red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Пан Ги Мун Қазақстанды Климат жөніндегі Париждік келісімге қол қойылумен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Нью-Йорке БҰҰ ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесті. Пан Ги Мун сыртқы саяси ведомоство басшысын Климат жөніндегі Париждік келісімге қол қойылумен, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ  Қауіпсіздік кеңесінің 2017- 2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды БҰҰ Жаңалықтар орталығы.

Кездесу барысында Бас хатшы мен министр Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын және елдің БҰҰ-ға ұсынылған бастамалары жөнінде пікір алмасты, делінген осы жүздесу туралы мәлмдемеде.

Қазақстанның Климат жөніндегі Париждік келісімге қол қою салтанатты рәсімі 2 тамызда Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ның штаб-пәтерінде  өтті.

БҰҰ Радиосына берген сұхбатында  министр бұл құжатқа Қазақстан осы жылдың сәуірінде өзге елдермен бірге қол қоюды жоспарлағандығын, бірақ оған келісу үкіметте ұзаққа созылғандығын айтты.

Қазақстан сыртқы саяси ведомоствосының басшысы, өз елінің 2030 жылы ауаға шығарылатын парниктік газдарды 15 пайызға қысқартуға міндеттеме алғандығын мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, егер елге қосымша қаржылай қолдау көрсетілген жағдайда мұны 25 пайызға дейін жеткізуге болады.

 Дерек көзі: www.inform.kz

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

Кездесу барысында Қ.Бозымбаев Елбасына мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және энергетика салаларындағы дамудың негізгі көрсеткіштері туралы баяндады, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын хабарлады.

Бұдан бөлек, мұнай өңдеу және энергетика өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, оның ішінде жыл соңына дейін Қашаған кен орнын қолданысқа енгізу жоспары, Теңіздің өндірістік қуаттылығын кеңейту және Қарашығанақ кен орнындағы сұйық көмірсутегі өндірісін арттыру талқыланды.

Мемлекет басшысы жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және экономикадағы энергия тасымалдауға артып отырған қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында отын-энергетика кешенін одан әрі дамыту керектігіне назар аударды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыру үшін шаралар қабылдау және төмен көміртекті даму мен «жасыл экономикаға» өтуін қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар туғызудың маңыздылығын атап өтті.

Энергетика министрі биыл мұнай өндіру көлемінің аздап азаюы әлемдегі негізгі энергетикалық ресурстарға бағаның құлдырауымен байланысты болып отырғанын атап өтті.

– Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 38,8 млн тонна мұнай өндірілді. Ол өткен жылғы осы кезеңнің өндіру көлемімен салыстырғанда 97% құрайды. Биыл жыл соңына дейін өндіру көлемін 75 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 6,9 млн тонна мұнай өңделді, ол былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда шамамен 5% артық, – деді Қ.Бозымбаев.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Көзі: http://www.akorda.kz

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК Көрменің ресми лицензиаттарын іріктеу процедурасын өткізуі туралы хабарлайды

Дереккөз: EXPO-2017 Астана

Талаптармен Қоғамның ресми сайтында (https://expo2017astana.com/business-partnership/konkursyi) «Бизнес-серіктестік» бөлімінде танысуға болады.

Лицензиялық бағдарлама мақсаты EXPO 2017 логотипімен жоғары сапалы және арзан бағалы түрлі тауарлық санаттағы лицензиялық өнімдер өндіру болып табылады.

Көрме Лицензиаттарының артықшылығы:

  • Ауқымды сату желісі – Лицензиялық өнім Көрме аумағында, Қазақстан бойынша барлық сату нүктелерінде, интернет-дүкенде сатылатын болады;
  • Осындай текті ең танымал іс-шаралардың бастігіне кіретін ірі халықаралық жобаға қатысу;
  • EXPO- 2017 Astana нышанымен өнімді сату есебінен тікелей табыс алу;
  • EXPO-2017 Astana көрмесі кезінде сатудың айрықша құқығы;
  • Халықаралық және қазақстандық деңгейде ақпараттық және жарнамалық қолдау;
  • Бизнес-қоғамдастық пен сатып алушылар тарапынан өз сегментінде назар аударту.

Көрме қазақстандық бизнес өкілдері үшін көптеген перспективалар ұсынады. Көрме лицензиаты болу мүмкіндігі – осылардың бірі болып табылады.

Жасыл экономика. Орман ағаштарын микроклондау әдісімен көбейту

Дереккөз: www.24.lz

73981fdab03b3cc1e003cbd3fed97c33_L

Елорда басқа қалалардан айналасын бойлай өскен жасыл желектермен ерекшеленеді. Мұндай жасыл белдеулі орман жолақтарының Орта Азияда баламасы жоқ.

Алайда табиғи ортада өсетін тал-теректер қоршаған ортаның түрлі әсеріне ұшырайды. Сондықтан кез-келген ауа райына төзімді, топыраққа тез жерсінетін ағаштарды өсіру Республикалық орман селекциялық орталығы мамандарына артылған міндет. Мұнда қызмет ететін ғалымдар мемлекеттік тапсырысты орындайды. Жылдық жоспар 20 мың түп ағаш өсіру. Ендеше орман ағаштарын микроклондау әдісімен көбейту қалай жүзеге асатынын бүгінгі шығарылымда толығырақ тарқатамыз.

ЭКСПО-2017 Италия мен Оңтүстік Корея «жасыл энергетика» саласында алдыңғы қатарлы әзірленімдер көрсетеді

Дереккөз: EXPO-2017 Астана

Бүгінгі таңда Астана қаласында ұйымдастырушы кеңсесінде екі ел «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысу туралы шартқа қол қойды.

Италияның қатысуы туралы шартқа «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «ЭКСПО-2017» Италия секциясының комиссары, Италия Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян қол қойды.

Кездесу кезінде Ұлттық компания басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысы, Италияның қатысу шарттары, сондай-ақ эаңартылатын энергия көздерін дамыту саласында біздің елдер арасында екіжақты өзара әрекет ахуалы мен перспективалары туралы айтып кетті.

«Көрме өткізуде Италия тәжірибесі біз үшін өте пайдалы болып табылады, себебі Миланда өткен ЭКСПО-2015 ең жемістілердің бірі болып танылды. Италияның жаңартылатын энергия көздері саласында жетістіктерін ескеріп, ЭКСПО-2017 шеңберінде біздің ел осы саладағы жаңа технологияларды көрсете алады деп үміттенеміз», – деп атап кетті Ахметжан Есімов.

Қазіргі таңда, Италия «жасыл» технологияларды белсенді әзірлеп, отынды әртараптандыру саясатын жүзеге асыратынын атап кету керек. Италия секциясының комиссары елде 2015 жыл ішінде Италияда электр энергиясын өндіруде ЖЭК үлесі 38,4% құрағанын мәлімдеді. Перспективалы даму артықшылығы ретінде Италия үкіметі жел және күн энергетикасын ынталандырудан көреді. Қазіргі уақытта елде гелиоэнергиясын өндіретін 150 мың кәсіпорын жұмыс істейді.

«Біздер біздің ұлттық павильонымызды толықтыруға белсенді түрде дайындалып жатырмыз, себебі ЭКСПО-2017 әлемде балама энергияның келешек дамуы үшін елеулі мәнге ие», – деп атап кетті Стефано Раваньян.

Оңтүстік Корея балама және жаңартылатын энергия көздерін көрсетуге дайындығын білдірді. Ол туралы ЭКСПО-2017 қатысу жөніндегі шартқа қол қою барысында Корея секциясының комиссары, Кореч Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Чо Енг Чон мәлімдеді.

«Корея ЭКСПО шеңберінде Көрмені екі рет өткізді. Жуырда ғана 2012 жылы Йосу қаласында, сондай-ақ 1993 жылы Тэджон қаласында өтті. ЭКСПО өткізгеннен кейін ол бүкіл Кореяның ғылым мен технологиялар дамыту орталығы болды», – деді Чо Енг Чон.

Кореяда ЖЭК 2008 жылдан бері дамып келеді. Үкімет 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерін 11%ға артыру бойынша жоспар әзірледі. 76%-дан астамы жаңа және жаңартылатын энергия қоқыс қалдықтарынан өндіріледі, осындай өндірістен шығындар күн энергиясын өндіруден 10% және жел энергиясын өндіруден 66% құрайды. Қоқысты қайта өңдеу жолымен энергияны алу жаһандық жылу салдарымен күрес бойынша Оңтүстік Кореяның энергетикалық саясатының тиімді шаралары ретінде қарастырылады.

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы елдердің тізімін құрастыру процедурасы екі бөліктен тұрады – қатысуы туралы ресми растау, содан кейін қатысу туралы шартқа қол қою.

Қазіргі сәтте 94 ел ЭКСПО-2017 өздерінің қатысуын ресми растады, ал 56 ел өздерінің қатысуы туралы шартқа қол қойды.

Жайық өзеніне 25 мың бекіре балығы жіберілді

Дереккөз: www.24.kz

dbe7ffaaa7f0048ab275c716e8ed1bf4_L

Атырауда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жайық өзеніне 25 мың бекіре балығы жіберілді.

Бағалы балық Орал-Атырау балық зауытында өсіріледі. Бұл кәсіпорынға өндірістік кооперативтер де көмек береді. Олар ауға түскен бекіре балығын уылдырық шашуы үшін зауытқа тапсырады. Мамандардың айтуынша, ұсақ балықтың салмағы 4 грамм шамасында. Яғни табиғи жағдайға бейімделе алады. Олардың 3-4%-ы жетіліп кетсе, соның өзі үлкен жетістік, -дейді зауыт өкілдері. Бекіре балығы Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне түсуі тиіс.

Өтеген Есалиев, балықшы:

– Биыл 131 бас қызыл балық аулап тапсырдық. Бүгінгі күні 25 мың шабақ содан шыққан балықтар. Жіберген балығымыз аман-есен теңізге барып, өсіп-өніп қайтуына тілектеспіз. Қазақстан Республикасының 25 жылдығы құтты болсын. Аман болайық.

Жасыл экономика. Фотоэлектрлі модульдерді өндіретін зауыт

Дереккөз: www.24.kz

5d739c4d93fa5a7ec682a1a8b58027b3_L

Елімізде күн энергетикасы жылдан-жылға дамуда, себебі күн – таусылмайтын қуат көзі.

Атап өтейік, осы әлеуетті байқаған ел үкіметі 4 жыл бұрын фотоэлектрлі модульдерді шығаратын зауытты іске қосты. Басты мақсат – қолдағы шикізатты пайдалану арқылы отандық өндірісті жолға қойып, шетелдік өндірушілерге деген тәуелділіктен арылу. Бүгінгі шығарылымда сіздерді осы зауыттың жұмысымен таныстырамыз.

«Қазазот» зауыты кешенді жаңғыртудан өтуде

Дереккөз: www.24.kz

495fa67b77cd6a553e26a16a773521ce_L

Ақтауда «Қазазот» зауыты кешенді жаңғыртудан өтіп жатыр.

Жақында бұл жерде аммиакты кәдеге жарататын құрылғы орнатылып, газ-піспек электр стансасы салынады. Бұл аммиак пен азот минералды тыңайтқыштардың өндірісін жылына 400 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Қазазот – Қазақстандағы химия өндірісіндегі жетекші кәсіпорындарының бірі. Аммиак пен аммиак селитрасын өндіретін жалғыз зауыт. Осы жылдың бірінші тоқсанында мұнда өндірілетін азот минералды тыңайтқыштардың экспорты 35 мың тоннаны құрады. Ал жыл соңында бұл көрсеткіш екі есе өседі деп күтілуде.

Ерлан Құдашев, аммиак өндірісі бойынша цех басшысы:

– Бұл цехта дәл қазір 120 адамдай жұмыс істейді. 4 ауысым бар. Әр ауысымда 10-12 адамнан. Күнделікті 24 сағат бойы тоқтамай жұмыс жасайды.

10 жыл бұрын бұл жер құлдырап тұрған болатын. Жұмысшылар бірнеше ай жалақысын ала алмай әлек болды. Ал 2011 жылы кәсіпорын Индустриаландыру картасына еніп, екінші тынысы ашылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында зауытты қалпына келтіру үшін 9 млрд теңгеден астам ақша бөлінген болатын. Қазір өңірдегі ең ірі химия кешені «Шағырлы-Шөмішті» кен орнынан тасымалданатын табиғи газбен қамтылған. Бүгінде зауытта кешенді модернизация жүріп жатыр.

Кеңес Ұрақов, зауыт директоры:

– Алдымен 40 мегаваттық газ-піспек стансасын іске қосу жоспарда бар. Кейін танктен үрлеп тазартатын, газдан аммиак алатын құрылғы мен жазылу мұнарасын салуды көздеп отырмыз. Мұның бәрі өнім сапасын арттырып, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Енді жылына 350-380 мың тонна өнім аламыз.

Бұл мақсатқа 56 млрд теңге бағытталған. Оның 70 пайызын Қазақстанның даму банкі береді. Қарыз мерзімі 10 жыл. Айту кеткен жөн, жоба Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асады.

Авторлары: Ж.Біркенов, Т.Степанова, С.Бекбаев.

Италия мен Оңтүстік Корея «Expo-2017» көрмесіне қатысады

Дереккөз: www.24.kz

e8e884980bb25bdf2427b01dbf7f613b_L

Италия мен Оңтүстік Корея «Экспо-2017» көрмесіне қатысады.

Бүгін елордада қос мемлекет комиссарлары «жасыл» энергетика саласындағы тың жетістіктерін дүниежүзілік шарада таныстыру туралы құжатқа қол қойды. Бас-қосу барысында тараптар жаңартылған энергия көздері жайлы пікір алмасты. Ал Италия комиссары Стефано Раваньян «Экспо» көрмесін өткізген мемлекет ретінде оң тәжірибесін ортаға салды. Айта кеткен жөн, бұл ел қажетті энергияның 38 пайызын табиғи тәсілмен өндіреді. Ал Оңтүстік Кореяда бұл көрсеткіш сәл аз болғанымен қоқыстан да қуат алынып отыр. Оның үстіне бұған дейін екі бірдей Экспо көрмесін өткізді. Сөйтіп келер жылғы шараға 94 мемлекет ресми түрде қатысатынын растап, 56-сы келісім-шартқа қол қойды. Бұл тізім жыл аяғына дейін 100-ге жетуі тиіс.

Стефано Раваньян, Италияның ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі:

– Былтыр Италияда ЭКСПО көрмесі «Азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында өтті. Келер жылы Астанадағы ЭКСПО-да энергия мәселелері көтеріледі. Бұл екі тақырып бүгінде өзекті. Негізі осындай ұлық шараны ұйымдастыру көп еңбекті талап етеді. Сондықтан біз өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. 

Чо Енг Чон, Оңтүстік Кореяның ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі:

– Соңғы 40 жылда Оңтүстік Корея индустриаландыруды дамыту мәселесіне баса назар аударып отыр. Енді біздің үкімет басқа да салаларға ден қоюы керек деп санаймын. Бұл жаңа технологиялар, ғылым, баламалы энергия көздері, оның ішінде күн және жел энергиясы. Сол себепті біздің компаниялар Астанадағы ЭКСПО арқылы шетелдік әріптестеріне өзінің тәжірибесі мен жетістіктерін көрсетуге үмітті.

Секвойя ағаштары ғаламдық жылыну үдересін тежейді – ғалымдар

Дереккөз: www.24.kz

7a06906101514784938653bf05b89091_L

Әлемдегі ең ежелгі және ең үлкен ағаштар – секвойялардың көмегімен жер бетіндегі климатты толығымен өзгертуге болады.

АҚШ ғалымдары осындай жаңалық ашып отыр.

Калифорния штатындағы Сьерра-Невада таулы аймағында зерттеу жүргзіетін мына альпинистер адам баласы үшін маңызды миссия атқаруда. Олар әлемдегі секвойя ағаштары арқылы жер бетіндегі климатты түбегейлі өзгертуге болады деп сенеді. Бұл мақсатқа мамандар жас бұталарды пайдалануда. Игі шараға табиғатты қорғау жөніндегі жергілікті үкіметтік емес ұйым мұрындық болған. Бұл алып ағаштар жер бетінде 30 ғасыр бұрын пайда болған. Секвойя бойы мен ені қатар өсетін ерекше өсімдік. Олардың ұзындығы 110 метрден асып, ені 7 метрге жетеді. Салмағы да ірі – 2 мың тоннаға дейін басады. Ғалымдардың айтуынша, осындай үлкен қасиеттерге ие алып ағаштар ауа қабатында түзілген зиянды газдарды үлкен көлемде сіңіруге қабілетті. Мұндай артықшылық қазіргі ғаламдық жылыну кезінде ауадай қажет.

Джейкоб Миларк, Табиғатты қорғау үкіметтік емес ұйымының директоры:

– Бұл ағаштардың генінде айрықша қасиет бар деп білеміз. Әсіресе, бұл ерекшелік ғаламдық климат өзгеріп, адамзат дамуына айтарлықтай қауіп-қатер төндіре бастаған бүгінгі заманда көмегі зор болады деп есептейміз. Секвойялардың 3 мың жыл бойы жойылмай, қасқайып тұрғаны генінде айрықша қасиет барын көрсетеді.

Джим Кларк, альпинист:

– Біз мына бұтақтарды секвойяның 70 метр биіктігінен алдық. Осы материалды жинау үшін алып ағаштардың ұшар басына шығамыз. Мұны биологиялық ғажайып деп атауға болады. 3 мың жыл бұрын өсіп-өнген ағаштың бір уыс тіні дәл осындай талды өсіріп шығарады.

Кларк бұл бұтақтарды Мичиган штатындағы зертханаға өткізеді. Онда көшеттерді мамандар құнарлы заттармен байытылған арнайы контейнерге отырғызады. Әрі қарай олар күлгін түсті жарықтың аясында тиісті ылғал мен температурада өсіп-өнеді. Өкінішке орай, осындай ерекше жағдай қарастырылғанымен, көшеттердің көбі өркен жая алмай, өліп қалады. Мамандардың бұл іспен айналысып келе жатқанына 20 жылдың жүзі болған. Осы уақыт аралығында бұл ұйым 170 көшет өсіріп, олардан алынған 300 мың тұқымды әлемнің 7 елінің аумағына еккен. Бірақ саны азайып қалған алып ағаштардың ғаламдық жылынудың бетін қайтарып, ауа температурасын қайта салқындатуға шамасы жетеді дегенге күмәнмен қарайтын мамандар да бар.

Тод Доусон, биолог:

– Қазір жер бетіндегі ғаламдық жылыну үдерісі жылдам жүріп жатыр. Сондықтан осыған сай шешімдер тез қабылданып, қысқа мерзімде жүзеге асатындай болуы керек. Ал баяу өсетін өсімдік бұл міндеттің үдесінен әсте шыға алмайды.

Бұл тұрғыда Доусонның мәселені шешуге байланысты өз ұсыныстары бар. Ол ғаламдық жылынуды тежеу үшін жанармай ретінде пайдаланылатын шикізат отынын өндіруді шектеу керек деп есептейді. Сонымен бірге, биологтың пайымынша, жер бетінде зор аумақты алып жатқан тропикалық ормандарды сақтау анағұрлым ұтымды тәсіл болар еді. Ал секвойяның пайдасына сенетін топ АҚШ-тың батыс бөлігіне барып, алып ағаштың мың данасын егуді жоспарлап отыр.

Авторлары: Ернат Қашқынов, Әсет Толыбаев

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент