red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Дереккөз: Bnews.kz

Синоптиктердің болжауынша, тек батыс және оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды BNews.kz

be9472a3e1cabbe05b2d167547536ec2_resize_w_840_h_

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ болуы ықтимал, күндіз кей жерлерде жел күшейеді.

Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде,  Алматы, Павлодар облыстарында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел күшейеді, бұршақ жауады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында,  Алматы,  Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі жоғары.

 

 

 

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығындағы жаңашылдықтар талқыланды

Дереккөз: www.24.kz

Жамбыл облысында «Егінжай» кеңесі өтті.

Өңірдегі шаруалар мен сала мамандары қатысқан жиында ауыл шаруашылығындағы жаңашылдықтар, жеткен жетістіктер мен тәжірибелер талқыланды. Жергілікті диқандар соңғы жылдары бірігіп жұмыс істеуді қолға алған. Шағын шаруа қожалығының иелері он-оннан топтасып, кооператив құрып жатыр. Заманауи тың технология енгізіп, еңбек өнімділігін еселеуде. Мәселен, бұрын бір қожалық гектарынан 1 тоннадай шөп орып алса, тамшылатып суару арқасында бұл көрсеткіш 5 тоннаға дейін ұлғайды. Биыл өңірде 600 мың гектар жерге дәнді-дақылдар егілген. Бұл былтырғыдан бес жарым мың гектарға көп. Бұрын Әулие ата өңірі қант қызылшасының рекордтық көрсеткіштерімен мақтанатын. Араға ондаған жыл салып табысы мол кәсіп қайта жандана бастады. Қазір өңірде 5 мың 680 гектарға тәтті түбір егілген. Өнімді қабылдайтын екі зауыт жұмыс істеп тұр.

Нұржан Нұржігітов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Соңғы жылдары мал шаруашылығына көңіл бөліп жатырмыз. Бұл сүт-тауарлы фермаларды, бордақылау алаңдарын ашу. Бірақ ол жұмыстарды атқару үшін мал азығын дайындау мәселесі туындайды. Сондықтан осындай семинар-кеңестің арқасында шаруашылықтар өздерінің пайдасын көріп, қазір бетін бұрып, инновацияны тәжірибесіне енгізіп, жұмыспен айналысуда.

Жасыл экономика. Құрылыс қалдықтарын тиімді пайдалану

Дереккөз: www.24.kz

Құрылыс қалдықтары қауіптіліктің 4-санатына жатады. Бүгінде үлкен қалалардағы инфрақұрылымдық нысандар саны көбейген сайын олардың көлемі де артып келеді.

Сондықтан құрылыспен айналысатын әрбір компания басшылығы құрылыс қалдықтарын тиімді іске асыру жайлы ойлауы тиіс. Оны кәдеге жаратудың өз қиыншылығы бар. Дегенмен бұл саладағы мамандар тартынып қалмақ емес. Қазіргі таңда біздің елде де қалдықтарды өңдейтін 3 зауыт бар. Олардың қуаттылығы қандай? Құрылыс алаңынан шыққан қалдықтар қалай жиналып, қайда өңделеді?

Ертіс өзенінен зиянды заттар табылмады

Дереккөз: www.24.kz

Павлодарлықтар Ертіс өзеніндегі балықтардың қырылуына алаңдаулы. Алайда арнайы жүргізілген тексерулер су құрамынан зиянды заттарды таппаған. Радиологиялық зерттеу жүргізген сарапшылар қорғасын, мырыш, цинк, кадмий, фтор және темір сынды химиялық элементтер мен ауыр металдардың жоқтығын анықтады. Бірақ суда оттектің мөлшері төмен. Мамандар балықтардың қырылуына ауаның аздығымен қатар Шүлбіден судың мезгілсіз жіберілуі де себеп болған деп отыр. Ирина Сорокина, облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы: – Бұл жерде судың органикалық ластанып жатқанын айта кету керек. Үздіксіз жауған жаңбыр суы өзенге құйылады. Шөп, балдыр, басқа да органикалық қоспалардың қышқылдануы судағы оттегінің мөлшерін азайтады. Серік Әбсалықов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы: – Ертіс өзенінде өлі балықтардың қалқып жүргенін ешкім көрген жоқ. Ертістің негізгі сағасында мұндай құбылыс байқалмайды. Балықтар өзеннен бөлініп қалған шағын көлшіктерде қырылған.

Елбасы Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге өзгеріс енгізді

Дереккөз: Bnews.kz

a16f7f0ed93c7e22a30d05f9d9914cc0_crop_l_16_t_0_w_2079_h_1170_resize_w_840_h_Мемлекет басшысы «1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

 

 

 

Жасыл экономика. Astana Art Fest

 Дереккөз: www.24.kz

Cіз адам әрекеті арқылы жарық пен музыка шығаратын әткеншекті көрдіңіз бе? Ол жайлы сізге бүгінгі шығарылымда айтамыз.

Астанада өткен «Адам қуаты» тақырыбына арналған «Astana Art Fest» фестивалі келушілерді отандық және шетелдік суретшілердің, дизайнерлердің, сәулетшілердің заманауи өнер туындыларымен тәнті етті. Жел, күн энергиясына бағытталған бұл жоба «жасыл» экономиканы негізге алған. Сіз онда биіктігі 2 метр, салмағы 130 кг жететін мүсіндерді де кездестіресіз. Мұндай композициялар EXPO-ға келетін әрбір мемлекетті таныстырады. Ұйымдастырушылар оларды 2017 жылы елімізде өтетін халықаралық көрмеге қоймақ.

Жасыл экономика. Париж климаттық келісімін жүзеге асыру

Дереккөз: www.24.kz

Париж келісімі әлемдік қауымдастықты ауқымды проблема төңірегіне біріктірген маңызды құжат болып отыр. Қазақстанның бұл бағыттағы позициясы айқын. 2030 жылға дейін парниктік газдар көлемін 15 пайызға төмендетіп, 2050 жылға дейін төмен көміртекті саланы дамытуға көшті. Аталған құжат аясында қандай келісімдер жүзеге асырылмақ?

Премьер-Министр Аралды қалпына келтіру бойынша жұмыс сапасын бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қызылорда облысында жүр. Арал ауданына келген соң Кәрім Мәсімов Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу бойынша жұмыс сапасын бағалады, деп хабарлады Pm.kz.

Жауапты тұлғалар Кәрім Мәсімовке «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңінің жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Дерек көзі: www.inform.kz

Алматыда жарық диодты шамдар мен LED экран шығаратын зауыт ашылды

Өндіріс орны «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан.  Қазір жаңа кәсіпорында 50 адам жұмыс істейді. Зауыт толық қуатына жеткен кезде тағы 100 адам жұмыспен қамтылады.  Инновациялық зауытта оңтүстіккореялық технология қолданылады. Кәсіпорын жылына 400 мың жарық диодты шам, 25 мың LED-экран шығаруды жоспарлап отыр. Бұл шамдар электр қуатын үнемдеуге септігін тигізеді. Ең бастысы ішінде сынабы жоқ. Қанат Нұрекенов, зауыт директоры -Біздің партнерымыздың технологиялары негізінде неше түрлі жарық диодты өнімдер шығара аламыз. Салыстырмалы өнімдерге қарағанда біздің бағамыз 30 пайызға дейін арзандау болады. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан жаңа технологияларға ерекше көңіл бөліп отыр. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының ашылуы соның дәлелі. Бүгінде арнайы аймақтағы компаниялар табысты жұмыс істеп келеді.   Нұрлан Көпбосынов, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА Комитет төрағасы      -150-ден артық компания тіркелген. Жыл сайын елдің, мемлекеттің бюджетіне 2,5 миллиардтан артық ақша түсіп отыр. 3 мыңнан артық жұмыс орны ашылған. Инновациялық технологиялар паркіндегі кәсіпорындар біртіндеп сыртқы нарыққа да шыға бастады. Ай-ти, электроника және байланыс құралдары көршілес Иран, Өзбекстан, Қырғызстанға экспортталуда. Ерлан Әукенов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары -Алматы қаласында жүзеге асып жатқан Индустриаландыру картасы бағдарламасының негізгі мақсаты – экспортқа бағытталған кәсіпорындарды құру. Шетелдік озық технологияларды трансферттеу арқылы импорттың үлесін азайта аламыз. Бүгін ашылған жаңа зауыт – «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының екінші кезегінің алғашқы қарлығашы.  Жоспарға сәйкес барлық инфрақұрылымы бар 150 гектар кешеннің толық құрылысы қыркүйек-қазан айларында аяқталады. Қазірдің өзінде 8 компания арнайы аймақтан жер алып, кәсіпорын ашуға өтініш білдіріп отыр.

Дерек көзі: www.khabar.kz

Алматыда көлік инфрақұрылымын дамытып, экология мәселесін шешу қажет – Е. Досаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев «Алматы – өмір сүруге және бизнеске қолайлы қала» 5-ші инновациялық форумы барысында Алматыда көлік инфрақұрылымын дамытып, экология мәселесін шешу қажеттігін мәлімдеді.

«Біз технологиялық жағынан артта қалғанымызды мойындаймыз. Сол үшін, бірінші кезекте, көлік инфрақұрылымын дамыту қажет. Алматы туралы айтқанда көлік және экология мәселесін айналып өтуге болмайды. Біз осы екі проблеманы қалайда шешуіміз керек. Мен өз тарапымнан барынша қолдау көрсетуге дайынмын. Барлық мәселені шеше алмасақ та, оларды едәуір азайтуға болады. Әрине, «Алматы қаласын дамыту-2020» бағдарламасы жақсы әзірленген. Бірақ, ол арқылы қаладағы барлық өзекті мәселелерді шешу мүмкін емес. Алматының әлеуеті өте жоғары. Бірақ, біз оны толық пайдаланып жатқан жоқпыз. Сондықтан, қаладағы бір емес, барлық  инфрақұрылымды дамытуға лайықты деңгейде қолдау көрсетуміз қажет», – деді Е. Досаев.

Дерек көзі. www.inform.kz

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент