2026 жылғы 10–12 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіндегі өзекті өзгерістер. Өндірістік экологиялық бақылау. Эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі. Қалдықтарды басқару. Парниктік газдарды түгендеу» тақырыбында оқыту онлайн-семинарын өткізді.
Семинар аясында экологиялық заңнаманың және оны қолдану тәжірибесінің негізгі мәселелері қарастырылды. Бағдарлама өндірістік экологиялық бақылау, эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелері, қалдықтарды басқару, парниктік газдарды түгендеу, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық бақылау және экологиялық құқық мәселелерін қамтыды.
Семинарға лектор ретінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз салалық сарапшылар мен тәжірибелі мамандар қатысты. Оқыту барысында қатысушыларға экологиялық заңнаманың қолданыстағы талаптары, құқықтық реттеудегі өзгерістер, экологиялық рұқсаттар мәселелері, әкімшілік практика және кәсіпорындардағы экологиялық бақылауды ұйымдастырудың заманауи тәсілдері бойынша өзекті ақпарат ұсынылды.
Онлайн-семинар барысында өндірістік экологиялық бақылауды әзірлеу мен жүргізудің практикалық аспектілеріне, эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін қолдану тәртібіне, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу мәселелеріне, сондай-ақ парниктік газдарды есепке алу, мониторинг, валидациялау және верификациялау саласындағы талаптарға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мемлекеттік экологиялық бақылау мәселелері, экологиялық құқық бұзушылықтардың түрлері, әкімшілік жауапкершілік шаралары және құқық қолдану практикасының ерекшеліктері қарастырылды.
Семинарға Қазақстанның ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында «Тараз арматура зауыты» ЖШС»ЖШС, Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті АҚ, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті КеАҚ, «Карцемент» АҚ, «Актюбрентген» АҚ, «Степногорский горно-химический комбинат» ЖШС, «ПромЭлектроСеть» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС және басқа да мүдделі ұйымдар бар.
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және кәсіпорындар, мемлекеттік органдар мен сарапшылық қоғамдастық өкілдері арасында экологиялық заңнаманың өзекті талаптарын бірізді түсінуге ықпал етеді.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға ведомстволық үлгідегі оқудан өткенін растайтын ресми куәліктер табысталды.
ҚР ЭТРМ «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК келесі оқыту семинарларына қатысуға шақырады.
Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:
+7 775 882 61 45
+7 (7172) 24 88 92