Дереккөз: www.24.kz
Оралда Жаңару күні мерекесінде жүздеген тал-терек отырғызылды.
Бұл іске билік өкілдері мен белсенді жастар бірдей атсалысып, шаһардың бірнеше ықшамауданында 300-дей терек егілді.
Қарағай мен шырша және қайың ағашының көшеттерін сатып алуға жергілікті бюджеттен 2 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Ал егілген көшеттерді күтіп ұстау – тұрғындардың міндеті. Сарапшылардың пікірінше, Орал ең жасыл әрі таза қалалардың санатында. «Біз оны мақтан тұтамыз әрі өзіміз де бұл іске өз үлесімізді қоса береміз», – дейді белсенді жастар.
Әлфия Жақсығалиева, М.Өтемісов атындағы БҚМУ тәрбие бөлімінің жетекшісі:
– Тек қана көшет егу емес, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын көрсететін ардагерлер қауымы, қазіргі таңдағы еңбек демалысындағылар ұрпаққа өзінің тәрбиесін беру арқылы бірге жастармен осындай үлкен акцияны ұйымдастырып жатыр. Бұл акция жалғасын таба бермек.
Дереккөз: www.24.kz
Тамақ өндірісін экологиялық таза ету жасыл экономикаға көшу жолындағы маңызды қадам. Тұтынушыларға табиғи сапалы өнімді жеткізу үшін «Қазақстанда жасалған» брендін әлемге танымал ету қажет. Бұл бағытта біраз жұмыстар да атқарылып жатыр. Соның бірі жоғарғы оқу орындарының магистранттарына жасалған мүмкіндік. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жанынан Тәжірибелік азық-түлік зертханасы ашылды. Онда заманауи технологиямен жасалған экологиялық таза отандық жартылай фабрикаттар дайындалады.
Дереккөз: www.24.kz
Финляндия Астанада өтетін ЕХРО көрмесіне ерекше дайындалып жатыр.
Өйткені бұл ел инновациялық жетістіктер бойынша әлемде үшінші тұр. Сондықтан «ақылды» технология бағытында көпшілікті таңдандыруға барын салмақ. Бұған қоса биыл Финляндияның Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толды.
Астана өтетін ЕХРО көрмесі финляндиялық өнертапқыштар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Өйткені, осы елдің 50-ден астам компаниясының «жасыл» технологиялары 400 шаршы метрлік павильонға орналасады.
Паула Лехтомяки, Финляндияның мемлекеттік хатшысы:
– Бұл шараның біз үшін маңызы зор. Өйткені, «жасыл» энергетика саласында үлкен жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Енді оны бүкіл әлемге паш етіп, тәжірибемізбен бөліссек дейміз.
Расымен де, Финляндияда жасыл технология бағытында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер көп. Мәселен, елдегі қоқыстың 90%-ы қайта өңделеді. Сонымен қатар, бензин орнына биоотын, ал көмір орнына биомасса қолданылады. Баламалы қуат көздерінен алынған энергия жалпы қажеттіліктің 38%-ын жабады. Жоспар бойынша бұндай көрсеткішке Еуроодақ елдері 2030 жылға қарай жетуі керек. Ал, Финляндия ол межені қазірден-ақ бағындырып тастады.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
– Финляндия елінің суды тазалау технологиясы ерекше. Біз оны өзіміздің мемлекетте қолдануға тырысамыз. Бұған қоса, энергетика, логистика, IT технология саласындағы озық жобалармен тәжірибе алмасу көзделіп отыр.
Аталған технологияларды көретін күн алыс емес. Экспо қарсаңында Астана-Хельсинки арасында әуе рейсін ашу жоспарланып отыр. Билет құны 350 еуро тұратын болады.
Авторлары: Аслан Қаженов, Наталья Воробьёва, Омирбек Изимов
Дереккөз: www.24.kz
Толағай теңізі тұрмақ, үлкен көлі жоқ ауа райы ыстық оңтүстіктің шаруалары бекіре өсіріп, одан мол пайда тауып отыр.
Бұрын мақтасымен мақтанатын диқандар осылайша балықты брендке айналдырмақ. Қазірдің өзінде бұлақта өскен бекіреден алтын түстес уылдырыққа дейін алып жатыр. Түлкібастық фермерлер қызыл балық пен форельді көбейтіп, болашақта экспорт әлеуетін арттырмақ.
Әдетте теңіздің ащы суында ғана кездесетін бекіре балығы енді таудың бұлағында да өздігінен өсіп, көбейіп жатыр. Қызыл балықтар осыдан тура 7 жыл бұрын уылдырық күйінде әкелініп, қолмен көбейтілген еді. Енді сол шабақтар уылдырық шаша бастапты. Бекіренің аналық бастары даладағы хауызда табиғи жолмен қыстап шыққан. Ашық аспан астындағы алты әуітте бұдан бөлек 30 мың форель өсіп жатыр. «Таудың өзен-көлдерінде ғана кездесетін балықтың бұл түрі де өте нәзік келеді. Сондықтан күтім керек», – дейді балықшылар.
Андрей Логиновский, балықшы:
– Балықтың екі түрі де ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан оларға барлық жағдай жасалған. Мысалы, форельге салқын су қажет болса, онда мұздатып жібереміз. Ал бекіреге жылы су қажет болса, онда су жылытылады. Жүйеде мұның барлығы қарастырылған. Қызыл балық күтіміне қарай өнім береді. Мысалы, 20 келі балықтан 2 келіге дейін уылдырық алуға болады.
Бекіре шабағының өсіп-жетілуі үшін кем дегенде екі жыл керек. Ал, уылдырықты 6 жылдан кейін барып береді екен. Өңірдегі ең ірі зауытта балық өсіру үшін қажетті қондырғылардың барлығы бар. Форель мен бекірені де өздері қолмен көбейтеді. Соның арқасында кәсіпорын қазір бекіреден қара және алтын түстес уылдырық алып жатыр. Осылайша теңізде ғана өсетін қызыл балықты жергілікті нарыққа шығаруда. Биылдан бастап сазан мен ақ амур және дөңмаңдай балығын асырамақшы.
Ерік Оспанов, компанияның бас директоры:
– Қазір 60 тонна бекіре балығы өмір сүріп жатыр. 80-90 тонна форель бар. Енді биылдан бастап 200-300 тонна карп балығының, сазан сияқты басқа да балық түрлерін шығарамыз нарыққа.
Фермерлер келушілерге қармақ беріп, балық та аулатады. Осылайша қосымша туристік жүйені де жетілдіруде. Дегенмен бұл салада шешілмей тұрған түйткілдер жетерлік. Балықтарға қажетті азық шетелден тасымалданады. Бағасы да қымбат. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін жем-шөп дайындайтын зауыт салу да жоспарланған. «Бұл өзіндік құнға әсер етеді», – дейді мамандар. Бағаның төмендеуі нарық көкжиегін де кеңейтпек.
Ерік Оспанов, компанияның бас директоры:
– Сұраныс өте көп болып жатыр. Басында көп адам түсінбеді. Басқаша қарады бұл балық қалай болар екен деп. Қазір үлгере алмай жатырмыз. Әсіресе форель балығына. Оны өсірудің өзі қымбат. Жем қымбат. Бағасы да арзан емес. Соның өзінде өте көп сатылып жатыр. Біз Алматы, Астана, Қарағандыға жіберудеміз. Енді Ресей сұраныс білдіріп жатыр.
Кәсіпорын жылыжай әдісі арқылы хауыздардың бетіне құлпынай да өсіреді. Осылайша бірнеше шаруашылықты қатар алып жүрген мамандар семинарға жиналған шаруаларға балық өсірудің қыр-сырын толық көрсетіп берді. Қажетті қондырғыларға дейін өздері шығаратын зауыт басшылығы балықпен айналысамын деушілерге қол ұшын созуға дайын екендіктерін жеткізді. Облыс аумағында өткізіліп жатқан көшпелі семинардан көкейге түйгеніміз, әр ауданның ерекшелігіне қарай кооперация құрылса, бұл ауыл шаруашылығының жүйелі дамуына сеп болмақ.
Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Ерболат Әбішов, Нұрмахан Бекмұратов
Дереккөз: www.24.kz
Қазіргі уақытта өсімдіктерді, көкөністер мен жеміс-жидектерді топырақсыз өсіруге болады. Барлық нәр оларға су арқылы беріледі. Оны ғылыми тілде гидропоника деп атайды. Алайда өсімдікпен қатар балық шаруашылығын жүргізуге мүмкіндік беретін тағы бір сала бар. Ол – аквапоника. Биологиялық ортаны қажет етпейтін екі әдіс экологиядан бөлек, фермерлерге де тиімді болып отыр. Толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.
Дереккөз: www.24.kz
Прагада Чехияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы жөнінде кеңейтілген баспасөз конференциясы өтті.
Аталған іс-шараға Чехияның өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Владимир Бэртл, Қазақстанның Елшісі Сержан Әбдікәрімов, ЧР ЭКСПО комиссары Ян Крс және Астанада Чех павильонын салатын «АРТЕО» компаниясының директоры Богумил Бохняк қатысты.
В.Бэртл өз сөзінде Қазақстанның астанасында өтетін алдағы шараға қатысудың маңызының өте зор екенін және «жасыл» технологиялардың нәтижелерінін ұдеулі енгізуіне, сондай-ақ қоршаған орта мен жаһандық климатты тиімді түрде қорғауына, келешек ұрпақтар мен адамдардың өмір сапасын арттыру мен ресурссақтағыш және жаңғыртылмалы энергетиканың дамуы аясындағы халықаралық қатынастардың өрістетуіне мүмкіндің туғызатынын атап өтті.
С.Әбдікәрімов біздің мемлекетіміздің «ЭКСПО-2017» көрмесіне бесленді дайындық шаралары жайында, сонымен қатар чех азаматтары биылғы жылдың басынан бастап Казақстанға визалық талаптардан босатылуларына орай Чехияның кең іскерлік және әлеуметтік топтарын көрмеге, сондай-ақ Қазақстанның көрікті жерлерін көріп қайтуға шақырды.
Я.Крс пен Б.Бохняк чех павильонының инновациялық толтырылуының ағымдық үрдісі туралы және көптеген ұйымдастыру-техникалық шешімдерінің егжей-тегжегжейлері жайында слайдтарды көрсетіп журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Дереккөз: www.24.kz
EXPO халықаралық көрмесі «жасыл» экономиканы дамытудың басты қозғалтқышы болмақ. Оның басталуына 100 күндей ғана уақыт қалды. Қазіргі таңда қалашықтағы барлық құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Осыған орай Астанада EXPO көрмесіне қатысушы мемлекеттердің үшінші қорытынды жиналысы өтті. Қай елдің павильоны ең «жасыл» болмақ? Олар несімен таң қалдырады?
Дереккөз: EXPO-2017 Астана
ЭКСПО-2017 ұйымдастырушы кеңсесінде ҚР Ақпарат және коммуникация Министрі Дәурен Абаев және АҚ «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма Төрағасы мен орталық бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен жиналыс өткізді.
Ахметжан Есімов Елбасы 2015 жылдың 13 шілдесі берген тапсырмасын бұлжытпай орындаудың қажеттілігі көрменің сапалы өтуіне байланысты екендігін жеткізді.
Көрменің басты назары тарихи маңыздылыққа беріліп отыр. Сондай-ақ, мамандандырылған көрме кезінде Қазақстанның халықаралық дәрежесін нығайтуға көп септігін тигізеді.
Сонымен қатар, кездесу барысында тағы бір басты нысан талқыланды. БАҚ өкілдері ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты сауатты әрі кәсіби түрде жүргізіп, басылымдар мен редакциялық саясаттың бірегейлігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.
«Қазақстанның беделі бұл шараның қалай өтетініне байланысты екенін түсінеміз» – деп атап өтті Дәурен Абаев.
Кездесу қатысушыларының пікірінше, көрме дамуына байланысты кешенді бағдарлама дайындалып, ол қарапайым халыққа республикалық БАҚ өкілдерінің тұтыну қызығушылығы бойынша жұмыс жасайтын болады.
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: EXPO-2017 Астана
Астана қ. , 9 наурыз 2017 ж.
Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттары Палата төрағасы Нұрлан Нигматулинмен бірге «Астана ЭКСПО-2017» нысандарын қарап кетті. Парламент мүшелері сапар барысында Халықаралық мамандандырылған Көрме нысандарын: Қазақстанның ұлттық павильоны, Конгресс Орталығы, халықаралық павильон, энергия зерттеу Орталығын көріп шықты.
Көрменің ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына арналған кездесу барысында АҚ «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Мәжіліс депутаттарын көрме ұйымдастыру жұмыстары аяқталып қалғанын жеткізді. 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындарын мақұлдап, 109 мемлекетпен қатысу келісімшарты, 110 секция комиссарлары таңдалып, 82 ел ұлттық күнін таңдап қойды. Қазіргі уақытта қатысушы мемлекеттермен ұлттық павильондары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 8 наурыздан бастап барлық облыс орталықтарында ресми билет кассалары өз жұмыстарын бастайды.
Кездесу соңында Ахметжан Есімов және ұлттық компания Департамент басшылары қонақтардың арнайы билет бағдарламасы, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық көмек, сондай-ақ, халықаралық даму және т.б. сұрақтарына жауап берді.
Нұрлан Нигматулин көрменің жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуына депутаттық корпустың: халықаралық көрмелер Конвенциясы бекітіліп, «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру мен өткізу сұрақтарына арналған Заң қабылданғанын айтты.
«Барлық депутаттар атынан Көрме ұйымдастырушыларына алғысымда жеткізуге рұқсат етіңіздер. Біз үшін бұл көрменің жоғарғы деңгейде өтуі өте мағызды және мамандандырылған ЭКСПО-ның Астанада өтуі 2017 жылдың ең маңызды іс-шарасы болмақ»- деп атап өтті Мәжіліс спикері.