red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ЕХРО-2017 көрмесіне 75 мемлекет қатысатынын растады

Тәуелсіздік сарайында ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуға ниет білдірген елдерден келген делегаттардың қатысуымен алқалы жиын басталды.

Бұл – олардың екінші басқосуы. Олар көрме өтетін қалашықтағы павильонды аралап, тиесілі аумақтарын белгілеуі тиіс. Тәуелсіздік сарайындағы алқалы жиында 100-ге жуық мемлекеттің арнайы делегаттары жиналды. ЕХРО-2017 халықаралық қатысушыларының екінші жиынында алдағы ауқымды шараға қатысты маңызды мәселелер талқыланбақ.

Елордада өтетін халықаралық көрмеге қатысушыларды тіркеу осыдан екі жыл бұрын басталған еді. Содан бері ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЕХРО-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев әлемдегі 100-ге тарта мемлекеттің өкілдерімен кездесіп, оларға арнайы шақырту ұсынды. Нәтижесінде 75 ел бас қаламызда өтетін әлемдік шараға қатысатынын ресми түрде растап үлгерген болатын.

Алдағы уақытта қатысушылар санын 100-ге жеткізу көзделіп отыр. Бүгінге дейін 55 комиссар тағайындалып, 27 келісімшарт жасалған. Ал осы жиын барысында ұйымдастырушылар мен жер жаһаннан келген 250-ден астам делегат алдын ала келісімдер жасасып, көрмеге қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасаудың тиімді жолдарын қарастырып жатыр. Сондай-ақ қонақтар көрме қалашығындағы павильонды аралап, тиесілі аумақтарын белгілеуі тиіс. Айта кетейік, павильон аумағы әр мемлекетке тиесілі мөлшерде бөлінеді.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/107738-ekhro-2017-k-rmesine

Алматыдағы Президент паркінде Тұңғыш Президент мұражайы ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Президент паркінде Тұңғыш Президент мұражайы ашылады. Бұл туралы бүгін қала әкімінің төрағалығымен өткен жиын барысында белгілі болды.

Тұңғыш Президент саябағын жаңғырту жобасын «AGS Project Engineering» директоры Роман Шнайдерман ұсынды.
«Саябақтың оң жағында Тұңғыш Президент мұражайы бой көтереді. Орталық аллея осы музейге жол болады. Аллеяның екі жағында пейзажды көрініс болады. Жақын территорияда балаларға арналған және спорттық алаңқайлар болады. Саябақ пен алаңқайлардың арасында жасыл көпір жасалады. Саябақтың пішіні созылыңқы болған соң, келушілердің көпшілігі оның жоғарғы жағына жете бермейді. Сондықтан, кіру екі жақтан да болады. Шығыс және батыс жағынан», – деді «AGS Project Engineering» директоры Роман Шнайдерман.
Жобаға сәйкес, паркте үлкен көл және жасыл амфитеатр пайда болады.
Қала әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, әр саябақтың өзінің тақырыптық бағыты болуы керек. Тұңғыш Президент саябағы алматылықтар үшін ең ыңғайлы демалыс орны болуы тиіс.

Источник: http://inform.kz/kaz/article/2874720

Каспий маңындағы мемлекеттер теңіздің мұнаймен ластануына қарсы бірлесіп күресетін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комиттетінің кеңейтілген отырысында «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.

Құжатқа Әзербайжан, Иран, Қазақстан және Ресейдің уәкілетті өкілдері 2011 жылғы 12 тамызда Ақтау қаласында қол қойған болатын.  Хаттаманың мақсаты – Каспий маңы елдерінің мұнайдың төгілуіне байланысты тосын оқиғаларға ден қоюға әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жеке немесе бірлескен қажетті шараларды қабылдауы болып табылады.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, заң жобасына сәйкес Каспий маңындағы мемлекеттер теңіздегі мұнайдың төгілуіне және басқа да оқиғаларға байланысты ақпараттармен алмасатын болады. Бұдан бөлек, төтенше оқиғалар орын алғанда оған ден қою мақсатында өңірлік жоспарлар жасалады.  Сонымен қатар, теңіз маңындағы әрбір мемлекет мүмкіндігінше арнайы техникалардың ең аз санымен қамтамасыз етілуге міндетті болды. Сондай-ақ, егер басқа тараптар сұрау салғанда ондай техникаларды ұсыну және мұнай төгілумен байланысты төтенше жағдайларды жоюға Каспий маңы мемелкеттерінің барлық ұжымдық күшін пайдалану мүмкіндігі қарастырылады.

Тұтастай алғанда, хаттаманы ратификациялау Каспий теңізі мұнаймен ластанған жағдайда өңірлік шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.

Дерек көзі: http://inform.kz/kaz/article/2874398

2016 жылдың 16 мен 18 ақпаны аралығында Атырау қаласында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарда табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың 22 маман оқытылды.

Семинар қатысушылары ұсынылғандар:

«АМӨЗ» ЖШС; «Теңізшевройл» ЖШС; «West Dala» ЖШС; «Фирма АТК» ЖШС; «GEO ENERGY GROUP» ЖШС; «Мұнай сервис ЛТД» ЖШС; «Каспийский Трубопроводный Консорциум-К» АҚ; «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС; «Матен Петролеум» АҚ.

Дәріс оқығандар:

Бекеев А.Т. – ҚОҚ және табиғатты пайдалану саласындағы тәуелсіз сарапшы;

Нурушев М. Ж.РФ мен ҚР биология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясының академигі;

Изтелеуова Шынар Орманбековна – «Жайық-Каспий Орхус орталығы» директоры;

Саттыкова Гулзада Амитовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД ҚДБЖБ басшысы.

Семинар аяқталарда білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ә. М. Мағауов пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаров қол қойған куәліктер табыс етілді.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығының базасында 2016 жылдың 13 – 15 сәуірі аралығында Астана қаласында «Экологиялық аудит» тақырыбында семинар өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығы (бұдан әрі – Орталық) базасында 2016 жылдың сәуір айының 13 – 15 аралығында Астана қаласында «Экологиялық аудит» тақырыбында мамандандырылған оқыту семинарын өткізуді жоспарлауда.

Білімдерді қорытынды бағалау нәтижелері негізінде тыңдаушыға ҚР Энергетика Вице-министрінің қолымен ведомствалық үлгідегі куәлік беріледі.

Сонымен қатар, Орталық семинар қатысушыларын үлестіру материалдарымен қамтиды – соңғы өзгертулермен және толықтырулармен ҚР Экологиялық кодексі, «Eсo-info» (CD-диск және 1500 астам құжаттар) электронды тасымалдауышта қоршаған ортаны қорғау саласының электронды базасы. Өтінімдер www.iacoos.kz интернет-ресурсында қол жетімді тіркеу нысаны негізінде семинардың басталуына 3 күн қалғанға дейін қабылданады.

Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша 8 (7172) 79-93-35 телефоны арқылы Орталық мамандары Фариза Шымшықоваға және Данагүл Абикеге (pkkiac@mail.ru) хабарласа аласыздар.

Тіркеу нысаны 

Украина мен Беларусь Сарышағанда әскери оқу жаттығу өткізгісі келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Украина мен Беларусь Сарышаған полигонында әскери оқу-жаттығу өткізгісі келеді.  Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров мәлім етті.

Еске сала кетейік, жалпы отырыста Ресей жалға алып отырған Сарышаған полигонынан 1,5 млн. гектарды жалға беруден шығару туралы келісім қабылданған болатын. Аталған келісімнің хаттамасында полигон учаскелерін басқа мемлекеттердің де пайдалану мүмкіндігі қарастырылған болатын. Осыған байланысты депутаттар тарапынан сұрақ туындаған еді.

«Шындығында Сарышаған полигоны ерекше бірегей сынақ алаңы ретінде әлемге әйгілі. Сондықтан да оған сұраныс аса жоғары, біздің полигонымызда ұрыстар өткізу, оқу-жаттығулар жүргізуге ниет білдірген мемлекеттер көп. Мәселен, Украина мен Беларусь елдері де осыны қалайды», – деді Оқас Сапаров.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы полигонды пайдалану туралы келісімде бұған дейін үшінші мемлекетті қатыстыру туралы шарт қарастырылмаған. Ал жаңа хаттамада бұндай арнайы бап енгізілді. «Осыған байланысты біз Ресейдің келісім беруі бойынша үшінші елдерді полигонды пайдалануға тарта алатын боламыз. Олармен жеке келісімшарттар жасалады», – деді Оқас  Сапаров.

Дерек көзі: http://inform.kz/kaz/article/2872157

Сарышаған полигонынан Ресей жалға алып отырған 1,5 млн. га жер қайтарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру шарттары және Приозерск қаласының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы  қабылданды.

Келісімге сәйкес, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының аумағында жалпы алаңы 1 млн. гектардан астам полигон жер учаскелері жалдаудан алынады. «Хаттама бойынша жалдаудан бірқатар жер учаскелерін шығару көзделеді. Олар: түсті металды өндіру үшін Қарағанды облысындағы Жаманайбат учаскесі, Бейнеу-Жезқазған теміржолын және Самара-Шымкент автокөлік жолдарын пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстарындағы жекелеген учаскелері бар. Бұдан бөлек, Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы А-313 және А-73 халықаралық авиациялық трассаларды түзету мақсатында 711 мың 290 гектар жер жалдаудан шығарылады », – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров.

 Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Дерек көзі: http://inform.kz/kaz/article/2872146

Жасыл экономика. Биоәдіс – табиғи таза өнім алудың кепілі

Бүгінде еліміздің ауыл шаруашылығы саласында агрохимикаттар мөлшері көп қолданылады. Әсіресе олардың қатарынан пестицидті жиі кездестіреміз. Өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға арналған ол адам ағзасы мен қоршаған ортаға ластанған су, топырақ, азық-түлік арқылы кесірін тизгізеді. Сондықтан елімізде органикалық заң күшіне енген соң тірі бактериялардан жасалатын екі есе тиімді препараттарды қолдану бағытында жұмыстар атқарылуда. Бұл бактериялар Ұлттық биотехнология орталығының мамандарымен жасалған. Бағдарлама барысында өсімдіктерді қорғаудың тиімді тәсілі мен экологиялық таза биоәдісті қолданатын астаналық жылыжайға толығырақ тоқталамыз.

Қызылорда облысында балық өнімдерінің экспорты 45 пайызға артты – Қ. Көшербаев

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында балық өнімдерінің экспорты  соңғы екі жылда 45 пайызға артты.  Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

Қызылорда облысында соңғы 3 жылда балық аулау 2 мың тоннаға немесе  30 пайызға көбейді. 2015 жылы жалпы ауланған көлем 8,4 мың тоннаны құрады. Соңғы екі жылда балық өнімдерінің экспорты 45 пайызға, оның ішінде Еуроодақ елдеріне – 2 есеге өсті.

Аралдың балығы осы күнде Ресей, Украина, Грузия, Дания, Польша, Австрия мен Германияға экспортталды. 2015 жылы құны 4,6 млн. АҚШ долларын құрайтын 867 тонна балық Еуропа елдеріне және құны 202 мың АҚШ долларын құрайтын 920 тонна өнім Ресейге жөнелтілген.

Облыста жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын  8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл 300-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беруде.

Барлық кәсіпорындар халықаралық талапқа сай құралдармен жабдықталған.

 «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан бұл салаға жақсы қолдау көрсетіліп отыр. Өткен жылы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы балық өндіру, өңдеу және өнімді өткізуге арналған бірнеше жобаға еншілес мекеме ретінде атсалысты. Жобаларды іске асырушы негізгі кәсіпорынның «қанаты қатайғаннан кейін» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өз үлесін әріптес кәсіпорынға қайтарып береді. Қазір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы осы саладағы тағы бірнеше жобалар бойынша, атап айтсақ, Иіркөл шаруашылығы тоғанын қалпына келтіру және Арал балық өңдеу зауытының жұмысын жетілдіруге атсалысуда», – деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есепті кездесуінде.

Арал қаласындағы қуаттылығы жылына 6 мың тонна балық өңдейтін Арал балық өңдеу зауыты қызметін кеңейтіп, жұмыстарын жүргізуде. Зауытты шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету үшін Арал ауданында Қарашалаң балық сервистік-дайындау орталығының құрылысы аяқталды.

Өткен жылдың шілдесінде соңғы 50 жылда тұңғыш рет Арал өңірі балықшыларының бірінші слеті өтті.

Дерек көзі: http://inform.kz/kaz/article/2871903

Елбасы Энергетика министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Владимир Школьникті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.  Кездесу барысында В.Школьник Мемлекет басшысына мұнай-газ секторындағы және электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау, атом салаларындағы ахуал мен министрліктің басқа да бағыттағы жұмыстары туралы баяндады. Сондай-ақ көмірсутек шикізаты бағасының төмендігіне байланысты туындаған дағдарысты еңсеру жөнінде министрлік пен Үкімет қабылдап жатқан шаралар да қарастырылды. Мемлекет басшысы энергетика саласындағы барлық перспективалы жобаларды, соның ішінде Қашаған кенішін іске қосу, Теңіз кенішін кеңейту, Қарашығанақ кенішін кеңейтудің екінші кезеңі сияқты жобаларды жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды. Энергетика министрі мұнай өндірісін 77 млн тоннаға дейін төмендету жөнінде биылғы жылға қарастырылып отырған көлемді кейін Қашаған кенішін іске қосу есебінен толтыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді. «Мұнай бағасының төмендігі барлық компанияларды өз бюджетін қысқарту мақсатымен қайта қарауға, өнімнің өзіндік құнын азайтумен айналысуға мәжбүрледі. Әлемнің барлық еліндегі сияқты үнемдеу режімі енгізілді, бірақ елдің мұнай-газ секторындағы жұмысшыларды босатуға жол берілген жоқ», – деді В.Школьник. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент