar.iac@iacoos.kz
📞 +7 (7172) 24-96-18, 8 701 218 8053

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент