red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 20 мен 22 шілдесі аралығында Алматы қаласында «Экологиялық аудит» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 9 маман оқытылды, соның ішінде:

  • табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 6 адам;
  • мемлекеттік мекемелердің мамандары – 1 адам;
  • Жеке тұлғалар – 2 адам.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Асфальтбетон 1» ЖШС; «Шығыстүстімет» ЖШС; «Ecology Expert»; ЖШС; «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС; ҚР ҰЭМ ТҚҚК «М.Айқымбаев атындағы карантиндік және зоонозды жұқпалар Қазақ ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК, «Ақ-Көңіл фирмасы» ЖШС; «ҚР ЭМ МКЭРБ және МИК Алматы облысы бойынша экология департаменті» РМК.

Дәріс оқығандар:

Мирошниченко Александр Николаевич – табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы тәуелсіз сарапшы;

Мажренова Найля Рахимбековна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жылу физика және техникалық физика кафедрасының профессоры, Химия мамандығы бойынша профессор  профессор;

Кайдакова Наталья Николаевна – РФ м.ғ.д., Ресей Жаратылыстану Академиясының академигі, «КАПЭ» ЖШС бөлім меңгерушісі

Булатова Зарина Исмагуловна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО «ШЖҚ РМК МЭАҚМД БАҚД басшысы.

Семинар аяқталарда білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібеков пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директорының м.а.   А.А. Алдабергенов қол қойған куәліктер табыс етілді.

 

 

 

 

Ақтауда суретші балалар республикалық қауымдастыққа мүше болды (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Экологиялық жоба – «Каспий табиғатын бірге сақтайық!» байқауының ұйымдастырушылары балаларға ерекше сый дайындады. Биылғы байқау жеңімпаздары «Қазақстандағы биоалуандықты сақтау қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігіне мүшелікке қабылданды.

Экологиялық суреттер және плакаттар байқауы халықаралық Каспий күніне орай ұйымдастырылды, байқау қорытындысы Ақтау қаласындағы «Школьник» орталығының залында жарияланды.

Байқау Қазақстанның теңіз астанасындағы мектеп оқушылары арасында өтті, оны «Қолдау-Экология» арнайы мамандандырылған орталығы, «Қазақстандағы биоалуандықты сақтау қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, Ақтау қалалық Білім беру басқармасы және «Школьник» орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Дерек көзі: www.inform.kz

Жасыл экономика. EXPO-2017 көрмесіне келетін елдердің дайындығы қалай?

EXPO шетелдік өнертапқыштар үшін жаңа инновациялық технологиялардың таныстырылым алаңы болмақ. Ол баламалы қуат көздерінен бастап, заманауи «жасыл» технологиялардың соңғы үлгілерін тамашалауға мүмкіндік береді. 3 ай бойы павильондарын жабдықтауы тиіс көрмеге тартылған мемлекеттердің бүгінде дайындығы қалай? Олар көрмеге келушілерді немен таңқалдырмақ?

Дерек көзі:  www.24.kz

2025 жылға дейін Бурабай көлінің деңгейі көтеріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін Бурабай көлінің деңгейі көтеріледі. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.

Министрліктің атап өткеніндей, 2013-2014 жылдары «Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы көлдер көлемін (деңгейін) және су сапасын арттыру мәселесін шешу үшін ғылыми зерттеулер өткізу» ғылыми-техникалық жұмыстар атқарылды.
Кейіннен ірі масштабты далалық зерттеулер өткізіліп, алғаш рет көлдердің гидрология және гидрохимия туралы деректер алынды. Орындалған жұмыстың негізінде Щучинск-Бурабай курорттық аймағы (ЩБКА) бойынша зерттелген көлдердің әрқайсысы үшін су баланстары есептелді.  Барлық 10 көлдің гидрологиялық және гидрохимиялық деректер базасы жасалды, сонымен қатар аэроғарыштық және картографиялық көрсеткіштер негізінде геоақпараттық жүйелерді қолданудың арқасында Щучье-Бурабай су-экологиялық ахуалы электронды және биометрикалық карталары да қолданысқа енгізілді. Зерттеу барысында ЩБКА маңындағы климаттық жағдайлар, температураның ұзақ мерзімді динамикасы және өзгерісі, жауын-шашын мен басқа да метеорологиялық параметрлер талданды. Бурабай су деңгейінің (көлемі) метеорологиялық параметрлерге байланысты өзгеруін талдай отырып, оның 2030 жылға дейінгі ондағы өзгерістерге болжау жасалған. «2033 жылға дейін ауа райы температурасы мен жауын-шашынның ықпалын зерттеу барысында Бурабайдың жылдық балансы 2025 жылға дейін жоғарылайтыны анықталды, кейін оның деңгейі төмендейді», – делінген хабарламада.

Дерек көзі: www.inform.kz

Бурабай курорттық аумағы неміс теxнологиясы бойынша тазартылып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрлігі Щучинск-Бурабай курорттық аумағын неміс теxнологиясы бойынша тазарту жобасын жүзеге асыруда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында ҚР ЭМ баспасөз қызметі xабарлады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда «Щучинск-Бурабай» курорттық аумағы су қоймаларын (Щучье, Бурабай, Қарасу) тазарту және оңалту» жобасы іске асырылуда. Жобаның басты мақсаты – «Бурабай» мемлекеттік табиғи паркіндегі Бурабай, Қарасу және Щучье көлдерінің ұзақ мерзімді пайдалануға мүмкіндік беру үшін су қоймаларын тазарту.

Аталған жобада меxаникалық, биологиялық тазарту және оңалту (оның алда ластануына жол бермеу) жұмыстарын атқару көзделген. Бұл шаралар көлдердің ластануынан қорғап, флора мен фаунаның сақталуына жағдай жасайды», – делінген xабарламада.

«Щучье мен Бурабай көлдерін неміс теxнологиясымен меxаникалық тазарту бойынша тәжірибелік-экспериментальді жұмыстар атқарылды. Қарасу көлінде биыл мамыр айында тазарту және оны батпақтан арылту жұмыстары жалғасын тапты», деп жазады министрлік.

Айта кетейік, ҚР Президенті биыл шілде айында БАҚ өкілдеріне берген сұxбатында Бурабай демалыс орнында табиғаттың тазалығына үлкен мән берілетіндігін атап өткен болатын.

Дерек көзі: www.inform.kz

Ақтөбеде жылына 200 мың тонна тұрмыстық қалдық қоқыс полигонына шығарылады

Ақтөбеде студенттер мен жоғары сынып оқушылары қоғамдық жұмыстарға тартылуда. Қазірдің өзінде 500-ге жуық жас құжатын тапсырып, еңбек етіп жүр. Маусымдық жұмысқа қабылдау әлі де жүріп жатыр. Қаланы абаттандыруға атсалысқан студенттер мен оқушыларға 59 мың теңге жалақы төленеді. Қоғамдық жұмысшылар облыс орталығы және онымен іргелес ауыл-аймақтарды күл-қоқыстан тазартып, тал-дарақтарды баптаумен айналысады. Осыдан 3 ай бұрын қаланы абаттандыру шараларын ұдайы назарда ұстайтын арнайы штаб құрылған болатын. Жастар осы орталықпен бірлесе жұмыс атқарып, тұрғындардан түскен арыз-шағымдар бойынша қоқыс жиналып қалған жерлерге барады. Қаладан күніне 400-450 тонна, жылына 200 мың тонна тұрмыстық қалдық қоқыс полигонына шығарылады. Эльмира Ранова, студент: – Көптеген жерлерді тазаладық, осы үйде жиырмасынан бері жұмыс жасап жатырмыз, жиырмасынан бері тазалап, орындықтар қойдық, тұрғындар ризашылықтарын білдіріп жатыр. Өзіме бұл жұмыс ұнады, өзім бірнеше жылдан бері істеп келемін, ұнап жатыр.

Дерек көзі:  www.24.kz

Қазақстандық инженерлердің жас буыны құрылыс сапасы мен экологияға көбірек назар аударуда – профессор Икуо Тохата

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық инженер-құрылысшылардың жас буыны құрылыс сапасы мен экологияға көбірек назар аударып отыр. Бұндай пікірді бүгін елордада өтіп жатқан Инженер-геотехнитердің Азиялық жастар конференциясы аясында «ҚазАқпаратқа»  Токио университетінің профессоры Икуо Тохата айтты.

«Шынын айтсам, елдеріңізде бұл саладағы өзгерістерге таңданып отырмын. Он жыл бұрын осындаға құрылыста үлкен құлшыныс болған еді және құрылыс жұмыстары қарқынды жүрді. Ал қазіргі кезде адамдар құрылыс сапасы, қоршаған ортаны қорғау және басқа да мәселелерге көбірек алаңдап отыр. Бүгінгі конференцияда осы тақырыпта маңызды таныстырылымдар болды. Атап айтқанда, саладағы құлшыныс тәжірибеге айналып, инженерлердің жас ұрпағы құрылыстағы мәселелерге егжей-тегжейлі мән беруде. Жобалаудың және құрылыстың барша үдерісі  елеулі түрде жан-жақты өлшенген әрі ойластырылған болып отыр»,-деді ғалым.

Сонымен қатар ол Астананың бүгінгі сәулеттік көрінісі ұнайтындығын айта келе, жобалау мен ғимараттарды салу сапасын оң бағалады.

Айта кетейік, конференция мақсаты – барша Азия өңірінің жас инженер-геотехниктеріне интерактивті тұғырнаманы ұсыну, саладағы инновациялар бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ құрылыс, білім және ғылымда ынтымақтастықтың перспективалы жолдарын айқындау.

Конференция жұмысына 18 елден 100-ге жуық мамандар мен ғалымдар қатысып жатыр.

Дерек көзі: www.inform.kz

Жасыл экономика. Теңдесіз гидротехникалық нысан

Өткен ғасырда Орталық Қазақстан өңірлерінде орын алған су тапшылығы елімізде ең ірі әмбебап су шаруашылығы нысанының салынуына себепші болды. Солтүстік өзендерінің ағысын судан кенде болып отырған аймаққа бұруды көздейтін канал құрылысының жобасын академик Қаныш Сатпаев салды. Құрылысы 1962 жылы басталып, 1974 жылы аяқталды. Бүгінде ұзындығы 458 шақырымды алып жатқан Қаныш Сатпаев атындағы канал еліміздегі стратегиялық маңызы бар нысандардың бірі. Бұл Ақмола, Павлодар, Қарағанды облысында тұратын халықты, өнеркәсіп пен энергетика салаларын сумен қамтамасыз етуде маңызды роль атқаратын су торабы. Мұндай гидротехникалық нысанның әлем бойынша баламасы жоқ дейді мамандар.

Источник: www.24.kz

Қазақстан мен Беларусь ормандарды қорғау саласында ынтымақтасуға уағдаласты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Беларусь пен Қазақстанның орман шаруашылығы саласында ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Орман шаруашылығы министрі Михаил Амельянович бастаған белоруссиялық делегацияның Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевпен кездесуде осындай уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлады БЕЛТА  Беларусьтің СІМ-ге сілтеме жасап.

Ведомствода кездесуге Қазақстандағы Беларусь елшілігі, орман шаруашылығы ұйымдарының, білім және ғылым мекемелерінің өкілдері қатысқанын айтты.

“Тараптар орман шаруашылығы ұйымдары, салалық білім беру мекемелері мен ғылыми мекемелер арасындағы тікелей байланысты дамыту мәселесін көтерді. Олар екі ел арасындағы ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға септесу керек екенін айтты”, – деді баспасөз қызметінде.
Кездесуге қатысушылар орман шаруашылығын басқару және ормандарды пайдалану салаларының қазіргі жағдайы мен өзара ынтымақтастықты кеңейтудің негізгі шараларын атады. Келісілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін тараптар тиісті хаттамаға қол қойды.
4-5 тамызда белоруссиялық делегация Қазақстанның Зеренді кентінде өтетін ТДМ елдерінің орман өнеркәсіп кешені және орман шаруашылығы бойынша үкіметаралық кеңестің 16-шы отырысына қатысады деп жоспарланған.

Дерек көзі: www.inform.kz

Жасыл экономика. Ормандарды жандандыру мен экотуризмді дамыту

«Бурабай» ұлттық паркінің табиғатын сақтап қалу үшін бүгінде мамандар қандай шаралар атқарып жатыр? Мемлекет қорғауына алынған парктің жалпы аумағы 129 935 гектар. Оның ішінде орманмен қамтылған аумақ 79 гектардан асады. Орманды жандандыру бойынша жылдық жоспар 90 гектарды құрағанымен, бұл көрсеткіш артық орындалады. Биылдың өзінде 104 гектар жерге ағаш отырғызылды. Туристік жолдарды абаттандыру мақсатында Бурабай мен Шортанды көлдерінің жағасында веложолдар салынуда. Оның жалпы ұзындығы 26 шақырымды құрайды. Бұл ондағы демалушылар үшін өте қолайлы жол болмақ. Сондай-ақ мамандар парк аумағында құнары кеткен топырақты қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Келер жылдан бастап тамшылап суару әдісін егізу де жоспарда бар. Толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.

Дерек көзі:  www.24.kz 

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент