Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: www.24.kz
Бүгін Астанада «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне қатысушылардың үшінші жиналысы басталды.
Басқосуға дүние жүзінің 100-ден астам елінен келген делегаттар қатысып жатыр.
Айта кетейік, бүгінгі таңда 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым «Экспо-2017» көрмесіне қатысатынын растады. Қазір делегацияларға павильондардың кілттері табысталып жатыр. Кейбір мемлекет өкілдері дайындыққа қызу кірісіп те кетті. Ал Ұлттық компания осы павильондармен тығыз жұмыс жүргізетін пиар-менеджерлер пулын әзірледі. Бүгінгі кездесуде бұл тізім ресми түрде жарияланады.
Дереккөз: EXPO-2017 Астана
Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 көрме халықаралық қатысушылардың үшінші жиналысы өз жұмысын бастады. Бұл көрме алдындағы орталық және қорытынды шара болып отыр. Делегаттарға көрме жұмысының барлық бағыттары бойынша ақпарат беріліп, сондай-ақ, көрме уақытында аккредитация және басқару операцияларын жүргізу жұмыстары таныстырылды.
Жиналысты Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес ашты. Ол өз сөзінде ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастыру жұмыстары қарқынды өтіп жатқанын және көрменің жоғарғы деңгейде өтетініне сенім білдірді.
“Мен бұл көрмені ұйымдастырып жатқан барша азаматтарға өз ризашылығымды білдіремін. Олар көрмені ұйымдастыруға барлық жағынан үлкен жауапкершілікпен қараған. Біз қазір көрменің соңғы кезеңіндеміз. Біздің ортақ жұмысымыз үлкен жетістік әкеледі деген үміттемін”- деді Лоссерталес.
“Астана ЭКСПО- 2017″ ҰК” АҚ Бас Төрағасы Ахметжан Есімов өз сөзінде халықаралық қатысушыларға павильондарды тапсыру жұмысы жүріп жатқанын атап өтті. Көптеген мемлекет құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргізуге кірісіп кетті.
“Көрменің басталуына 108 күн қалды. Сондықтан, біз қалған қатысушыларды өз павильондарының жұмыстарын жандандыруға шақырамыз”- деді ұлттық компания басшысы.
Көрме қатысушыларына ыңғайлы болу үшін әр түрлі бағыттағы опеарциялық жұмыстар қаралған. Бірыңғай қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Онда визалық қолдау, салық, банктік, сақтандыру және басқа да мемлекеттік органдардың қызметтері жұмыс жасайды. “Аккредитация” ақпараттық жүйесі өз кезегінде, осы жұмыстардың өту уақытын үнемдеуде.
Ұлттық секцияның Комиссарлары мен олардың отбасына және павильон жұмыскерлеріне ЭКСПО аумағында 1374 пәтерден құралған қалашық тұрғызылды. Сондай-ақ, Қазақстан шетелдік қонақтарға қолайлы болу үшін 45 мемлекеттің визасыз режимін дайындады.
Ахметжан Есімов қазіргі әлемдік талаптар көрме қатысушылары мен қонақтарына арналған қатаң қауіпсіздік шараларын өткізуді талап ететінін делегаттардың назарына ұсынды.
“Біз Милан мен Шанхай көрмелері, Сочи мен Рио-де Жанейро қалаларында өткен Олимпиада ойындары ұйымдастыру жұмысының тәжірибесін қарастырдық. Осы тәжірибеден біз барлық қауіпсіздік шараларының жұмыстарын еске алдық. Бұл көрмеге қатысушылардың барлығына максималды түрде қауіпсіздік шаралары қолданылады деген сөз”- деп атап өтті “Астана ЭКСПО- 2017” ұлттық компаниясының Бас Төрағасы Ахметжан Есімов.
Сондай-ақ, көрме кезінде болашақ энергиясы саласында ең үздік жобаға “Космос” сыйлығы 20 мың еуро ақшалай сыйлық табыс етеді. Сыйлық Халықаралық көрме бюросы және жапондық EXPO’90 фондына негізделіп, жобаның дамуына бастау болады. Көрмеге Халықаралық көрме бюросына кіретін 160 мемлекеттен тұрғындар мен ұйымдар шақырылды. Байқаудың қорытындысы көрме соңында белгілі болады.
Халықаралық қатысушылардың жиналысы ертең өз жұмысын жалғастырады.
Бүгінгі күні 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады. Осы орайда, ЭКСПО көрмелерінің тарихында ЭКСПО-2017 қатысушы мемлекеттер саны бойынша ең үздік деп танылды.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ресми интернет ресурс
16 ақпан күні сағат 16:30-да Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысының онлайн-трансляциясы өтті.
Дереккөз:«Астана ЭКСПО-2017»
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан-дырылған көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма басшысы Ахметжан Есімов АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері бойынша көмекшісі Ульям Тоддпен кездесті.
Басқосу барысында екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелерін талқылады. Ахметжан Есімов америкалық қонақтарды халықаралық көрмеге дайындық деңгейімен танысырып өтті. Ұлттық компания басшысы 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатындығын ресми растағандығын атап өтті. Павильондарды халықаралық қатысушыларға тапсыру бойынша белсенді жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. Айталық, халықаралық қатысушылардың 18-і өз павильондарын мазмұндық толтыру жұмыстарына кірісіп кетті.
Сонымен қатар, АҚШ делегациясы ЭКСПО-2017 құрлысы алаңы мен ұйымдастырушылар кеңсесінде болды.
«Бүгін біз көрменің құрылыс алаңындағы жұмысымен таныстық. Ұйымдастырушылардың ауқымды еңбегінің куәсі болдық. Халықаралық қауымдастықтың көрмеге деген үлкен қызығушылығы байқалады. Сондықтан дүние жүзіндегі технологиялық лидер ретінде ЭКСПО-2017 көрмесінде абыройлы қатысуы үшін барлық күш-жігерімізді салатын боламыз», – деді Тодд Ульям.
Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.
Дереккөз: www.24.kz
Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің 25 жылда жеткен жетістіктерін түйіндеді. Өткенге шолу жасап, болашақтың бағдарын нақтылады. Экономиканың түрлі саласында қордаланып қалған мәселелерді көтерді. «Жасыл» экономикаға қандай тапсырмалар жүктелді?
Семинарда 7 маман оқытылды, соның ішінде:
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: ҚР БҒМ «Атырау мұнай және газ институты» ШЖҚ РМК; «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ; «Шұбаркөл көмір» АҚ; «Хорасан-U» ЖШС; «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі; «PRO ECO» халықаралық энергия тиімділігі, ресурсты үнемдеу және экотехнологиялар орталығы» қоғамдық бірлестігі.
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Журынова Сауле Конысхановна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД директоры;
Маденова Айгуль Есеркегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдульманов Нургазы Сеильбекович – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы маманы.
Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.24.kz
Ескі көліктерді қабылдау бағдарламасының жүзеге асқанына біраз уақыт өтті. Алайда ел ішінде темір тұлпарларын осы жолмен өткізіп жатқандар аз дейді мамандар. Себеп неде? Жалпы ескі көлікті қалай және қайда өткіземіз?
Дереккөз: akorda.kz
Мемлекет басшысына энергетика саласын дамытудың басты көрсеткіштері және осы сектордағы жобаларды одан әрі жаңғырту жоспарлары туралы баяндалды.
Кездесу барысында Елбасы энергетикалық шикізат өндіру және қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру қажеттігіне назар аударды.
– Қашағанда мұнай өндіру жұмыстары басталды. Теңіз кен орнының аясын кеңейту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Қарашығанаққа қатысты мәселе шешімін тапты. Осыған байланысты мұнай өндіру және оны қайта өңдеу көлемін арттыру қажет. Бұл үшін біз мұнай өңдейтін үш зауытты қайта жаңғыртып жатырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті газ өндіру, елді газдандыру жұмыстарын жүргізудің, Балқаш жылу электр стансасының құрылысына қатысты мәселелерді шешудің, сондай-ақ энергетика саласындағы нысандарды жекешелендірудің маңыздылығын атап өтті.
Энергетика министрі энергия ресурстарын өндіру жөніндегі жоспардың жекелеген көрсеткіштер бойынша артығымен орындалғаны, сондай-ақ 2016 жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты артқаны туралы хабарлады.
– Мұнайды өндіру жоспары 75,5 миллион тонна болса, өндірілген мұнайдың нақты көлемі 78 миллион тоннаға жетті. Қашағандағы мұнай өндірісі есебінен жоспардың артығымен орындалғаны байқалады, онда былтыр 1 миллион тоннаға жуық мұнай алынды. Мұнай экспортын 62 миллион тоннаға дейін арттырдық, оның 40 миллион тоннасы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданды. Мемлекет қолдауының арқасында алғаш рет 325 мың тонна битум қайта өңделді. Сұйық газ өндірісінің көлемі 136 тоннаға артты, – деді Қ.Бозымбаев.
Сонымен бірге Энергетика министрі Мемлекет басшысына өндірушілер мен трейдерлер арасындағы келісім нәтижесінде автожүргізушілер қажеттілігі үшін жеткізілетін сұйық газ көлемін арттыру, электр энергиясын экспорттау жағдайы, геологиялық барлау жұмыстарын күшейту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ тұтыну нарығындағы күрделі конъюнктураға байланысты уран өндіру көлемін азайту преспективалары туралы баяндады.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Дереккөз: EXPO-2017 Астана
Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдасты-рушылар кеңсесіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов бастаған министрлік басшылығы келді.
Көрме павильондарын қарап шыққаннан кейін, Сыртқы істер министрлігінің делегациясы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті.
Басқосу барысында ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларымен жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңесті.
«Көрмені ұйымдастыру мен өткізу бағытындағы жұмыс қарқыны, шын мәнінде, ерекше әсер қалдырды. Көрменің әлем назарын аудартатын, жоғары деңгейде өткізілетін айтулы іс-шара болатындығына сенімдімін», – деді СІМ басшысы.
Өз кезегінде, Ахметжан Есімов ұлттық компания тарапынан өткен жылы атқарылған жүмыстармен таныстырып, барлығы 150 ресми кездесулердің, оның ішінде шетелдің премьер-министр, вице-премьер, министр деңгейіндегі 36 шетелдік делегацияның қатысуымен өткізілгендігін айтып өтті. Бүгінгі таңда, 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын растады. Демек, ЭКСПО-2017 көрме өткізу тарихындағы сәтті көрмелердің біріне айналып отыр.