Бүгінде кәсіпорын экологы – тек есептілікпен айналысатын маман ғана емес.
Ол кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігіне, өндірістік процестердің тұрақтылығына және құқықтық әрі қаржылық тәуекелдерді азайтуға жауапты маңызды маман.
Экологиялық заңнамадағы өзгерістер, бақылаудың күшеюі, құжаттамаға қойылатын жаңа талаптар мен құқық қолдану практикасы мамандардан тек теориялық білімді ғана емес, заң талаптарын күнделікті жұмыста дұрыс қолдана білуді талап етеді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК экология, табиғат пайдалану және кәсіпорындарды экологиялық сүйемелдеу саласындағы мамандарға арналған кәсіби оқыту курстарын өткізеді.
Курстар практикалық бағытқа және нақты жұмыс міндеттеріне негізделген.
Қатысушылар экологиялық реттеу саласында сенімді жұмыс істеуге қажетті өзекті білім, практикалық құралдар және сарапшылардың ұсынымдарын алады.
Оқыту барысында келесі тақырыптар жан-жақты қарастырылады:
– Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіндегі өзекті өзгерістер;
– экологиялық рұқсаттарды алу және мемлекеттік экологиялық сараптамадан өту тәртібі;
– қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) рәсімі, оның кезеңдері, есептілігі және қоғамдық тыңдаулар;
– өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
– профилактикалық экологиялық бақылау және айыппұл санкциялары тәуекелдерін төмендету;
– құқық қолдану практикасы және кәсіпорындардың жиі жіберетін қателіктері;
– практикалық кейстер, нақты жағдайларды талдау және қатысушылар сұрақтарына жауаптар.
Курстарда эколог жұмысының практикалық бөлігіне ерекше назар аударылады: құжаттарды дайындау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, тексерулерден өту және заң талаптарын дұрыс қолдану.
Курс спикерлері – экологиялық реттеу саласындағы тәжірибелі мамандар, сарапшылар және экологиялық заңнамамен практикалық жұмыс тәжірибесі бар бейінді ұйымдардың өкілдері.
Оқыту келесі мамандар үшін пайдалы болады:
– кәсіпорын экологтары;
– қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласының мамандары;
– өндірістік және өнеркәсіптік ұйымдардың қызметкерлері;
– мемлекеттік және бақылаушы органдардың өкілдері;
– қызметі экологиялық заңнамамен байланысты барлық мамандар.
Өткізу форматтары:
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.
Тіркелу үшін профиль сипаттамасында көрсетілген сілтеме арқылы өтінім беру қажет.
Қосымша ақпарат:
📞 +7 (7172) 24-88-92
📱 +7 775 882 6145
✉️ seminar.iac@iacoos.kz
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастырған
«Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оны құқық қолдану практикасы» тақырыбындағы кезекті оқыту семинары Астана қаласында өз мәресіне жетті.
Бұл жолы семинар кәсіпорындардың экологиялық қызмет мамандарын, жоғары оқу орындарының өкілдерін, салалық қауымдастықтар мен тұрақты даму және табиғатты пайдалану саласында жұмыс істейтін ұйымдардың өкілдерін біріктіріп, жалпы 41 қатысушыны қамтыды.
Семинарға қатысқан ұйымдар қатарында:
— «Нархоз университеті» КеАҚ
— «Тұрақты даму үшін табиғат пайдаланушылардың қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ
— С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
— «Жамбылцемент» ЖШС
— «Ордабасы» ЖШС
— «Нәтиже» Сүт Фабрикасы» ЖШС
— Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
— Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
— «Галаз и Компания» ЖШС
және басқа да ұйымдар болды.
Семинар бағдарламасы экологиялық заңнаманы тәжірибеде қолдану мәселелеріне бағытталды. Қатысушылар экологиялық бақылау, экологиялық рұқсаттарды алу рәсімдері, қоршаған ортаға әсерді бағалау, өндірістік экологиялық бақылау және құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті өзгерістерді жан-жақты талқылады.
Сондай-ақ мамандардың күнделікті жұмыс барысында кездесетін нақты тәжірибелік мәселелерге ерекше назар аударылды: құжаттарды әзірлеу, уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау, экологиялық рәсімдерден өту және өндірістік қызмет барысында тәуекелдерді төмендету.
Семинар форматы дәстүрлі түрде тек теориямен шектелмей, ашық кәсіби пікір алмасу алаңына айналды. Қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі салаларда туындайтын нақты кейстерді талқылады.
Бүгінде экологиялық реттеу мамандардан тек заңнаманы білуді ғана емес, оны тәжірибеде тиімді қолдану тетіктерін терең түсінуді талап етеді. Осыған байланысты кәсіби тәжірибе алмасуға және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін алаңдардың маңызы артып келеді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға атаулы сертификаттар табысталды.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің
«Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК
төмендегі тақырыпта оқыту семинарын өткізеді: «Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оны құқықтық қолдану тәжірибесі».
Қазіргі таңда экологиялық реттеу тек талаптарды сақтаумен шектелмейді, сонымен қатар құқық қолдану тәжірибесін терең түсінуді және бақылаудың заманауи тетіктерін меңгеруді талап етеді. Осыған байланысты мамандардың кәсіби даярлығы кәсіпорындардың тұрақты әрі қауіпсіз қызметін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың біріне айналуда.
Семинар экологиялық заңнама саласындағы мамандардың құзыреттілігін арттыруға бағытталған және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі талаптарын практикада тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Бағдарлама аясында қатысушылар:
— Экологиялық кодекстің негізгі ережелерін және олардың практикалық қолданылуын талдайды
— экологиялық рұқсаттарды алу және мемлекеттік экологиялық сараптамадан өту тәртібін зерделейді
— қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) рәсімдері мен қоғамдық тыңдауларды жүйелі түрде түсінеді
— қалдықтарды басқару және экологиялық бақылау саласындағы өзекті мәселелерді қарастырады
— құқық қолдану тәжірибесімен және заңнамадағы соңғы өзгерістермен танысады
— эмиссияларды автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізу тетіктерін меңгереді
Семинар барысында кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар жиі кездесетін нақты жағдайлар мен типтік қателіктерге ерекше назар аударылады.
Лекторлар құрамына Экологиялық кодексті әзірлеушілер, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ жетекші тәуелсіз сарапшылар кіреді.
Өткізу күндері:
— 2026 жылғы 13–15 мамыр — онлайн (Zoom)
— 2026 жылғы 25–26 мамыр — офлайн, Астана қаласы
Оқу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің қолы қойылған ведомстволық үлгідегі атаулы куәлік беріледі.
📩 Қатысу үшін:
Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/gDtmSV3gRPStrt7y9
Email: seminar.iac@iacoos.kz
Тел.: +7 (7172) 24-96-18, +7 775 882 6145
2026 жылғы 27–29 сәуір аралығында Астана қаласында
«Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оны құқықтық қолдану практикасы» тақырыбында офлайн-семинар өтті.
Іс-шара қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталды.
Бағдарлама аясында Экологиялық кодекстің талаптары, экологиялық рәсімдерді жүргізу тәртібі, экологиялық бақылау жүйесі, сондай-ақ құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері қарастырылды.
Экологиялық құжаттаманы дұрыс жүргізу, белгіленген талаптарды сақтау және шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинарға өндірістік және білім беру саласының өкілдері қатысты, оның ішінде:
— «ALIM оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
— «Қаражыра» акционерлік қоғамы
— Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы
— «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы
Офлайн формат қатысушылардың сұрақтарын жан-жақты талқылауға, кәсіби тәжірибе алмасуға және экологиялық заңнама талаптарын іске асырудың практикалық аспектілерін қарастыруға мүмкіндік берді.
Осындай форматтағы семинарларды өткізу экологиялық реттеу саласында бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға және сала мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты РМК «ҚОҚАТО» ұйымдастыруымен
«Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оны құқықтық қолдану» тақырыбында мамандандырылған оқыту семинары өтті.
Аталған іс-шара «Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамының және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне арнайы ұйымдастырылды. Бұл оқу бағдарламасын энергетика саласының нақты міндеттері мен өзекті мәселелерін ескере отырып құруға мүмкіндік берді.
Семинарға компанияның негізгі өндірістік және бейінді бөлімшелерінің өкілдері қатысты, атап айтқанда:
• «АлЭС» АҚ Қоршаған ортаны қорғау басқармасы;
• №1, №2 және №3 жылу электр орталықтары;
• Қапшағай су электр станциясы;
• Су электр станцияларының каскады;
• «Энергоремонт» өндірістік-жөндеу кәсіпорны;
• Технологияларды даярлау және енгізу орталығы.
Семинардың мазмұндық бөлігі экологиялық заңнаманы қолданудың практикалық аспектілеріне бағытталды. Қатысушыларға экологиялық рұқсаттарды алу тәртібі, қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүргізу, өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін құқықтық қолданудың негізгі мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді.
Кәсіпорындар қызметінде жиі кездесетін типтік бұзушылықтар мен тәуекелдерді талдауға, сондай-ақ олардың алдын алу тетіктеріне ерекше назар аударылды. Оқытудың практикалық форматы қатысушыларға нақты кейстерді жан-жақты талдап, күнделікті қызметте қолдануға болатын сараптамалық ұсынымдар алуға мүмкіндік берді.
Осындай салалық іс-шараларды өткізу экологиялық заңнама талаптарын біріздендіріп түсінуге, мамандардың біліктілігін арттыруға және энергетика секторы кәсіпорындарының экологиялық жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.
2026 жылғы 24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің үшінші күні аясында экология саласында заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын қолдануға арналған тақырыптық панельдік сессия өтті.
Іс-шараны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастырып, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен өткізілді. Талқылауға халықаралық сарапшылар, оның ішінде Olena Bura мен Nicholas Smith қатысты.
![]() |
![]() |
Сессия модераторы, IDC вице-президенті Андрей Беклемишев диалог пен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгіледі. ҚОҚ АТО бас директоры Асхат Кожумов KazDevLab IT-компаниясымен бірлесіп экологияда ЖИ-аналитиканы енгізу тәжірибесін ұсынды. ҚР ЖИЦДМ өңірлердің цифрлық даму департаментінің директоры Назгуль Бажаева ЖИ негізіндегі G2C жобалары туралы мәлімдеді, ал Орталық Азия климаттық ақпараттық платформасының үйлестірушісі Азамат Кауазов Орталық Азия климаттық порталының мүмкіндіктерін таныстырды.
Сессия тәжірибе алмасу, салааралық өзара іс-қимылды дамыту және өңірде тұрақты күн тәртібін ілгерілету бағыттарын қалыптастыру үшін тиімді алаңға айналды.
«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК «Қазақтелеком» АҚ жүргізетін техникалық жұмыстарына байланысты +7(7172)-24-94-58 телефон нөмірі 2026 жылдың 23 сәуірінен бастап 2 жұмыс күні мерзіміне уақытша ажыратылатынын хабарлайды. Телефон соғу кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз!
2026 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында экологиялық саясат, тұрақты даму және экологиялық салаға заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне арналған RES 2026 өңірлік экологиялық саммиті өтеді.
Саммит жұмысына мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының және бизнес өкілдері қатысады. Бұл экологиялық басқарудың негізгі бағыттарын кешенді түрде талқылауға мүмкіндік береді.
Саммиттің іскерлік бағдарламасы аясында «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдамалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры А.С. Кожумов цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын қолдану тақырыбындағы панельдік сессияға қатысады.
Баяндамасында экологиялық басқару жүйесін цифрландыру, деректер негізінде басқаруға көшу, сондай-ақ заманауи цифрлық платформалар мен аналитикалық құралдарды енгізу мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар экологиялық мониторинг деректерін, автоматтандырылған эмиссияларды бақылау жүйелерін және табиғат пайдаланушылардың есептілігін біріктіретін бірыңғай экологиялық ақпарат жүйесін қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылады.
Жасанды интеллект технологияларының деректерді талдау тиімділігін арттыру, экологиялық тәуекелдерді уақтылы анықтау және басқарушылық шешімдерді қабылдауды қолдау құралы ретіндегі рөлі де қарастырылады.
Саммиттің өту барысы және негізгі баяндамалар бойынша толық ақпарат Орталықтың ресми Instagram парақшасында жарияланады. https://www.instagram.com/iacoos.kz?igsh=dWoxcThpajkzN2Fp&utm_source=qr
2026 жылғы 08–10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-сы «Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оның құқық қолдану практикасы» тақырыбында оқыту онлайн-семинарын ұйымдастырып, өткізді. 
Аталған семинар экологиялық реттеу саласында қызмет атқаратын мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық қолдану практикасын біріздендіру мақсатында өткізілді.
Семинарға кәсіпорындар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың, жоғары оқу орындарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен 20 маман қатысты.
Қатысушылар қатарында:
«KAZ Minerals Aktogay» ЖШС,
«Қазахдорстрой» ЖШС,
«Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті КЕАҚ,
«Республикалық экологиялық технологиялар орталығы» корпоративтік қоры,
«Jana Kezen» қоғамдық қоры,
«Каспий жылу су арнасы» МКК,
сондай-ақ өзге де ұйымдар бар.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін іске асыруға байланысты негізгі мәселелер қарастырылды, оның ішінде:
— экологиялық заңнаманың негізгі ережелері және жоспарланып отырған өзгерістер;
— экологиялық рұқсаттарды алу тәртібі және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;
— қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімдері;
— өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару мәселелері;
— мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру;
— құқық қолдану практикасы және әкімшілік рәсімдер;
— эмиссияларды автоматтандырылған мониторингтеу жүйелерін енгізу және олардың жұмыс істеуі. 
Семинарды өткізуге уәкілетті органның өкілдері, экологиялық заңнаманы әзірлеушілер, сондай-ақ экологиялық реттеу саласында тәжірибесі бар сарапшылар тартылды.
Іс-шара аясында қатысушылармен құқық қолдану мәселелері бойынша пікір алмасу ұйымдастырылып, табиғат пайдаланушылар қызметінде туындайтын практикалық жағдайлар қаралды.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға белгіленген үлгідегі атаулы куәліктер берілді.
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу экологиялық заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, құқық қолдану практикасын жетілдіруге және мемлекеттік органдар, бизнес және сарапшылық қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.
2026 жылғы 17–19 наурыз аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық экология департаменттерінің сынақ зертханалары қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру семинары өтті.
Аталған семинар қоршаған ортаны қорғау саласындағы зертханалық-аналитикалық бақылауды жүзеге асыратын мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар бағдарламасы атмосфералық ауаны, өнеркәсіптік шығарындыларды және автокөлік құралдарының пайдаланылған газдарын аспаптық өлшеу кезінде зертханалық жабдықтармен жұмыс істеудің практикалық негіздеріне арналды.
Оқыту барысында қатысушылар экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізудің негізгі аспектілерін жан-жақты қарастырды, оның ішінде сынамалар алу талаптары, сынама алу нүктелерін анықтау, сынақ жүргізу әдістері және алынған нәтижелерді өңдеу мәселелері қамтылды.
Практикалық бөлімге ерекше назар аударылды. Қатысушылар заманауи аспаптар мен жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгерді, атап айтқанда:
• атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың массалық концентрациясын анықтауға арналған газталдағыштармен жұмыс;
• ауа ортасының метеорологиялық параметрлерін өлшеуге арналған жабдықтарды пайдалану;
• газ ағындарының жылдамдығы мен көлемдік шығынын анықтауға арналған дифференциалды манометрлермен жұмыс;
• қатты бөлшектердің сынамаларын алуға арналған аспирациялық құрылғыларды қолдану.Сонымен қатар семинар аясында өнеркәсіптік шығарындыларды аспаптық өлшеу, автокөлік құралдарының пайдаланылған газдарының уыттылығы мен түтінділігін анықтау, сондай-ақ өлшеу нәтижелерін ресімдеу, оның ішінде сынама алу актілері мен сынақ хаттамаларын дайындау мәселелері қарастырылды.
Оқытуға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ метрологиялық және экологиялық бақылау саласындағы жетекші мамандар қатысты.
Өткізілген семинар қатысушыларға кәсіби деңгейін арттыруға, өлшеу жабдықтарымен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларын нығайтуға және экологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.