red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

Дереккөз: www.24.kz

ca253841f3d696edd480df824f08041c_l

Универсиада ойындарының соңғы күндері Алматы облысында күн ашық болады.

Түнде аяз білінгенімен, күндіз жылы. Дегенмен, синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғуы ықтимал. Шығыс, орталық және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмағанымен, ауа температурасы күрт төмендейді. Түнгі уақытта 33 градусқа дейін суытады.

Айдана Абыхан, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

– Ертең елордамыз Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнгі ауа температурасы – 17-19, күндіз 9-11-ді құрайды. Ал 8 ақпанда таңертең және күндіз қар жауады. Бұрқасын болады. Және желдің күші 15-20 м/с дейін болуы ықтимал. Түнгі ауа температурасы – 20-22, күндіз 13-15-ті құрайды. 9 ақпанда көшпелі бұлтты. Кей уақыттарда қар жауады. Түнгі ауа температурасы және күндізгі ауа температурасы 13-15-ті құрайды.

ЕХРО-2017: бүгінге дейін 608 мыңға жуық билет сатылған

Дереккөз: www.24.kz

ЕХРО-ға билет бағасы отандастарымызбен қатар шетелдіктерге де бiрдей болады.

Халықаралық көрмеге кіру құны 4 мың теңгеден 8 мың теңге аралығында бекітілген. Бүгінге дейін 608 мыңға жуық билет сатылған. Сатып алушылардың 12%-ы – шетелдіктер. Астана мен Алматы қалаларында ЕХРО билеттерін сататын 4 арнайы касса жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, билеттер ресми сайт пен еліміздегі «Қазпочтаның» филиалдары және «Меломан» дүкендер желісінде сатылады. Ал, наурыз айынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде көрме билеттерін сататын кассалар ашылады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандар ЕХРО-ға тегін кіре алады. Сонымен қатар студенттер мен оқушылар, көпбалалы отбасыларға 50%-дық жеңілдік жасалады.

Ақсұлу Арзықұлова, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК департамент директорының орынбасары:

– 1 ақпаннан бастап билет сатуда өзінің датасын өзгерту функциясын іске қостық. Ол ең алдымен билеттің құны 4 мыңнан басталатын болса, яғни сіз белгіленген күні – 10 маусым мен 10 қыркүйек күні нақты бір датаны белгілеп, таңдап алатын болсаңыз, ол билеттер жұмыс күндері 4 мың теңгеден, ал демалыс күндері 6 мың теңгеден. Ал егер сіз ашық датамен билет сатып алатын болсаңыз, жұмыс күндері 6 мың, ал демалыс күндері 8 мың ол билеттің құны. 

Оңтүстікте дауылды ескерту жарияланды

Дереккөз: www.24.kz

Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында 3 және 4 ақпан күндері қар қалың түсіп, көктайғақ болады.

Сондай-ақ желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетуі ықтимал. Еліміздің өзге де өңірлерінде күн құбылмалы болады.

Саида Бердібекова, «Қазгидромет» инженер-синоптигі:

Ертең Астанада көшпелі бұлтты болады. Күндіз қар жауып, Оңтүстік батыстан жел соғады. Желдің күші 9-14 м/с болады. Ауа температурасы -14,-16 градус аяз. Күндіз 7, -9 болады. Ал 3 ақпан күні қар жауып, бұрқасын болады. Желдің күші – 15-20 м/с. Түнде -18, -20 градус, күндіз -16, -18 градус.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне Малайзия Премьер-министрі келеді

Дереккөз: www.24.kz

«ЭКСПО-2017» көрмесіне Малайзия Премьер-министрі Набжиб Тун Разак келеді.

Бұл туралы Малайзия ұлттық секциясының комиссары Доктор Зайни Бин Уджанг мәлімдеді. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәртебелі мейманмен халықаралық көрменің дайындық барысын пысықтап, техникалық мәселелерді талқылады. Доктор Зайни Бин Уджанг осындай деңгейдегі халықаралық шараға қатысуға мүмкіндік алғаны үшін алғыс білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Ахметжан Есімов «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы барысында малайзиялықтарға барынша қолдау білдіретіндігін айтып, Малайзия ұлттық павильонының табысталуы жөнінде құжаттарға қол қойды. Бүгінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым растаған.

Катар ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойды

Дереккөз: EXPO-2017 Астана

Астана қ., 25 қаңтар 2017 ж.          

ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Катар мемлекетінің ұлттық секциясының Комиссары Ахмед Али Аль-Тамимимен кездесті. Басқосу барысында көрмеге қатысу келісімшартына қол қойылды.

Ахметжан Есімов өз сөзінде, ұлттық компания, көрменің мемлекеттік қатысушыларына павильондарын тапсыру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Бүгінгі таңда халықаралық қатысушыларға 13 павильон тапсырылды. Олардың қатарында БАӘ мен Иордания сынды мемлекеттер павильондарының ішкі дизайнын әрлеу жұмыстарына кірісіп кетті.

Қазақстан Республикасындағы Катар мемлекетінің өкілетті елшісі әрі көрме Комиссары өз павильондарын көріп, атқарылған жұмыс сапасына ришалығын білдірді.

«Біз соңғы кездері жоғарғы деңгейлі көптеген іс-шараларға қатысуға тырысамыз. Тіпті, 2012 жылғы Йосуда өткен ЭКСПО-да өз экспозицияларымыз үшін қол жүлдегер атандық. Сондықтан көрме қонақтарын мейлінше таң қалдырамыз деген үміттеміз. Катар павильон үздіктердің қатарында болары анық. Ал, Катар мемлекетінің ұлттық күні өткізілгенде елімізден жоғары лауызымды тұлғалар келетін болады» – деді Ахмед Али Аль-Тамими.

Айта кету керек, Миланда өткізілген ЭКСПО-2015 көрмесінде катарлық павильонға 2 миллионнан астам адам келген. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Катарлық павильонның ауданы 457 шаршы метр, әрі ол БАӘ, Франция, Румыния және Словакиямен көршілес болады.

Басқосу нәтижесінде ЭКСПО-2017 көрмесіне Катар мемлекетінің қатысу келісімшартына қол қойылды. Дәл осы күні Әзірбайжан мен Австрия мемлекеттеріне павильондары тапсырылды.

Қазіргі күні 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым Астанадағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын ресми растады, оның 5-і араб мемлекеттері.

16325514_1282760361804458_1637876538_o

Жасыл экономика. Баламалы қуат көздеріне салынған инвестиция

Дереккөз: www.24.kz

Қоғам мен энергетикалық нарық ойыншылары «жасыл» энергетиканы дамыту қажеттігі жайлы жиі айтып жүр. Ал дамыған елдер болса экономиканы «жасылдандыру» мақсатында салаға қомақты қаражат салып жатыр. Дегенмен баламалы қуат көздеріне деген басымдық тек соңғы 5 жылда ғана беріліп келеді дейді мамандар. Қазіргі таңда елімізде Ресей, Қытай, Иран, Түркия, АҚШ, Ұлыбритания және тағы басқа мемлекеттердің қатысуымен құрылған компаниялар жұмыс істейді. Бүгінгі бағдарама сол инвесторлардың «жасыл» технологияларға деген қызығушылығы жайында болмақ.

Астана ЭКСПО-2017» ҰК қазақстандық PR-мамандардың пулын жасақтауды жалғастыруда

Дереккөз: EXPO-2017 Астана

Астана қ., 24 қаңтар 2017 ж.

Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің халықаралық қатысушылары өз павильондарындағы экспозицияларын таныстырып, келушілер қатарын арттыруға бағытталған ақпараттық ілгерілету жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті мамандарды тартуға мүдделі.

Осыған байланысты, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті көрмеге қатысушы мемлекеттермен бірлесе отырып, қазақстандық PR-мамандардың пулын дайындауда.

Бұл тізім Көрменің халықаралық қатысушыларының үшінші жиынында ұсынылады.

Ұйымдастырушылар тарапынан көрмеге қатысушыларға ұсынылатын арнайы тізімде болу үшін, түйіндеме мен портфолионы мына мекен-жайға PR@expo2017astana.com 2017 жылдың 20 ақпанына дейін жіберуге болады.

Жасыл экономика. Тозығы жеткен көліктерді жою бағдарламасы

Дереккөз: www.24.kz

«Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» операторы елімізде тозығы жеткен көліктерді кәдеге жарату бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырды. Осы уақыт аралығында 5665 ескі көлік тапсырылған. Тозығы жеткен көліктерді тапсыру бойынша Шымкент қаласы алда тұр. «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» операторы 2017 жылға қандай жоспар жасап отыр?

Астанада жыл соңына дейін ботаникалық бақ ашылады

Дереккөз: www.24.kz

4b1e72555b836280747b3a1afcc952c3_l

Құрылысы 2016 жылы басталған ботаникалық бақ 2017 жылдың соңына дейін аяқталады.

Ботаникалық бақта ғылыми әзірлемелер жүргізіліп, танымдық, оқу-ағартушылық, көңіл көтеру, экологиялық және табиғат қорғау шаралары өткізіледі.

Бұл жерде тағамдық, техникалық, дәрілік, декоративтік өсімдіктердің экспозициялары құрылатын болады, бұл ағаштар, бұталар, лианалар, шөпті өсімдіктер, мүк, қына.

Елорда тұрғындары мен қонақтары Ботаникалық баққа жыл бойы келе алады. Нысан 100 га ауданда Қабанбай батыр даңғылы, Түркістан көшесі, № 24 және № 26 көшелердің шекараларында орналасатын болады. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлайды.

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент