Без рубрики | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және құқық қолдану практикасы

 

Бүгінде кәсіпорын экологы – тек есептілікпен айналысатын маман ғана емес.
Ол кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігіне, өндірістік процестердің тұрақтылығына және құқықтық әрі қаржылық тәуекелдерді азайтуға жауапты маңызды маман.

Экологиялық заңнамадағы өзгерістер, бақылаудың күшеюі, құжаттамаға қойылатын жаңа талаптар мен құқық қолдану практикасы мамандардан тек теориялық білімді ғана емес, заң талаптарын күнделікті жұмыста дұрыс қолдана білуді талап етеді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК экология, табиғат пайдалану және кәсіпорындарды экологиялық сүйемелдеу саласындағы мамандарға арналған кәсіби оқыту курстарын өткізеді.

Курстар практикалық бағытқа және нақты жұмыс міндеттеріне негізделген.
Қатысушылар экологиялық реттеу саласында сенімді жұмыс істеуге қажетті өзекті білім, практикалық құралдар және сарапшылардың ұсынымдарын алады.

Оқыту барысында келесі тақырыптар жан-жақты қарастырылады:

– Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіндегі өзекті өзгерістер;
– экологиялық рұқсаттарды алу және мемлекеттік экологиялық сараптамадан өту тәртібі;
– қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) рәсімі, оның кезеңдері, есептілігі және қоғамдық тыңдаулар;
– өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
– профилактикалық экологиялық бақылау және айыппұл санкциялары тәуекелдерін төмендету;
– құқық қолдану практикасы және кәсіпорындардың жиі жіберетін қателіктері;
– практикалық кейстер, нақты жағдайларды талдау және қатысушылар сұрақтарына жауаптар.

Курстарда эколог жұмысының практикалық бөлігіне ерекше назар аударылады: құжаттарды дайындау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, тексерулерден өту және заң талаптарын дұрыс қолдану.

Курс спикерлері – экологиялық реттеу саласындағы тәжірибелі мамандар, сарапшылар және экологиялық заңнамамен практикалық жұмыс тәжірибесі бар бейінді ұйымдардың өкілдері.

Оқыту келесі мамандар үшін пайдалы болады:

– кәсіпорын экологтары;
– қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласының мамандары;
– өндірістік және өнеркәсіптік ұйымдардың қызметкерлері;
– мемлекеттік және бақылаушы органдардың өкілдері;
– қызметі экологиялық заңнамамен байланысты барлық мамандар.

Өткізу форматтары:

  • 2026 жылғы 25–26 мамыр – офлайн оқыту, Астана қаласы;
    2026 жылғы 10–12 маусым – Zoom платформасы арқылы онлайн оқыту;
    2026 жылғы 23–25 маусым – офлайн оқыту, Астана қаласы.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

Тіркелу үшін профиль сипаттамасында көрсетілген сілтеме арқылы өтінім беру қажет.

Қосымша ақпарат:
📞 +7 (7172) 24-88-92
📱 +7 775 882 6145
✉️ seminar.iac@iacoos.kz

 

Экологиялық бақылау және құқық қолдану мәселелері бойынша оқыту онлайн-семинарының өткізілуі туралы

 

     2026 жылғы 08–10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-сы «Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оның құқық қолдану практикасы» тақырыбында оқыту онлайн-семинарын ұйымдастырып, өткізді. 

     Аталған семинар экологиялық реттеу саласында қызмет атқаратын мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық қолдану практикасын біріздендіру мақсатында өткізілді.

     Семинарға кәсіпорындар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың, жоғары оқу орындарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен 20 маман қатысты.

     Қатысушылар қатарында:
  «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС,
  «Қазахдорстрой» ЖШС,
  «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ,
   І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті КЕАҚ,
  «Республикалық экологиялық технологиялар орталығы» корпоративтік қоры,
  «Jana Kezen» қоғамдық қоры,
  «Каспий жылу су арнасы» МКК,
сондай-ақ өзге де ұйымдар бар.

     Семинар барысында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін іске асыруға байланысты негізгі мәселелер қарастырылды, оның ішінде:
— экологиялық заңнаманың негізгі ережелері және жоспарланып отырған өзгерістер;
— экологиялық рұқсаттарды алу тәртібі және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;
— қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімдері;
— өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару мәселелері;
— мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру;
— құқық қолдану практикасы және әкімшілік рәсімдер;
— эмиссияларды автоматтандырылған мониторингтеу жүйелерін енгізу және олардың жұмыс істеуі. 

     Семинарды өткізуге уәкілетті органның өкілдері, экологиялық заңнаманы әзірлеушілер, сондай-ақ экологиялық реттеу саласында тәжірибесі бар сарапшылар тартылды.

     Іс-шара аясында қатысушылармен құқық қолдану мәселелері бойынша пікір алмасу ұйымдастырылып, табиғат пайдаланушылар қызметінде туындайтын практикалық жағдайлар қаралды.

     Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға белгіленген үлгідегі атаулы куәліктер берілді.

     Осындай оқыту іс-шараларын өткізу экологиялық заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, құқық қолдану практикасын жетілдіруге және мемлекеттік органдар, бизнес және сарапшылық қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Өскемен қаласында зертханалық-аналитикалық бақылау бойынша оқыту семинары өтті

2026 жылғы 17–19 наурыз аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық экология департаменттерінің сынақ зертханалары қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру семинары өтті.

Аталған семинар қоршаған ортаны қорғау саласындағы зертханалық-аналитикалық бақылауды жүзеге асыратын мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар бағдарламасы атмосфералық ауаны, өнеркәсіптік шығарындыларды және автокөлік құралдарының пайдаланылған газдарын аспаптық өлшеу кезінде зертханалық жабдықтармен жұмыс істеудің практикалық негіздеріне арналды.

Оқыту барысында қатысушылар экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізудің негізгі аспектілерін жан-жақты қарастырды, оның ішінде сынамалар алу талаптары, сынама алу нүктелерін анықтау, сынақ жүргізу әдістері және алынған нәтижелерді өңдеу мәселелері қамтылды.

Практикалық бөлімге ерекше назар аударылды. Қатысушылар заманауи аспаптар мен жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгерді, атап айтқанда:
• атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың массалық концентрациясын анықтауға арналған газталдағыштармен жұмыс;
• ауа ортасының метеорологиялық параметрлерін өлшеуге арналған жабдықтарды пайдалану;
• газ ағындарының жылдамдығы мен көлемдік шығынын анықтауға арналған дифференциалды манометрлермен жұмыс;
• қатты бөлшектердің сынамаларын алуға арналған аспирациялық құрылғыларды қолдану.Сонымен қатар семинар аясында өнеркәсіптік шығарындыларды аспаптық өлшеу, автокөлік құралдарының пайдаланылған газдарының уыттылығы мен түтінділігін анықтау, сондай-ақ өлшеу нәтижелерін ресімдеу, оның ішінде сынама алу актілері мен сынақ хаттамаларын дайындау мәселелері қарастырылды.

Оқытуға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ метрологиялық және экологиялық бақылау саласындағы жетекші мамандар қатысты.

Өткізілген семинар қатысушыларға кәсіби деңгейін арттыруға, өлшеу жабдықтарымен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларын нығайтуға және экологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Сұхбат өткізу кестесі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурстың сұхбат өткізу кестесі

Loader Loading...
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

Конкурстың өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс, 3 қабат, 351 кабинет.

Конкурс өтетін уақыты:  2026 жылғы 14 қаңтардан бастап 2026 жылғы 20 қаңтар аралығында. (Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі мен әңгімелесу өткізу кестесі Министрліктің сайтында қосымша жарияланады)

Кәсіпорынның атауы: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі-Кәсіпорын) мекен-жайы:010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 11/1.

Кәсіпорын қызметінің мәні: Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын және табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу.

Функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның даму және жұмыс, бюджеттеу жоспарын әзірлейді, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметінің мәселелерін шешеді. Кәсіпорынның міндеттемелері мен функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлер орындайтын есептердің, хаттардың, ақпараттардың уақытылы ұсынылуын және сапасын бақылайды. Қызметкерлердің жоспарларды орындауын ұйымдастырады. Ресурстарды ұтымды пайдалануды бақылауды жүзеге асырады. Жұмыстың жаңа және қазіргі заманғы әдістерін жетілдіру, жоспарлау және енгізу жөніндегі жұмысты талдайды және ұйымдастырады. Мемлекеттік билік және басқару органдары мен басқа да мүдделі ұйымдардың табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық-консультациялық қызметтері бойынша жұмысты ұйымдастырады. Кәсіпорын қызметінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді және бақылайды. Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрлігі алдындағы кәсіпорынның барлық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (химия,география  және/немесе экология). Мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Мүмкіндігінше «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қатысушыдан құжаттар: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс, 4 қабат, 435 кабинет те орналасқан Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Персоналды басқару департаментіне немесе мына электронды адрестерге: me.alipbaeva@ecogeo.gov.kz, r.daulet@ecogeo.gov.kz тапсырылуы тиіс, анықтама үшін телефоны: . 8(7172)74-12-19, 74-12967.

Құжаттарды қабылдау уақыты:  конкурс өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында және Министрліктің сайтында орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында және Министрліктің сайтында конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысушы үміткер Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында электронды түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу Қағидаларының 1 қосымшасына сәйкес тізілімнің веб-порталында рәсімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған электрондық нысанда:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • білімі туралы құжат;
  • зейнетақы аударымдары туралы құжаттар;
  • еңбек қызметі туралы құжаттарды «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан автоматты түрде тіркейді.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.

“Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама» (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» №075/е нысан бойынша анықтама  және еркін нысанда жазылған өмірбаян қосымша ұсынылады.

Loader Loading...
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab

Қазақстандағы RRP тұжырымдамасы қаншалықты тиімді

Дереккөз: www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ROP тұжырымдамасы жуырда ғана іске асырылды, бірақ қазірдің өзінде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату, сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсарту саласындағы тиімділігін көрсетеді. Жүйе қаншалықты тиімді жұмыс істейді және АЖ енгізілгеннен кейін не өзгерді, деп хабарлайды ІІМ «ҚазАқпарат» ақпаратында.

Алдымен сіз РОП не екенін және оның жұмысы қандай екенін анықтауыңыз керек. ROP – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген жауапкершілігі. Бұл қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегия бүкіл өнімнің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайтуға бағытталған, нәтижесінде келтірілген зиян үшін жауапкершілікті, әсіресе өнімді өндірушіге немесе импорттаушыға жинау, өңдеу және түпкілікті жою арқылы жауапкершілікті жүктеу арқылы.

Бүгінгі таңда әлемде 400-ге жуық жұмыс істейтін RS жүйелері бар, олардың көпшілігін арнайы құрылған уәкілетті ұйымдар операторлар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес негізгі бағыттардың бірі қалдықтарды басқару саласын жетілдіру, сондай-ақ орауыш қалдықтарды, электронды және электр жабдықтарын, көлік құралдарын, аккумуляторларды және басқа да тауарларды жинау және жою шығындарының бір бөлігін өтеу үшін RWP қағидатын енгізу болып табылады. қолданғаннан кейін.

Қазақстанда ROP принципі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарамды. Үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы «Оператор РОП» ЖШС болып анықталды.

Сарапшылардың пікірінше, ROP құрал ретінде қалдықтарды жинау және өңдеу көлемін ұлғайтуға ғана емес, сонымен бірге отандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, АЖ кезеңінде ішкі нарықта отандық автомобильдерді, аккумуляторларды, жанар-жағармай материалдарын өндіру және сату көлемі айтарлықтай өсті.

Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға қарай қалдықтарды өңдеу деңгейінің кемінде 40% -на қол жеткізу керек. РОП енгізілген кезде республикада өңдеу деңгейі бар болғаны 2,7% құрады. Іске асырылғаннан кейін бұл көрсеткіш 14% құрайды. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен шағын және орта бизнестің кең қатысуымен қатты қалдықтарды кәдеге жарату және кәдеге жарату бойынша шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта Қазақстанда қалдықтарды өңдеу саласында 171 ШОК жұмыс істейді.

Осыған байланысты, сонымен қатар ROP операторы не істейді деген сұрақ туындайды. Жалпы, RRP тәжірибесі мен моделі әлемнің дамыған елдерінде сәтті және тәжірибеде қолданылады. ЭЫДҰ елдерінде алғаш рет енгізілген RRP қағидаты бүкіл әлемде экологиялық мәселелерге ерекше назар аударылатын елдерде сәтті қолданылып келеді және бүкіл өмір бойы нарыққа шығарған өнім үшін жауапты өндірушілер мен импорттаушылардан тұрады.

2018 жылы ЭЫДҰ Қазақстанда РТР енгізу туралы зерттеу жүргізді, оның негізінде біздің еліміздегі RRP жүйесінің осы ұйымның негізгі ұсыныстарына сәйкестігі туралы қорытынды жасалды. Оператор энергия қалдықтарын басқаруды ұйымдастыру үшін инвесторларды іздеумен және тартуға қатысады. 6 облыста (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Қарағанды) қатты тұрмыстық қалдықтарды энергияны пайдалануды енгізу арқылы республикада қатты қалдықтарды қайта өңдеу деңгейіне 2025 жылға дейін 30% жету жоспарлануда.

Сонымен қатар, «ROP» операторы қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарға кең қолдау көрсетеді.

Қазақстанда қатты қалдықтарды бөлек жинау біртіндеп енгізілуде. 2018-2019 жылдары оператордың қаржылық қолдауымен 10 облыста және Нұр Сұлтан қаласында жеке жинауға арналған 12 196 контейнер орнатылды, 8 аймақтағы 147 қабылдау пункті, 28 дана арнайы автокөлік сатып алынды. Сондай-ақ 11 өңірде құрамында сынабы бар лампалар мен химиялық қуат көздеріне арналған 2321 контейнер орнатылды.

Бүгінде тұрмыстық қатты қалдықтардың жеке жинағын (ҚТҚ) Ақтөбе, Семей, Түркістан және Өскемен сияқты төрт қалада енгізу мәселесі пысықталуда.

Бұл саланың инвестициялық тартымдылығы қандай? РОП енгізілгенге дейін инвесторлар перспективаларды көрмеген және қоқыс шығару жүйесін жақсартуға қаражат салған жоқ. Осылайша, ӨТ операторына Қазақстан Республикасында қалдықтарды кәдеге жарату үшін инфрақұрылым құру міндеті, сондай-ақ осындай қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, өңдеуді, пайдалануды және жоюды ұйымдастыруға жауапкершілік жүктелген. Сонымен бірге, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерде де осындай шығындар қарастырылғанын атап өткен жөн, мысалы, Ресей Федерациясында және Беларусь Республикасында 2012 және 2014 жж. Сәйкес шығаруға ақы бар.

Көлік саласын көгалдандыру кенеттен шешімге келген жоқ – 2013 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы бекітті, оның негізгі бағыттары проблеманы шешуде.

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы синоптиктерге бұл туралы айтты

Дереккөз: https://www.inform.kz/

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 наурыз күні Қазақстан қалаларында ауа ластануының метеорологиялық жағдайы қандай болады, деп синоптиктер хабарлады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

2 наурызда Қызылорда және Шымкент қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі.

Синоптиктердің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан, Петропавл, Орал қалаларында ауа райы қолайлы болады. Ауа-райының қолайсыздығы (NMU) бұл атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ТМС пайда болуымен елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – бұл синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Табиғат қорғаушылар елорданы елең еткізген еліктің жарасын жазып, еркіндікке қоя бермек

Источник: www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғат қорғаушылар елорданы елең еткізген, мүйізінен жарақат алған еліктің жарасын жазып, еркіндікке жібермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін күндіз әлеуметтік желілер арқылы елордада шауып жүрген еліктің видеосы тарап кетті. Видеоматериалды көргеннен кейін біз елікті іздестіру жұмыстарына бірден кірісіп кеттік. Өзіммен бірге Ақмола облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі испекциясының мамандары Ұлы Дала, Мәңгілік ел, Тұран көшелерін аралап, Мега ОСО, Экспо, Назарбаев университеті жағын көріп қайттық. Арада бір жарым сағат өткенде елік жаңадан салынып жатқан тұрғын үйдің маңынан табылды», – деп жазады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.

Түз тағысы мүйізінен жарақат алған көрінеді. Елікті ұстап алғаннан кейін табиғат қорғаушылар оны ветеринарлық қызмет орталығына апарған.

«Ветеринарлар еліктің жарасын емдеп, уақытша өздерінде қалдырды. Мамандар белгілі бір мерзім ішінде елікті бақылайды. Жағдайы жақсарса қайтадан далаға қоя береді», – деп жазады ол.

Сәкен Ділдахмет елорданың маңында жабайы аңның мол екенін айтады. Түз тағысы ақтүтек бораннан адасып немесе азық іздеп қалаға кіріп кеткен болуы керек.

«Өткен жылы да осындай жағдай тіркелген. Осы жағдайға бей-жай қарамаған азаматтарға алғысымызды айтамыз.

Егер қандайда да бір жабайы аңды көріп қалсаңыз 8(7172) 749170 немесе 87755050155 нөміріне хабарласуыңызға болады», – дейді ол. Бұған дейін ҚазАқпарат ЭКСПО маңында елік шауып жүргенін хабарлаған болатын. Көп өтпей оны мамандар ұстап алған еді .

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілікті арттыру бойынша басқарма 2019 жылғы шілденің 17-нен 19-на дейінгі мерзім аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына семинар өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілікті  арттыру бойынша басқармасы 2019 жылдың 1719 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізуді жоспарлауда.   

Басқарма семинар қатысушыларын соңғы өзгертулер мен толықтырулар жасалған ҚР Экологиялық кодексі, электронды тасымалдауыштағы (2000-нан астам құжаттары бар CD-диск) қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» құқықтық базасы үлестірме материалдарымен қамтамасыз етеді.       

Семинар аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға ведомстволық үлгідегі куәліктер беріледі.    

Өтінімдер Басқарманың www.pkk.iacoos.gov.kz интернет-ресурсында қол жетімді тіркеу нысаны негізінде қабылданады. 

Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша 8 (7172) 95-48-13,   95-47-41 телефондары және pkkiac@mail.ru электронды мекенжайы арқылы Басқарма мамандарына хабарласуға болады. 

 

Атырау соты 4 браконьерге 252 млн теңге көлемінде айыппұл салды

Дереккөз: www.24.kz

3bb2a727d31ada670325d7ff00755273_l

Атыраулық заңсыз балық аулаушы топ мүшелері сазайын тартты.

Естеріңізде болса, былтыр қараша айында Каспий теңізінде ірі көлемде бекіре балығымен ұсталған браконьерлер туралы ақпарат берген болатынбыз. Теңіз жағалауына жақын Жанбай ауылының 4 тұрғыны 304 дана бекіремен қолға түскен еді. Аулауға мүлде тыйым салынған қызыл балықтардың жалпы салмағы 1 тонна 89 килограмды құрады. Табиғи байлықты түгесіп, жыл санап тұқымы сиреп бара жатқан су маржандарына осынша қаскөйлік жасаған төртеуге қатысты сот үкімі шықты. Дегенмен кінәсін толық мойындаған теңіз қарақшыларына сот түсіністікпен қараған секілді. Тәркіленген балықтар мен қайық, ау-құралдары мемлекет пайдасына шешілді. Енді төрт браконьердің әрқайсысы 63 млн теңгеден айыппұл төлеуі тиіс.

Мирас Ғабдолхаев, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

– Сот үкімімен оларға ҚР ҚК 336-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сот сотталушылардың кінәларын мойындап жасаған әрекеттеріне өкінетіндіктерін, сондай-ақ өзге де жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оларға өмір бойы балық аулау құқығынан айырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Және сот үкімімен олардан қоршаған ортаға келген 252 млн теңге көлеміндегі залалды өндіру туралы шешім қабылданды.

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент