red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Адамдардың әл-ауқаты табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалу есебінен айқындалады – «Бірлік» партиясы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Адамдардың әл-ауқаты табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалу есебінен айқындалады. Бұл туралы бүгін Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын еліміздегі алты саяси партия өкілдері арасындағы телесайыс барысында «Бірлік» партиясының мүшесі Роза Қуанышева мәлім етті.

Еліміздегі экологиялық мәселелерге мән беру керек екеніне тоқталған ол: «Бізді алаңдатып отырған елеулі проблемалардың бірі су ресурстарының тапшылығына байланысты. Әрбір қазақстандық өздеріне «экономикалық қуатты, экологиялық жайлы елде тұру үшін не істеу керек?» деген сауал қоюға шақырамыз. Осы сұрақ барша тұрғындарды алаңдатуы тиіс. «Бірлік» партиясы осыған қатысты жауапты біледі»,-деді.

Бұл ретте Роза Қуанышева адал әрекеттер, істер мен ниеттер, таза қоршаған орта еліміздің жаһандық әлемдегі лайықты орнын айқындайтынын атап өтті.

«Бүгінде дамыған мемлекет – ол «жасыл экономикасы» бар ел болып табылады. Осы тұрғыда адамдардың әл-ауқаты табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалу есебінен айқындалады. «Жасыл экономика» дамуды ынталандырып, тұрақтылыққа жағдай жасайды, экономикалық әлеуетті арттырады және жаңа жұмыс орындарын құрады. Біз экономикалық рельстерімізді бұрып, «жасыл экономикаға» қарай жүруіміз керек», – деді ол.

Оның айтуынша, партия таңдаған бағыт болашақтағы экологиялық апаттардың алдын алуға негізделіп отыр.

Дерек көзі: http://inform.kz/kaz/article/2881510

Пресс-релиз Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Пресс-релиз

2016 жылдың 10 наурызында Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын екінші оқытылымда қабылдады.

Осы Заңды қабылдаудың мақсаты  Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің парниктік газдар шығарындыларын реттеу бөлігіндегі ережелері мен нормаларындағы  оқылықтарды жою және экологиялық заңнаманы 2000 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа, көпшіліктің шешім қабылдау процесіне қатысуына қол жеткізу және әділсотқа қолжетімділік туралы конвенцияға (Орхус конвенциясы) сәйкес келтіру болып табылады.

Осы заңның жобасы 2 бағытты қамтиды:

1)       Қазақстан ратификациялаған Орхус конвенциясын одан әрі орындау;

2)       парниктік газдардың шығарындыларын реттеуді жетілдіру.

         Бірінші бағыт бойынша:

заң жобада Қазақстан Республикасының Экологиялық және Салық кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Экологиялық кодексте толық экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, толықтыру және көпшілікке беру мәселелерін көздеу ұсынылады. Ол үшін мемлекеттік органдар мен табиғат пайдаланушылардың тиісті экологиялық ақпаратты кейіннен оны міндетті түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер арқылы ақысыз түрде беру үшін Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына ұсынуы шаралары көзделген.

Сонымен қатар, жыл сайын Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы шығару көзделеді.

Экологиялық ақпараттың тағы бір маңызды көзі Ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жасау болып табылады, оның негізгі мақсаты қоршаған орта және табиғат пайдалану мәселелері бойынша шешім қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі – Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында ашық түрде орналастырылған қоршаған ортаны ластау көздері, көлемі, бақылау шаралары, мониторингі және ластануды төмендету бойынша құрылымдық деректер қорын білдіреді.

Сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар өткізу міндетті болатын шаруашылық қызмет жобаларының тізбесі заңнамалық деңгейде айқындалатын болады.

Әділсотқа қол жеткізуді жеңілдету үшін қоғамдық бірлестіктер қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін, оның ішінде тұлғалардың белгісіз тобының мүдделеріне сай сотқа жүгіну құқығына ие болады.

Салық кодексінде заңды және жеке тұлғаларды мүліктік емес сипаттағы экологиялық даулар бойынша мемлекеттік баж салығын төлеуден босату бойынша норма қарастырылған.

Осы өзгертулер ашық және и транспарантті қоғам құру бойынша мақсаттарды табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Парниктік газдар шығарындыларын реттеуді жетілдіру жөніндегі екінші бағыт бойынша

Заң жобасымен бірқатар терминдерді нақтылау, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілеу, беру және өзгерту аспектілері бойынша коллизияларды жою бөлігінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылуда. Үкіметтік квоталар резервін басқару жүйесі арқылы биржада квоталарды саудалау бөлігінде нормативтік актілерді жетілдіру қажет, сондай-ақ  квоталарды бөлудің тарихи әдісін қайта қарау арқылы кәсіпорындарға квоталарды әділ үлестіру рәсімін қамтамасыз ететін заңнамалық актілердің нормаларына түзетулер қабылдауды қажет етеді.

Осыған байланысты, еліміздің экономикасына белгілі бір зардаптар әкелетін әлемдік дағдарысты есепке ала отырып, Экологиялық кодекстің 9-1-тарауының 94-2-бабын 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін (6-тармақтан басқа), 94-3, 94-4, 94-7, 94-9) тоқтата тұру қолдау тапты.

Сонымен қатар, ҚР Экологиялық кодексінің материалдық нормаларынан туындайтын «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 329 және 330-баптарына өзгерiс пен толықтыру енгiзілген.

Аталған түзетулер парниктік газдар шығарындылары бойынша  есептілік, мониторинг және верификация жүйесін жақсартуға, сондай-ақ тиімді тәсілмен парниктік газдар шығарындыларына квоталарды ішкі саудалау және квоталау жүйесінің жұмыс істеуінің түпкілікті мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Жасыл экономика. Отандық «жасыл» көліктер өндірісі

Электромобиль қарапайым көліктерден бұрын шыққанын білесіз бе? Бүгінгі шығарылымды біз осы көліктердің өндірісіне арнаймыз. Жаһандық жылынудың тұсында экологиялық таза технологиялар жай тренд қана емес, қоғам қажеттілігін дәлелдеген көмекшілерге айналды. Осы орайда автомобиль өндірушілері жаңа технологиялар үшін миллиондарын аяп қалмады. Бүгінде әлемде кең қолданысқа еніп жатқан электромобильдер сөзімізге дәлел болса керек. Қазақстанға мұндай көліктердің келгеніне көп бола қойған жоқ. Саны 4 млн асатын жеңіл көліктердің тек 200 шақтысы электромобиль. Десек те елімізде бұл сала да барынша іргерілеуге тырысуда. Жаңа дүниеге аса сақтықпен қарайтын халық көлікті тестілеуден өткізіп жатыр. Мамандардың айтуынша алғашқы құн қымбат болғанымен, қолданыста арзанға шығады. Ендеше отандық электромобильдің қандай мүмкіндіктері бар? Бұзылған жағдайда оларды жөндейтін орталықтар бар ма? Қалай қуатталады, қанша шақырым жол жүруге мүмкіндігі бар? Электромобиль иелері үшін қандай да бір жеңілдіктер бар ма? Халықтың бұл көлікке деген қызығушылығын бағдарламаның түсірілім тобы қала көшелеріне шығып сұрастырып көрді. Кім не дейді?

Елбасы «Ақтөбе жылыжай» кешеніне барды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ақтөбе жылыжай» ЖШС жылыжай кешеніне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Елбасы кешенді аралап, көкөніс өсіру технологиясымен танысты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа ауыл шаруашылығын дамытудың өңірдегі негізгі бағыттары, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шаралар туралы баяндалды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми тәсілдерді қолданудың маңыздылығына айрықша назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы саласының өнімділігін арттыру қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы планета халқының көбейіп келе жатқанына байланысты аграрлық сала өнімдеріне ұдайы сұраныс болатынына тоқталды. Сондықтан, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді Қазақстан Президенті мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға, өндіріске жаңа технологиялар енгізуге және озық халықаралық тәжірибелерді игеруге шақырды.

Жабық жерде көкөніс өндіретін жылыжай кешені жалпы ауданы 3 гектар аумақта орналасқан. Жобалық қуаты жылына 1500 тонна көкөніс өндіруге лайықталған.

Жасыл экономика. EXPO & Women халықаралық ұйымының көрмеге дайындығы қалай?

EXPO-2017 жаһандық серіктестік пен жаңа мүмкіндіктердің тоғысатын алаңы. Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін көтеруде халық өнері аса маңызды орын алады. Ал ол экологиялық таза өнім болса тіпті жақсы. Осы орайда негізін қазақ әйелдері құрайтын EXPO & Women халықаралық ұйымының орны ерекше. Мұндағы басты мақсат бизнесте жүрген әйел қауымын көрме жобаларына тарту. Жергілікті қолөнершілер көрмеге қандай бұйымдар ұсынады? Олар қаншалықты экологиялық таза шикізаттан жасалады? Толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жағдайы бойынша жыл сайынғы ұлттық баяндама шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Аталған заң жобасының мақсаты ұлттық экологиялық заңнаманы Орхус конвенциясына сәйкес келтіру болмақ. Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау процесіне және әділсотқа қол жетімділікті іске асыру туралы конвенцияның (Орхус конвенциясы) негізгі функциялары қоршаған орта саласындағы мәліметтердің ақпараттық қорын қалыптастыру болып табылады. Бұдан бөлек, ақпараттарды қолдану мен жеке және заңды тұлғалардың сұрауы бойынша экологиялық ақпарат ұсыну қамтамасыз етіледі. Заң жобасына сәйкес парниктік газ шығарындыларына квота белгілеу, беру және өзгерту мәселелері бойынша Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу күтіледі.

«Заң жобасы аясында қоғамдық есеп берулерді өткізу процедураларына өзгерістер енгізіліп, қоршаған ортаның жағдайы және табиғи ресурстарды пайдалану туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу қарастырылады. Бұдан бөлек, шығарындылардың мемлекеттік тіркелімін құру көзделеді», – деді Энергетика министрі Владимир Школьник. Оның айтуынша, заң жобасына сәйкес, міндетті түрде экологиялық қоғамдық тыңдаулар өткізілетін жобалар мен экономика қызметтерінің саласы айқындалады. Сонымен бірге, табиғатты пайдаланушылармен қол қойылғаннан кейінгі бес күннің ішінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы жарияланады.

Осылайша, заң жобасымен экологиялық ақпараттардың мемлекеттік қоры арқылы қоғамды ақпараттандыру жүйесінің тәртібі қарастырылып отыр. Тұтастай алғанда, заң жобасы арқылы ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулар квоталаудың тиімді жүйесін енгізуге, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды ішкі саудалауға қатысты болып отыр.

Жасыл экономика. EXPO-2017: бүгіні мен ертеңі

Астана 2 күнге EXPO-2017 көрмесінің қатысушылар ордасына айналды. 100-ден астам мемлекет өкілі бас қосқан жиында EXPO-2017 көрмесінің маңызды мәселелері талқыланды. Жобаның түрлі салалары бойынша таныстырылымдары өтіп, мемлекеттердің көрмеге қатысу шарты талқыланды. Баламалы қуат көздерін жаңғырту – болашақтың маңызды міндеті. Осы орайда энергетика саласындағы соңғы инновациялар қойылады деп жоспарланған бұл көрмеге өзге мемлекеттер қандай озық технологияларын ұсынбақ? Күн, су, жел секілді табиғи ресурстарды ауқымды түрде игеру басты мақсат еткен олардың «жасыл» энергетикадағы жетістіктері жайлы бүгінгі шығарылымда толығырақ тарқатамыз.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығының базасында 2016 жылдың 27 – 29 сәуірі аралығында Астана қаласында «Парниктік газдарды түгендеу. Экологиялық кодекс аясында Киот хаттамасын іске асыру тетігі» тақырыбында семинар өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығы (бұдан әрі – Орталық) базасында 2016 жылдың сәуір айының 27 – 29 аралығында Астана қаласында «Парниктік газдарды түгендеу. Экологиялық кодекс аясында Киот хаттамасын іске асыру тетігі» тақырыбында мамандандырылған оқыту семинарын өткізуді жоспарлауда.

Білімдерді қорытынды бағалау нәтижелері негізінде тыңдаушыға ҚР Энергетика Вице-министрінің қолымен ведомствалық үлгідегі куәлік беріледі.

Сонымен қатар, Орталық семинар қатысушыларын үлестіру материалдарымен қамтиды – соңғы өзгертулермен және толықтырулармен ҚР Экологиялық кодексі, «Eсo-info» (CD-диск және 1500 астам құжаттар) электронды тасымалдауышта қоршаған ортаны қорғау саласының электронды базасы. Өтінімдер www.iacoos.kz интернет-ресурсында қол жетімді тіркеу нысаны негізінде семинардың басталуына 3 күн қалғанға дейін қабылданады.

Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша 8 (7172) 79-93-35 телефоны арқылы Орталық мамандары Фариза Шымшықоваға және Данагүл Абикеге (pkkiac@mail.ru) хабарласа аласыздар.

Тіркеу нысаны 

ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 24 мен 26 ақпан аралығында Астана қаласында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 22 маман оқытылды, соның ішінде:

табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 7 адам;

Жеке тұлғалар – 1 адам;

мемлекеттік мекемелердің мамандары – 5 адам;

ЖОО және ҮЕҰ өкілдері – 9 адам.

Семинар қатысушылары ұсынылғандар:
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС; «Разрез Молодежный» ЖШС; «Инкай» БК» ЖШС; «Хорасан-U» БК» ЖШС; «Семизбай-U» ЖШС; «СКЗ-U» ЖШС; «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «Павлодар облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «Маңғыстау облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК «Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ; ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК «Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ; Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті; Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты; С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті; Қазақстанның Орхус комитеті; «Almighty Ecology» қоғамдық қоры.

Дәріс оқығандар:

Кумаргалиев Медет Кумаргалиевич – ҚР ЭМ Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті директорының орынбасары;

Майлыбаева Айнур Мухаметрахимовна — «ҰАТ» АҚ «Е-лицензиялау» МДБ» ақпараттық жүйесі» жобасының жетекшісі;

Хайрулла Кайраткали Сагингалиевич – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК экологиялық реттеу басқармасының басшысы;

Рымбаева Айнель Бейсенгазыевна – ҚР ЭМ Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті, экологиялық ақпарат және талдау басқармасының басшысы;

Асанова Гульжан Зарубековна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК экологиялық сараптама және рұқсат беру басқармасы басшысының м.а.

Казжанова Жанна Амангельдиевна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК экологиялық сараптама және рұқсат беру басқармасының бас сарапшысы.

Семинар аяқталарда білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі М.М. Мырзағалиев пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаров қол қойған куәліктер табыс етілді.

Қоршаған ортаға эмиссия қысқаруы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда қоршаған ортаға эмиссияны қысқарту қарастырылады. Бұл туралы бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Комитетте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

«Заң жобасы бірқатар жаңа нормаларды қамтып отыр. Біріншіден, қоршаған ортаға эмиссияны қысқарту көзделеді. Екіншіден, экология саласында мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің саны қысқарады. Үшіншіден, құрлықтық қайраңдарда табиғатты пайдалану құқығын жүзеге асыру барысында мемлекеттік шекараны кесіп өтудің кейбір мәселелері реттеледі», – деді Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов.

Оның айтуынша, құжатта ілеспе газдарды жағу саласындағы мемлекеттік органдардың бірқатар функцияларын орындау оңтайландырылады. Тұтастай алғанда, заң жобасымен «Жер қойнауы туралы», «Жер қойнауын пайдалану туралы» және  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Заң жобасы алдағы уақытта өтетін палатаның жалпы отырысына шығарылмақ.

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент