red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстанның облыстық орталықтарында ЭКСПО- 2017 ресми билет кассалары ашылады

Дереккөз: EXPO-2017 Астана

Сәрсенбі, 2017 жылдың 8 наурызында, сағат 12.00-де Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Көкшетау қалаларында ЭКСПО- 2017 ресми билет  кассалары  ашылады.

Павлодар қ. – «Batyr mall» ОСО

Өскемен қ. – «Император» СК

Қарағанды қ. – ЦУМ СҮ

Көкшетау қ. – ОСО РИО

Жексенбі, 2017 жылдың 12 наурызында, сағат 12.00-де Петропавловск, Талдықорған, Тараз, Шымкент пен Қызылорда қалаларында ЭКСПО- 2017 ресми билет  кассалары  ашылады.

Петропавловск қ. – «Рахмет» СО

Талдықорған қ. – «Сити Плюс» ОСО

Тараз қ. – «Смолл» СҮ

Шымкент қ. – «Shymkent plaza» ОСО

Қызылорда  қ. –  «Жибек Жолы» СҮ

Сенбі, 2017 жылдың 25 наурызында, сағат 12.00-де Қостанай, Ақтөбе, Орал, Ақтау мен Атырау қалаларындаЭКСПО- 2017 ресми билет  кассалары өз жұмысын бастайды.

Қостанай қ. – «Март» ОСО

Ақтөбе қ. -«Мега Актобе» ОСО

Орал қ. – «Сити Центр» ОСО

Ақтау қ. – «Актау» ОСО

Атырау қ. – «Baizaar» ОСО

Қазіргі уақытта ЭКСПО-2017 ресми билет кассалары Астана мен Алматы қалаларында ашық. Сондай-ақ, билеттерді ресми билет сайтынан https://tickets.expo2017astana.com/ және Меломан дүкендер желісі мен Казпошта бөлімдерінен сатып алуға болады.

Парламент конституциялық реформаны қабылдады

Дереккөз: www.24.kz

4afe2d98bd543de521d854c34d08adfa_l

Парламент қоғамда қызу талқыланған конституциялық реформаның жобасын қабылдады.

Қос палата депутаттары заңды бүге-шегесіне дейін қарастырып, 19 бапқа 26 түзету енгізді.

Конституциялық реформа жобасы Мәжіліске өткен жұма күні түсті. Арнайы құрылған бірлескен комиссия демалыс күндері де тыным тапқан жоқ. Сөйтіп жолданған 26 ұсынысты екі күн ішінде саралап, қажет деп тапқан 10 түрлі өзгерісті енгізді. Соның бірі – Ішкі істер министрін тағайындап, оны қызметтен босатуды Президенттің құзыретінде қалдыру.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Осы ұсыныспен келістік. Себебі, Ішкі істер министрі қоғамның ішінде, мемлекеттің ішінде қоғамдық қауіпсіздік үшін тікелей жауап береді. Әрбір жеке азаматтың жеке басының қауіпсіздігіне жауап береді. Сонымен қатар, Елбасы – ҚР Президенті өзінің жоғары лауазымымен қатар ҚР әскери Бас қолбасшысы болады. Осындай лауазымы бар. Ал, Ішкі істер министрлігінің құрамында ұлттық гвардия бар. Бұл – тікелей әскери мекеме. Осы себепті біз қолдадық.

Сонымен, Елбасы Қорғаныс пен Сыртқы істер және Ішкі істер министрлерін бекітеді. Өзге лауазым иелерін тағайындау кезінде Премьер-Министр Президент қарауына үміткерлердің тізімін ұсынады. «Келісіп пішкен тон келте болмайды». Сондықтан алдымен Парламентпен кеңесіп алады. Ал, Астана және Алматы қалалары мен облыс әкімдерін бұрынғыша Мемлекет басшысы тағайындап, қызметтен босатады. Егер Үкімет мүшелеріне депутаттардың көңілі толмаса, жұмыстан қуылады.

Анар Жайылғанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бұдан былай біз Парламент палатасының депутаттарының 3/1 бөлігімен Үкіметтің мүшесін шақыра аламыз. Кез келген маңызды мәселе бойынша. Егер де есеп беру кезінде сол Үкімет мүшесі қандай да бір заңды бұзған болса, палата депутаттарының 3/2-сі дауыс берумен олар Президенттің алдында мәселе қойылады. Сол Үкіметтің мүшесін босату туралы. Ондай жағдайда Президент өтіншіті қанағаттандырады.

Ата заң – ең қымбат қазына. Адам құқы мен мен бостандығына кепіл берсе, осы құндылықтарды қорғайтын Адам құқықтары жөніндегі арнайы уәкіл бар. Мұндай жоғары лауазым иесі Елбасының Жарлығымен тағайындалып келген. Енді уәкілді 5 жыл мерзімге бекіту немесе босату Парламенттің құзырына беріліп отыр. Сондай-ақ, Президент лауазымына тағайындалатын азаматтың жоғары білімді болуы Конституциямен айқындалды.

Асқар Бейсенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– 91-баптың 3-тармағына Елбасының тарихи рөлі жазылады. Ол – Елбасының атқарған еңбегі, ҚР даму жөніндегі үлкен жұмыстары әрқашан да талқыланбай сақталады деген сөз.

Ал, ел ішінде лаң салып, қоғам мен мемлекеттің жұмысына зиянын келтіргендер азаматтығынан айырылады. Бірақ ол үшін соттың арнайы шешімі қажет. Осындай бірқатар жаңашылдықты қамтитын заң жобасы бірінші кезекте Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін арттыруға бағытталып отыр.

Икрам Адырбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Парламент пен Үкіметтің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жауапкершілігін күшейтіп отырмыз. Сонымен қатар ел Президентінің сыртқы қауіпсіздікті нығайтудағы қызметіне барынша толық мүмкіндік жасап отырмыз.

1 ай бойы бүкілхалықтық талқылауға шығарылып, Парламент қос палатасының сүзгісінен өткен заң жобасын депутаттар бірауыздан мақұлдады. Іле-шала құжат Елбасының қарауына жолданды. Ал, Президент Конституцияда белгіленген құндылықтарға заңнаманың сәйкестігін қарастыру үшін Конституциялық кеңеске өтініш білдірді.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Ержан Қанапияұлы, Аят Дүйсенбаев

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылдың 22-24 ақпан аралығында Астана қаласында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 8 маман оқытылды, соның ішінде:

  • табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 3 адам;
  • ҮЕҰ өкілдері және басқалар – 5 адам.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «IOSC Central Asia» ЖШС; «Key Partners Group» ЖШС; «Жоғары технологиялар институты» ЖШС «Қазақстанның ядролық университеті» филиалы; «Л.Н. Гумилев атынндағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК; «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті» ЖМЖКББМ; «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Макенова Ризагуль Сериковна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Маденова Айгуль Есеркегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы маманы;

Асербаева Гаухар Ризабековна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы маманы.

Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.

Синоптиктер наурызда ауа райы қандай болатынын айтты

Дереккөз: Tengrinews

photo_209227

Синоптиктер 2017 жылдың наурыз айына арналған консультациялық ауа райы болжамын бөлісті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Осы ай ішінде орташа ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары, тек Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы және тау бөктері аудандарында ауа температурасы норма шамасында болады деп күтіледі.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының көп бөлігінде нормаға жуық болса, республиканың қалған аумағында нормадан жоғары болады деп болжанады.

Көктемнің алғашқы айы жеткілікті салқын ауа райынан басталады, бұл суық антициклонның енуінің салдарынан болады.

Елдің оңтүстігінде фронталды бөлінудің күшеюі кезінде жауын-шашын болып, ауа температурасы төмендеп, түнде 3-13 градусқа дейін аяз, күндіз 3-2 градусқа дейін аяз, кейбір жерлерде 3 градус нөлден жоғары болады.

Содан кейін белсенді циклонның батыстан шығысқа өтуі тұрақсыз ауа райын қалыптастырады: солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, республикамыздың қалған аумағында батыс желі соғып, көктайғақ тұман болады деп күтіледі. Наурыз айының 9-10 кезеңінде кезекті антициклонның әсерінен ауа райы тұрақтанады. Бірақ еліміздің солтүстігі, шығысы және орталығында температураның төмендеуі байқалып, түнде 10-20 градусқа дейін аяз, батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 3-13 градусқа дейін аяз болады.

Ұзақ мерзімді болжам бойынша айдың бірінші жартысында, екінші және үшінші онкүндікте Орталық Азия ауданынан келген жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасы солтүстік жартысында 5-13 градус жылы, оңтүстік жартысында 13-23 градус жылы болады деп күтілуде. Ал наурыз айының екінші және үшінші онкүндігінің жартысында суық ауа массаларының енуімен ауа райы жауын-шашынды, суық басым болады деп болжанады.

ЭКСПО-2017 көрме аясында «The Spirit of Tengri» этномузыка фестивалі өтеді

Дереккөз: EXPO-2017 Астана

Астана қаласы, 28 ақпан 2017 ж.

«The Spirit of Tengri» этномузыка тобының 3 бірегей кеші  ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени бағдарамасы аясында өтетін болады.

The Spirit of Tengri – әлем халқы мен салтын фольклорлық әуенде шырқайтын кроссмәдени музыкалық жоба.

Аталмыш іс-шара 2017 жылдың 14 шілдесі, 12 тамызы мен  2 қыркүйегінде өтеді.

7qhyb64tblomhb98f86zt5no8axc7d

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылдың 22-24 ақпан аралығында Астана қаласында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 8 маман оқытылды, соның ішінде:
• табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 3 адам;
• ҮЕҰ өкілдері және басқалар – 5 адам.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«IOSC Central Asia» ЖШС; «Key Partners Group» ЖШС; «Жоғары технологиялар институты» ЖШС «Қазақстанның ядролық университеті» филиалы; «Л.Н. Гумилев атынндағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК; «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті» ЖМЖКББМ; «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ.
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Макенова Ризагуль Сериковна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Маденова Айгуль Есеркегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы маманы.
Асербаева Гаухар Ризабековна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы маманы.
Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.

Елімізде өткен жылы өндірілген табиғи газдың көлемі рекордтық межеге жетті

Дереккөз: www.24.kz

Игерілген жалпы өнім көлемі 46,6 миллиард текше метр.

Ал құны 176 миллиард теңгеге жуықтайды. 21 миллиард текше метр табиғи отын шетел нарығына шығарылған. Қазақстан газының негізгі бөлігі Ресей еліне экспортталады. Өндірілген көгілдір отынның 34%-ы көршілес Атырау облысына тиесілі. Ал қалған 40%-ы Батыс Қазақстан облысының үлесінде. Қарашығанақ кенішіндегі газдың бастапқы қоры 1,35 триллион текше метрге тең. Алынған шикізат Орынбордағы газды қайта өңдеу зауытына жіберіледі.

Қансұлу Өтепқалиева, БҚО ЭТКШ басқармасының бөлім басшысы:

– Батыс Қазақстан облысында газ өндірумен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» және «Жайықмұнай» секілді екі ірі кәсіпорын айналысады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 19 миллиард текше метрден асып жығылды. Бұл республика бойынша жалпы көлемнің 41%-ы, яғни біз бірінші орындамыз. 2015 жылмен салыстырғандағы өсім көлемі 7-8%дай.

Ақылды қала. Жол-көлік оқиғасына қатысты істі жеңілдететін қосымша

Дереккөз: www.24.kz

Отандық өнертапқыштар «электронды хаттама» бағдарламасын ойлап тапты. Бұл жол апаты болған жайдайда тәртіп сақшыларының жұмысын біршама жеңілдететін мобильді қосымша. Ол уақытты үнемдеп, ең бастысы қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік береді. Бағдарлама жайлы толығырақ осы шығарылымда таныстырамыз.

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент