Дереккөз: www.24.kz
2017 жылы өтетін ЕХРО көрмесіне қатысатын елдер жыл соңына дейін көрме аумағындағы павильондарын толтыра бастайды.
Қазір оған дайындық қызу жүріп жатыр. Әр мемлекет өзі таңдап алған аумағына жасыл технологияларының ең үздік дегендерін шығарады.
Бүгінгі шығарылымда көрмеге қатысатын бірнеше елдің дайындығы туралы сөз қозғаймыз.
Дереккөз: www.24.kz
Шымкенттегі хайуанаттар бағы тағы бес бірдей өте сирек кездесетін жануарлармен толықты.
Олардың барлығы тұқымы құрып бара жатқан соң Қызыл кітапқа енгізілген аңдар. Ресейдің Ярославль қаласындағы зообақтан бұранда мүйізді теке мен ешкі және Африкалық Канна антилопасының жұбы, сондай-ақ қодас әкелінді. Жануарлар біртіндеп жерсініп, көпшілікке үйренісіп келе жатыр, – дейді мамандар. Ал қодасқа ерекше күтім жасалуда. Өйткені бұл жануар негізінен Еуропаның ылғалды, салқындау аумағында өмір сүреді. Негізі Шымкенттегі хайуанаттар бағында 1980 жылдары Канна антилопасы мен Еуропа қодасы болған. Ал бұранда мүйізді тауешкісі өте сирек кездеседі. Олардың алғашқы жұбы былтыр Новосібірдегі зообақтан әкелінген.Тау ешкісі биыл төлдеді.
Латипша Алиев, «Шымкент зообағы» МҚК басшысының орынбасары:
– Каннаның табиғи жаратылысы біздің ауа райына келеді. Ал бұранда мүйізді тау ешкісін болашақта біздің таулы аумаққа жібереміз. Зубрға біз жағдай жасауымыз керек. Әсіресе 2-3 ай жазда су бүркіп. көк шөп пен дұрыс жем береміз. Бәрі жақсы үйренеді, жақсы болады.
Дереккөз: EXPO-2017 Astana
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы отандық туроператорлармен бірлесе отырып, мазмұны жағынан маңызды әрі мейлінше қызықты түрлі экскурсия маршрутын әзірледі. Демек, көрмеге келген әрбір турист астанамыздың көрікті жерлерімен танысып қана қоймай, Қазақстанның тарихи және мәдени нысандарын көру мүмкіндігіне ие болады.
Бүгінгі таңда туристік тізімге еліміздің ұлттық парктері (Шыран шатқалы, Бурабай және т.б.) бойынша экологиялық турлар, БҰҰБҒМҰ (ЮНЕСКО-ның) бүкіләлемдік мұралар тізіміне кіретін тарихи-мәдени нысандарды (Қожа Ахмет Яссауи, Тамғалы және т.б.) аралау маршруттары, сондай-ақ, «Байқоңыр» ғарыш айлағында ракетаның аспанға ұшырылуын бақылау және т.б. арнайы турлар ұйымдастырылды.
Өңірлердегі туристік қызмет көрсету спекторын кеңейту Астана қаласында өткізілетін Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында жүргізіліп жатыр. Бұл қазақстандық трэвел-индустрияның дамуына ықпал етері анық.
Айта кету керек, 2016 жылдың 10 маусымынан бастап «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер сатыла бастады. Қазіргі таңда туроператорларға арнайы тиімді баға қойылып отыр. Яғни 2016 жылдың 10 шілдесі мен 10 тамызы аралығындағы промо кезеңде туроператорлар көрмеге билетті арнайы бағамен сатып ала алады.
Базалық пакет 2000 теңгеден басталып, күні белгіленген немесе күні белгіленбеген билеттерден құралады. Сатып алатын билет көлемін неғұрлым ұлғайтқан сайын, билет құнына деген жеңілдік те соғұрлым тиімді болады. Сатып алынатын билеттердің көлеміне шектеу қойылмайды.
Толығырақ ақпарат алу үшін көрменің ресми билеттік операторының ресми сайты – tickets.expo2017astana.com ақпарат қалдыруға болады.
Семинарда 13 маман оқытылды, соның ішінде:
• табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 8 адам;
• мемлекеттік мекемелердің мамандары – 3 адам;
• ЖОО және ҮЕҰ өкілдері – 2 адам.
Семинар қатысушылары ұсынылғандар:
«Шығыстүстімет» ЖШС; «Транснефть Урал» АҚ; «Ақкент» ЖШС; «Қазпошта» АҚ; «ЗГМ ПЕНЕТРОН-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС; «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК; «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РМК; «Ақтөбе Орхус орталығы» ҚҚ; «Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті» ШЖҚ РМК.
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Абдульманов Нургазы Сеильбекович – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД ИРБ басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД жетекші маманы;
Семинар аяқталарда білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібеков пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директорының м.а. А.А.Алдабергенов қол қойған куәліктер табыс етілді.
Семинарда 13 маман оқытылды, соның ішінде:
Семинар қатысушылары ұсынылғандар: «Шығыстүстімет» ЖШС; «Транснефть Урал» АҚ; «Ақкент» ЖШС; «Қазпошта» АҚ; «ЗГМ ПЕНЕТРОН-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС; «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК; «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РМК; «Ақтөбе Орхус орталығы» ҚҚ; «Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті» ШЖҚ РМК.
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Абдульманов Нургазы Сеильбекович – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД ИРБ басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД жетекші маманы.
Семинар аяқталарда білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібеков пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директорының м.а. А.А.Алдабергенов қол қойған куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.24.kz
Суды үнемдей отырып, бақшадан жоғары өнім алу мүмкін бе?
Түркістан қаласының маңындағы Ораңғай ауылының шаруалары алдарына осындай мақсат қойып отыр. Бұл жердің жазы өте ыстық. Су ресурстарының тапшылыға да соңғы жылдары фермерлерді жиі мазалап жүр. Сондықтан тамшылап суарудың жаңа технологияларына көшу олар үшін таптырмас шешім болған. Толығырақ бүгінгі бағдарламадан көре аласыздар.
Дереккөі: www.24.kz
Оралда өткен Akzhaiyk Invest форумында құрылыс индустриясы мен машина жасау салаларына қатысты тың жобалар таныстырылды.
Өңір кәсіпкерлері инновациялық жобаларды қолдау мақсатында бюджеттік емес қор құрған. Сонымен қатар «Алгоритм» деп аталатын технопарк базасында өңірлік кеңес құру жоспарланып отыр. Инвестиция тарту бойынша Smart City жобасына басымдық берілді. Бұл қала инфрақұрылымын дамытуға сеп болмақ. Форум қорытындысы бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Арман Қашқынбеков, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы бас директорының орынбасары:
– Ең алдымен бұл тарифті индекстеу, ұлттық жоспарды дамыту бойынша Қазақстанда электр энергиясының тапшылығын жоюға сеп болады. Біз шетелдіктерге анық түсіндіре аламыз. Күн және жел станцияларын салу жөніндегі ұсынысты нақтылап береміз.
Жұматай Сәлімов, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ төрағасының орынбасары:
– Облыстың кәсіпкерлері инновациялық жобалардың маңызды екенін түсініп отыр.Соған байланысты осындай қор құру арқылы жобаларды жүзеге асырмақ. Міне, біздің келісім осы қызметті жандандыруға бағытталған.
Дереккөз: www.24.kz
Ақтау қаласының тұрғыны Әбілхас Бесімбаев тереңдікте бұрғылап жұмыс істейтін әмбебап қондырғы ойлап тапты.
Өнертапқыш құрастырып шығарған техника күн және желдің күшімен жұмыс істейді. Оның айтуынша, бұл үнемді, экологияға еш зиянсыз, «Жасыл экономика» стандарттарына сай, сенімді құрал. Авторлық туынды патенттелген. Қазір тексеру, сынау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келешекте EXPO-2017 көрмесінде таныстырылады. Мұнай өндіруге арналған станок қазір сынақтан өткізіліп жатыр. Қондырғы айтарлықтай нәтиже көрсетуде. Өнертапқыш Әбілхас Бесімбаев бұрын мұнайшы болып жұмыс істеген. Ол бұл жобаға 30 жыл уақытын сарп етіпті. Көпшілік қойшы отбасынан шыққан жігіттің жоспарының жүзеге асатынына күмәнмен қараған. Оның идеясын Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік қолдап, 5 миллион теңге көлемінде грант бөлген. Тың туынды күн және желдің қуатымен жұмыс істейді. Бұл электр энергиясын 90%-ға үнемдеп, өнімділікті 30%-ға еселеуге мүмкіндік береді.
Әбілхас Бесімбаев, өнертапқыш:
– Мұнда екі негізгі технология қолданылады. Бірінші дөңгелек бұранда пайдаланылады. Ол сенімді әрі өте төзімді. 10 жыл көлемінде шыдас береді. Оған тежегіш жүйесінің де керегі жоқ. 20 тоннадан астам жүкті ұстап тұра алады. Екіншісі қарапайым түрлендіруші. Бұл мұнай өндіру ісіндегі технологиялық үдерісті басқарудың ең үнемді, әрі ыңғайлы жүйесі.
Қондырғының салмағы да жеңіл. Бар болғаны 3 тоннадай болады. Бұл қазіргі қолданыстағы станоктардан 4 есе кіші. Оның үстіне өзіндік құны шетелдік мамандар ұсынып отырған гидравликалық аппараттардан әлде қайда төмен. Өнертапқыштың ойындағысын жергілікті зауыттың қызметкерлері жүзеге асыруға қол ұшын берген.
Жақында қондырғының жұмысын іс жүзінде байқап көрмек. Ол үшін «Қаражанбас» кен орнынан бір ұңғыма бөлінген. Өнертапқыш жаңа қондырғының тиімділігіне және сынақтан сүрінбей өтетініне сенімді. Ал EXPO-2017 көрмесінде шетелдік инвесторларды таңқалдырамыз деп отыр. Қазірдің өзінде ресейлік мұнайшылар жобаға қызығушылық танытуда.
Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тамара Степанова, Саламат Бекбаев
Дереккөз: АО “Қазақстан Темiр Жолы”
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болып, Құрық портындағы паром кешені құрылысы барысымен танысты.
Қазіргі таңда бұл аумақтан 3,9 млн текше метр жер қабаты босатылды.
Ерсай станциясындағы кіре беріс темір жол телімінен Құрық станциясына дейін 13 шақырымдық темір жолдың 9 шақырымына рельс торкөздері төселе бастады.
Осы жолдар арқылы Батыс тұсынан толқындардың тосқауылдық қалқандарына қажетті 95 мың текше метр тас жеткізілді. Тәулігіне екі мың текше метр тас жеткізілуде. Жағалаудың табанын қазу арқылы тереңдету үшін 800 мың текше метр теңіз түбіндегі топырақты шығару жоспарлануда. Бұған әлемдік деңгейдегі танымал теңіз табанын қазатын Jan De Nul бельгиялық компаниясының қатысуымен жасалады.
Тамыздың ортасына дейін үш секциялы көпірдің көтеру- өткізу металл қаусырмалы көпірінің алғашқы партиясы жеткізіледі.
Қазіргі кезде бірқатар нысандардың құрылысы басталды. Оның ішінде әкімшілік, инженерлік, диспетчерлік қызмет, кеден және шекаралық бақылау орындары жасалуда.
Биылғы жыл аяғына дейін кешеннің алғашқы бөлігін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл паром кешеніндегі Құрық порты арқылы жүк қабылдап жөнелтуді іске қосудың алғашқы техникалық және технологиялық дайындығы жасалады.
Нысанның екінші бөлігіндегі құрылыстарды аяқтау 2017 жылға жоспарланып отыр.
Құрық портындағы жаңа паром кешені тәулігіне бес паромға қызмет көрсетеді. Сол арқылы жылына 4 миллион тонна жүкті өңдейтін болады.
Құрық портындағы ауқымды жұмыстар мен Боржақты-Ерсай темір жол желісі басты жүктер мен сұйық жүктерді мультимодальдық тасымалдауға арналады. Бұл өз кезегінде Каспий өңіріндегі батыс бағдардың экспорттық әлеуетін арттырады.
Құрық паром кешені «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы нысан ретінде Қазақстанның транзиттік көліктік әлеуетін көтереді. Ұлы Жібек жолының дамуына ықпал етеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бүгін Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болып, жел күшейеді. Батыста, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі ықтимал, сондай-ақ найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Ақтөбе облыстарында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Атырау, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.