Семинарда 17 маман оқытылды, соның ішінде:
Семинар қатысушылары ұсынылғандар:
«Варваринское» АҚ; «Қостанай минералдары» АҚ; «Алматы электр станциялары» АҚ; «Костанайский мелькомбинат» АҚ; «ЭПК-forfait» ЖШС; «ДК Кардинал» ЖШС; «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС; «Баян Сұлу» АҚ; «Тазалық-2012» ЖШС; «Қостанай жолдары» ЖШС; «Рудненский водоканал» ЖШС; «ШАРУА» ЖШС; «Алюминий Казахстана» АҚ Торғай Боксит руда басқару филиалы; Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «Таза Ұзынкөл» МКК.
Дәріс оқығандар:
Бекеев Адилетбек Толендиевич – ҚОҚ және табиғатты пайдалану саласындағы тәуелсіз сарапшы;
Брагин Александр Геннадьевич – ҚОҚ және табиғатты пайдалану саласындағы тәуелсіз сарапшы;
Булатова Зарина Исмагуловна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД ҚДБЖБ басшысы.
Семинар аяқталарда білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібеков пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаров қол қойған куәліктер табыс етілді
Семинарда 12 маман оқытылды, соның ішінде:
Семинар қатысушылары ұсынылғандар:
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС; «Куатамлонмунай БК» ЖШС; «Алюминий Казахстана» АҚ Торғай Боксит руда басқару филиалы; «Индустриальная зона Ордабасы» ЖШС; «Таукент-Энергосервис» ЖШС; «Атырау мұнайөңдеу зауыты» ЖШС; ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК «Алматы облысы бойынша экология департаменті» РММ; «PosadiDerevo.KZ» РҚБ; «Алматы Менеджмент Университет» ОҰ; «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК; «Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті» ШЖҚ РМК; «Адам Денсаулығы Институты» ҚБ.
Дәріс оқығандар:
Мирошниченко Александр Николаевич – Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы тәуелсіз сарапшы;
Досмакова Бизара Жакиевна — ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Токтасынова Тоты Клышбековна — ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Макажанова Аида Жанаталаповна – ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі жөніндегі департамент басқармасының басшысы;
Бигараев Болат Сапарович – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Абдульманов Нургазы Сеильбекович — ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры;
Ескендирова Гульсара Абдыкапаровна — ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД жетекші маманы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД жетекші маманы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич — ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД ИРБ басшысы.
Семинар аяқталарда білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ә.М. Мағауов пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаров қол қойған куәліктер табыс етілді.
АСТАНА. ҚазАқпарат – ЭКСПО-2017 көрмесі тақырыбын зерттеген қазақ ғалымы техника ғылымдарының докторы, профессор Сәкен Шерязевтің болашақтың қуатына сенімі зор. Бұл туралы бүгін «Егемен Қазақстан» газеті жазады.
Оның есімі Челябіде, тіпті, Челябі облысында кең танымал. Оның алдынан дәріс тыңдаған, білімге сусындаған жастар бүгінде белгілі кәсіпкер, электрші білікті маман, шаруашылық ұйымдастырушы, ғалым болып қалыптасқан. Ғалымның ұзақ жылдар бойы зерттеп жүрген жаңғырмалы энергетикалық ресурстар мәселесін де зиялы қауым, ғалым әріптестері жоғары бағалайды. Ол осындай биікке жетуі топырағы киелі атамекендегі ата-анасының, ұстаздарының арқасы екеніне бас июмен, шүкірлік етумен келеді.
Әкесі жастай қайтыс болды да, бес баланы анасы жалғыз өзі өсірді. Көкшетау облысының сол кездегі Володар ауданындағы шалғайда жатқан Құмтөккен ауылында бес баланың қарнын тойдыру үшін анасы Дариғаның істемеген жұмысы жоқ. Жарықтықтың бейнеттен беті қайтпайтын. Жалғызілікті әйелдің балаларын жұмсамағанда амалы қанша? Сәкені кішкентайынан іске шалымды болды, қозы бақты, өсе келе малға иелік етті. Құмтөккен ауылындағы 8 жылдық мектепті бітірген соң, Көкшетау совхоз-техникумы мемлекеттік тәжірибе стансасының «Ауыл шаруашылығын электрлендіру» бөліміне түсті. Техникумда оқу орыс тілінде жүреді, ауылдан келген Сәкен бір ауыз орысша білмейтін. Дегенмен, қазақы намыс ауыл баласының рухын түсірген жоқ.
«Электротехника негіздерінің теориясы» пәнінен сабақ беретін Александр Синовский деген оқытушы алғашқы сабақты тақтаға формула жазудан, түбір астына алып есеп шығарудан бастады. Бұл сабақтан формуламен есеп шығара алмасаң, болашақ электрші мамандығына оқып керегі жоқ. Мұғаліміміз бізге есепті шешуді тапсырды. Бүкіл аудиторияда формуланы мен ғана шештім. Математикадан мықты негізімді қалаған ауыл мектебіндегі ұстаздарыма осы күнге дейін алғысымды айтамын. Оқытушы мені орнымнан тұрғызып, алдыңғы орынға, өзіне жақын отырғызды, ылғи назарында болдым, дейді Сәкен Қойшыбайұлы. Бірде физика сабағында мұғалімнің қойған сұрағын дұрыс түсіне алмағандықтан, жауабын да жеткізіп айта алмады. Мұғалім «екі» қойды. Намыстан тұтанардай болып, қызарып кетті. Сабақтан кейін оқытушысы Людмила Бизельді кабинетіне іздеп барды. Орыс тілін нашар білетінін, оның сабағын дұрыс түсіне алмағанын айтты. Сонда апайы «Мен қазақша үйрене алмаймын, дұрысы сен орысша үйрен. Білім саған керек», деді. Расында, 70-жылдары техникалық оқу орындарында қазақ тілінде білім алу үшін оқулық, тіпті, ол туралы түсінік те болмайтын. Ол кітапханаға барды да 6-7 сыныптардан бастап, барлық орыс тілі оқулықтарын алып, қайта оқыды.
Өз жерімде жүріп, өз ана тілімде армансыз сөйлей алмай, білімді де ана тілімде ала алмай қысылдық қой. Орыс тілін үйреніп, сол тілде ғылыми жұмыстар жазсам да, мен осы кезге дейін қазақ тілінде ойланамын, оны орысшаға аударып жазып отырамын, дейді бүгінде Сәкең. Қызығы сол, бір ауыз орысша білмей келген жас бала техникумды 4 жылда үздік бітіріп шығады. Ұстаздары оны міндетті түрде өтетін 3 жылдық тәжірибе уақытынан босатып, Челябідегі ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтына түсуге жолдама береді. Ол кезде бұл институт Кеңес Одағы бойынша ауыл шаруашылығына кадрлар дайындайтын жоғары оқу орындары арасында Тимирязев академиясынан кейін екінші орында тұратын. Бүкіл Сібір, Урал, Қиыр Шығыс және Орталық Азия мен Қазақстан үшін мамандар даярлайтын. Сәкен Қойшыбайұлы дәстүрі мол білім ордасында да үздік оқыды, қызыл дипломмен бітірді. Ғылымға икемі бар Сәкен туған жерде еңбек етсем деген мақсатын кейінге шегеріп, аспирантураға түсу үшін Челябіге қайта аттанады. Аспирантураны тәмамдаған соң іле 1990 жылы «Ауыл шаруашылығы тұтынушыларын күн энергиясын пайдалану арқылы электрлендіру» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады. Бұл қазір бүкіл әлем ғалымдары арасында маңызды әңгіме арқауына айналған энергетика ресурстарын жаңғырту, күн және желден алатын қуатты пайдалану саласындағы алғашқы қарлығаш еңбектердің бірі болды. Ғалым Оңтүстік Урал ауыл шаруашылығы университетінде дәріс оқи жүріп, ғылыми жұмыстардан қол үзген жоқ. 2011 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.
– «Ауыл шаруашылығы тұтынушыларын энергетикалық қамтамасыз етуде дәстүрлі және жаңғырмалы энергоресурстарды ұтымды үйлестіру әдістемелері» деген тақырыптағы докторлық диссертациямда күн мен желден алатын энергия көздерінің тиімділігі, оны арзандату, мұнай мен көмірден алатын энергияға балама іздеу жұмыстарын тереңдете зерттедім. Бұл дүниежүзінде көкейкестілігі күшті мәселе. Адамзат тек мұнай мен көмірге ғана тәуелді болып қалуға тиіс емес. Табиғат тонала бермеуі керек. Сондықтан ғалымдардың алдында жаңа энергия көздерін іздеу, жаңа технологиялар жасау міндеті тұр. Қазақстанда 2017 жылы өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің мақсат-мүддесі де осыған саяды, арзан әрі тиімді энергия көздерін тіршілікке жаратуды жетілдіру екені белгілі. Болашақтың энергиясы үшін ізденіс, тек ізденіс керек, – дейді техника ғылымдарының докторы, профессор Сәкен Шерязев.
Ғылымда шекара болмайды, оның нәтижесі барлық адамзаттың пайдасына шешілуі тиіс. Сәкен Қойшыбайұлы жаңғырмалы энергияны дамыту мәселесін – болашақ қуатын, яғни ЭКСПО-2017 көрмесі тақырыбын сонау 90-жылдардан бастап зерттеп келеді.
Жаңғырмалы энергияны дамыту ауқымды аймақты алып жататын, соған қарамай тұтынушылары аса қуатты емес, жұмысы науқандық сипатта болатын ауыл шаруашылығы үшін өте тиімді болар еді. Қазір экономиканың осы саласына пайдаланатын электр энергиясы құнының 70 пайызы оны тасымалдауға кетеді. Сондықтан, мемлекет оған дотация төлеуге мәжбүр, дейді Сәкен Шерязев. Ғалымның айтуынша, өзгелер секілді Қазақстанның да энергетикалық қуаттар тиімділігі жөніндегі дұрыс саясаты ауыл шаруашылығын көтеруге мүмкіндік туғызады. Егер электр энергиясы арзанға түссе ауылшаруашылық өндірісі де бәсекеге қабілеттілік танытады, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сырттан келетін өнімдер азайып, елдің экспорттық әлеуеті арта түсері анық.
Профессор Сәкен Шерязев жаңғырмалы энергетика жайындағы теориялық білімін жүзеге асыруға, өндіріске енгізуге талпынып жүр. Ол соңғы жылдары зерттеу жұмыстарын А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғалымдарымен бірлесіп жүргізе бастады.
– Қазір өзім қызмет істейтін университетте 4 кандидаттық диссертацияға жетекшілік жасадым, 8 аспирантымды, көптеген магистранттарымды баулып жүрмін. Зерттеген жұмысымды, білімді жастарға үйрету керек деп есептеймін. Кандидаттық диссертацияларда да, аспиранттар, магистранттар жұмыстарында да өзім зерттеген тақырып одан әрі жалғастырылды. Менің жаңғырмалы энергияны пайдаланудағы ғылыми жаңалықтарымды ауыл шаруашылығы мен тұрмысқа енгізуде табыстарым да бар. Мысалы, Челябі облысында тұрғын үйлерді күннен алынған қуатпен жылытатын жүйе жұмыс істейді. Оны Қазақстанда да жасауға толық болады, – дейді Сәкен Қойшыбайұлы.
Оның жаңғырмалы энергияны, болашақ қуатын зерттейтін қазақстандық және ресейлік ғалымдар бірлесіп жұмыс істеу үшін ортақ ұйым құрсақ, күн мен желден алынатын энергия туралы үздік жұмыстарын атамекенде өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне әкелсем деген биік мақсаты бар. Ғалым ғылым мен болашаққа сенеді, күн мен желден алынған энергия өндіріске де, тұрмысқа да еркін енетін күннің алыс емес екеніне кепіл.

12 мамыр – Экологиялық білім күні. Бұл датаның басты мақсаты – экономиканың барлық саласында экологиялық білім маңыздылығын насихаттау. Алғаш рет 1972 жылы Стокгольмде өткен БҰҰ конференциясында қоршаған орта проблемалары күн тәртібіне шығарылды. 20 жылдан кейін оқу орындарына экология негіздерін енгізу мәселесі қозғалды.
Герман фашистерімен болған соғыстағы Жеңіс күні Қазақстан, бұрынғы кеңестік республикалары және Еуропаның көптеген елдері үшін маңызды және жарқын мерекелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жанынан құрылған «Жасыл әлем» АПҰ-да біздерге Жеңіс сыйлаған аға ұрпақтың жеңіске жету жолындағы ерліктері, қажыр қайраты және өмірге деген құштарлықтары үлгі болуда және оларға деген құрмет дәстүрі жалғасын табуда.
Биыл ұйым ҰОС тыл еңбеккерлерін құттықтау үшін қаражат жинау акциясын жүргізді.
2016 жылдың 7 мамырында Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК өкілдері Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлері Л.А.Кадыровтың және М.К.Кравченконың үйлерінде болды.
Кәсіпорын өкілдері тыл еңбеккерлерін құттықтап және денсаулық тілеп қана қоймай сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлерімен жиналған қаражатпен ұйымдастырылған азық-түліктер салынған себеттерді сыйлады.
Тыл еңбеккерлері делегация өкілдерін құттықтаулары үшін алғыстарын білдірді және өскелең ұрпаққа олардың замандастарының қандай қиындықтарды бастан өткергендерін ұмытпауды, адамзаттың мұндай жан түршігерлік қателіктерді қайталамауын және Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді мәңгі еске түсіріп құрметтеу қажет екендігі туралы өз ойларымен бөлісті.
Жеңіскерлердің жүздерінен болашақ ұрпақтың бейбіт және аман-есен өмір сүріп жатқандығына бақытты екендіктерін көруге болады!!! Олар өздерінің қолдарынан келген мүмкіндіктердің барлығын жасады!!!

Суретте «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК аппаратының басшысы Бозтаев Н.Ж. және Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккері Кравченко М.К.
Семинарда 10 маман оқытылды, соның ішінде:
Семинар қатысушылары ұсынылғандар:
«Н Оперейтинг Компани» ЖШС; ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК «Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ; ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК «Жамбыл облысы бойынша экология департаменті» РММ; «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ; «Ақтөбе Орхус орталығы» ҚҚ; Қазақ технология және бизнес университеті; Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті.
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна — ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Торебеков Талгат Исмаилович – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бастығы;
Токтасынова Тоты Клышбековна — ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Саттыкова Гулзада Амитовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД ҚДБЖБ басшысы;
Мельник Ольга Николаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД ҚОҚҰБ ДЭАТ басқармасының басшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД ЭАҚЖСҰҰ басқармасының басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД жетекші маманы.
Семинар аяқталарда білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ә.М. Мағауов пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаров қол қойған куәліктер табыс етілді.
2016 ж. 24-25 сәуірдегі Испания Сыртқы істер және ынтымақтастық министрінің міндетін атқарушы Х.М.Гарсия-Маргальоның Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республиаксы энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевпен екеіжақты кездесу барысында «Жасыл Көпір» серіктестік бағдарламасы Хартиясына қол қойылды.
«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы (бұдан әрі – ЖКӘБ) Қазақстан Республикасымен БҰҰ БА 66 сессиясында бастамашылық алды және тұрақты даму бойынша барлық мемлекеттердің аймақаралық бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Конференциясында барлық серіктестерге ашық және ерікті болып табылады.
Сонымен қатар «Рио+20» Бүкіләлемдік Саммитінде ЖКСБ Қазақстан бастамасы саммитінің қорытынды құжаты болып табылды және халықаралық қауымдастықпен қолдау тапты.
ЖКӘБ бойынша Хартия қатысушылары ретінде 15 ел (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Грузия, Германия, Монғолия, Беларусь, Черногория, Латвия Республикасы, Албания, Финляндия, Венгрия, Болгария, Швеция Испания) және 12 үкіметтік емес ұйымдар – «Фин су форумы» фин ассоциациясы, «G-Global» халықаралық хатшылық» ассоциациясы» ЗТБ, «жасыл экономиға және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ, «Жанатау» кеңсе-клубы, «GREEN BRIDGE & G-GLOBAL» қоғамдық фонды, «ҚазАльянс» ҚБ, «Германия Қазақстандық қоғам» (Германия), «ЮНИСОН» ҚФ (Қырғыз Республикасы), «Грин Пикъ» Ғылыми-өндірістік бірлестік» АҚБ, «Азаматтық бастамасын қолдау фонды» ОЭО (Таджикистан Республикасы), «Турциядағы Green PIK» (Турция), «MTU Rohiline sild» (Эстония Республикасы) болып табылады.
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін «Гүлдене бер, Туған ел!» жалпыұлттық жастар марафон-эстафетасы басталды. Белсенді жастардың 300 жуық өкілі «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары маусымының ашылуына қатысты, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Аптасына екі рет еріктілер қаланы тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді, ағаш отырғызып, жасыл көшеттерге күтім көрсетеді, сондай-ақ, соғыс ардагерлеріне тұрмыста көмектесетін болады.
Акцияға «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, «Жасыл ел» жасағының және студенттік құрылыс отрядтарының өкілдері, ЖОО, колледж студенттері, орта мектеп оқушылары тартылмақ.
– Біздің басты мақсатымыз әр патриотты қаланы абаттандыру жұмыстарына өз үлесін қосуға тарту. «Гүлдене бер, Туған ел!» акциясына жастар өз еркімен қатысады. Қазіргі жастар белсенді, бастаманы қуана қолдай кетеді, тазалықта тұрып, еңбек еткенді қалайды, – дейді «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Шахмардан Байманов.
Тұрақты түрде сенбіліктер өткізіледі. Жастар елорда көшелерін, аулалардағы ашық алаңдарды тазартып, ретке келтіреді, сондай-ақ, көгалдандырумен айналысады. Оның үстіне соғыс ардагерлері мен қарт адамдарға қол ұшын созады.
– Осындай акцияға алғаш рет қатысып отырмын. Мен мұны қала алдындағы борышым деп санаймын. Елорданы абаттандыруға үлес қосып, адамдарды қоқыс тастамауға, тазалықты сақтауға, ардагерлерге көмектесуге шақырамын, – дейді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті Аслан Асылбеков.
Қолайсыз ауа райына қарамастан акция басталып, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 11-ші маусымы ашылған соң жастар іске кірісті – парк аумағын жинап, көшеттер отырғызды.
Айта кетейік, ертең, 23 сәуірде қалада «Таза қала – бақытты қала» жалпықалалқ сенбілігі өтеді.