Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы оқыту семинарлары | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы оқыту семинарлары

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы қоршаған ортаны қорғау саласында ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асырады.

Орталық Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы, экологиялық реттеу және оны қолдану тәжірибесі мәселелері бойынша оқыту және түсіндіру семинарларын өткізеді.

Семинарларға өту  Өтінім қалдыру

 

Семинарлар туралы

         ҚОҚ АТО семинарлары төмендегі мәселелерге арналған:

  1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы;
  2. мемлекеттік экологиялық бақылау және қадағалау;
  3. табиғат пайдаланушылардың міндеттері мен жауапкершілігі;
  4. экологиялық құжаттама және құқық қолдану практикасы.

Семинарлардың тақырыптары заңнамадағы өзекті өзгерістерді ескере отырып қалыптастырылады.

Қатысу форматтары

    Онлайн – Қазақстан Республикасының кез келген өңірінен қатысу мүмкіндігі.
    Офлайн – шақырылған лекторлардың қатысуымен өткізілетін семинарлар.

                           

 

Семинарлар кімдерге арналған

         Семинарлар төмендегі тұлғаларға арналған:

  1. табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың мамандарына;
  2. ұйымдардың экологтарына;
  3. басшылар мен жауапты қызметкерлерге;
  4. мемлекеттік органдардың өкілдеріне.

 

Қатысу нәтижесі бойынша құжаттар

Семинарға қатысу нәтижесі бойынша қатысуды растайтын сертификаттар (куәліктер) беріледі.

Семинарлар ақпараттық-түсіндіру сипатында өткізіледі және лицензияланатын білім беру қызметі түрлеріне жатпайды.

 

Бізге сенім білдіреді:

Қазақстан Республикасының ұлттық және квазимемлекеттік компаниялары, табиғат пайдаланушы кәсіпорындар, мемлекеттік органдар және кәсіби экологиялық қауымдастық.

 

Байланыс

📞 Телефон: +7 (7172) 24-88-92

📧 Электронды почта: seminar.iac@iacoos.kz

📍 Мекен-жайымыз:

Қазақстан Республика , Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 11/1

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент