red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, отын-энергетикалық, транзит-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары екі елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын қарастырып, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар жайттар жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді Қытай коммунистік партиясының құрылғанына 95 жыл толуымен құттықтады. Партияның көшбасшылығымен Қытай халқы бүгінгідей биіктерге жетіп, елді әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына қосу міндетін алға қойып отырғанын атап өтті.

Си Цзиньпин тәуелсіздік жылдары Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен әлемдік саяси үдерістерге белсене қатысып, егеменді даму мен әлеуметтік-экономикалық реформалар жолында елеулі табыстарға жеткенін атап өтті. Сондай-ақ ҚХР төрағасы Қазақстанның Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.

Әңгімелесу барысында тараптар көлік және коммуникация саласындағы екіжақты ынтымақтастық әлеуетінің жоғары екеніне назар аударып, «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларының бір-бірін өзара толықтырып тұратынына тоқталып өтті. Сондай-ақ екі ел аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерін одан әрі нығайту және дамыту қажеттігі айтылды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын жаңа сапалы деңгейге көтеріп, оның көлемін ұлғайтуға ниетті екендіктерін білдірді. Екі мемлекеттің көшбасшылары агроөнеркәсіп саласындағы ұзақ мерзімге арналған серіктестікті одан әрі нығайту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Дерек көзі: www.vk.com

Алматылық оқушылар қаланы селден қорғауға арналған құрылғы ойлап тапты

№ 117 мектептің шәкірттері тың жобаларын жүзеге асыруға 3 жыл уақыттарын сарп еткен. Соңғы уақытта жауын-шашын шамадан тыс көп болып тұр. Табиғаттың бұл мінезі оқушыларды да толғандыруда.  Олар «Қар суы, жауын-шашын мен пайдаланылған суды тазалаудың жергілікті жүйесі» жобасын жасап шықты. Жылу өткізетін талшық енгізілген екі тік түтік тау беткейлеріндегі қарға орналастырылып, күн энергиясы арқылы жылытылады.  Дильнура Аюпова, 117 мектептің оқушысы -Екі түтіктің арасындағы кеңістікке қар түсісімен ол ери бастайды да арнайы құбырлар арқылы жасанды су қоймасына құяды. Бұл сумен жазда бассейндерді толтыруға, егінді суғаруға болады. Жиналған су көміртек пирамидасы арқылы тазартылған.  Оқушылардың жобасына сәйкес, автокөліктерді жуған суды үш түрлі сүзгінінің көмегімен майдан тазартуға болады. Манат Смақова, жобаның жетекшісі, химия-биология пәнінің мұғалімі -Балалар мұның барлығын ұсақ бөлшектерден құрастырды. Жобаны жасауға үш жыл уақыт кетті. Әр құрылғының бөлшектері мұқият зерттеліп, ғылыми негізде жасалды. Нөсер жауыннан көпір астында жиналған судан көліктер өшіп қалмас үшін шығармашылық топ арық жүйесін қайта жасауды ұсынады. «Өзендердің табиғи арнасын сақтай отырып, үйлердің шатырынан бастап жерасты жолдарына дейін су өткізетін құбырлар қою керек», – дейді талапты жастар. Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Галина Муленкова, Валентин Лобанов

Дерек көзі: www.khabar.kz

Алматыда алдағы үш күнде тағы да жауын жауып, су тасуы мүмкін

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды. Бұған дейін толассыз жауған жауын-шашын жергілікті жұртты әбден әбіргерге салған болатын. Жаңбыр суы арық арналарынан асып, метро бекеттері мен жерасты жолдарына жиналып қалды. Қазір коммуналдық қызметтер тұрмыстық қалдықтар мен топыраққа толған арықтарды тазалауға кірісті. Сонымен қатар су басқан көшелерді тазалау жұмыстары да тоқтаусыз жүріп жатыр. Жауын-шашыннан әсіресе Алатау ауданы едәуір зардап шекккен еді. Қазір сонда орналасқан жеке тұрғын үй секторларында селдің салдары жойыла бастады. Бағдат Мәнізоров, Алатау ауданының әкімі: – Алатау ауданында 156500 метр арықтар бар. Бүгінгі күні ең негізгі көшелердегі 25600 ге жуық арықтарды толық тазаладық. Қазіргі күні төтенше жағдайлар болса қай жерде қауіп бар екені біз білеміз. Мынау АЗТМ де бар, Шаңырақта бар онда да жұмыс жасап жатырмыз. Мамандардың болжамы бойынша алдағы күндері еліміздің оңтүстік аймақтарында нөсер құйып, бұршақ аралас жауын жауады. Соған байланысты төтенше жағдайлар қызметі бұл күндері таулы мекендер мен өзен-көлдерге бармауға кеңес береді. Сандуғаш Бекмұхаметова, қалалық ТЖД ресми өкілі: – Алматы қаласы және Алматы облысының тұрғындары мен келген қонақтарға таулы жерлерге, тау жаққа шықпауға кеңес береміз. Демалыс күндері барлығы су арнасы, өзен жағасына баруға тырысады. Сондықтан сондай жерлерден алшақ болсын деп кеңес береміз.

Дерек көзі :  www.24.kz 

Биыл Қашағаннан 500 мың тонна мұнай өндіріледі – Қ.Бишімбаев

«Мұнай саласын қолдау бойынша көзделген шаралардың нәтижесінде мұнай өндіру көлемінің жоспары 74 млн. тоннадан 75 млн. тоннаға дейін жеткізіледі. Сонымен қатар Қашағаннан мұнай өндіруді 2016 жылдың қазанында бастауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады. Бұл ағымдағы жылы қосымша 500 мың тонна мұнай өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады», – деді ол.

Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы жөндеу мерзімдері оңтайландырылады. Бұл қосымша 150 мың тонна мұнай өңдеуге мүмкіндік береді.

«Көмір өндіруді ұлғайту үшін ағымдағы жылдың соңына дейін энергия нысандарында отынның нормативтік қорларын қалыптастыру бойынша бақылау күшейтіледі», – деді Қ.Бишімбаев.

Дерек көзі: www.khabar.kz

«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 15 мен 17 маусымы аралығында Ақтау қаласында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарда табиғатты пайдалану кәсіпорындарының 6 қызметкері оқытылды.
Семинар қатысушылары ұсынылғандар:
«ҚазАзот» ЖШС; «Транснефть-Урал» АҚ; «CASPI BITUM» БК» ЖШС.

Дәріс оқығандар:
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Бекеев Адилетбек Толендиевич – ҚОҚ және табиғатты пайдалану саласындағы тәуелсіз сарапшы;
Булатова Зарина Исмагуловна – — ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД ҚДБЖБ басшысы;
Семинар соңында білім бағалаудан кейін қатысушыларға ҚР Энергетика Вице-министрі-Садибеков Г.К мен ШЖҚ РМК «ҚОҚ АТО» бас директорының орынбасары – Алдаберегенов А.А қолын қойған куәліктер тапсырылды.

«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 15 мен 17 маусымы аралығында Ақтау қаласында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарда табиғатты пайдалану кәсіпорындарының 6 қызметкері оқытылды.
Семинар қатысушылары ұсынылғандар:
«ҚазАзот» ЖШС; «Транснефть-Урал» АҚ; «CASPI BITUM» БК» ЖШС.

Дәріс оқығандар:
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Бекеев Адилетбек Толендиевич – ҚОҚ және табиғатты пайдалану саласындағы тәуелсіз сарапшы;
Булатова Зарина Исмагуловна – — ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД ҚДБЖБ басшысы;
Семинар соңында білім бағалаудан кейін қатысушыларға ҚР Энергетика Вице-министрі-Садибеков Г.К мен ШЖҚ РМК «ҚОҚ АТО» бас директорының орынбасары – Алдаберегенов А.А қолын қойған куәліктер тапсырылды.

Мемлекет басшысы Астана қаласының активімен кездесті.

Кездесу алдында қалалық мәслихаттың сессиясы болып өтті. Онда депутаттар Астана қаласының жаңа әкімі Ә.Исекешевтің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

– Бұл қаланы кімнің басқаратынына мен немқұрайлы қарай алмаймын. Ол тәжірибелі, білімді, Қазақстанға танымал, елорданың мүддесін қорғай отырып, үкіметпен жұмыс істей алатын адам болуға тиіс. Мен Әсет Исекешевті сондай адам деп есептеймін. Бүгін мәслихаттың келісімімен тағайындалған жаңа әкімді құттықтаймын, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті сондай-ақ Ә.Жақсыбековті жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтады.

– Бүгін Әділбек Жақсыбеков Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ол 1997 жылы елорданың алғаш ауысқан күнінен бастап қала әкімі болып тағайындалып, ең қиын кезеңдерде жұмыс істеді. Барлық тапсырмаларды орындады. Одан кейін бірқатар өзге де лауазымдарды атқарып, осы қызметке қайта оралды. Мен оған жұмысы үшін алғыс айтамын және жаңа лауазымымен құттықтаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дерек көзі: www.vk.com

Жасыл экономика. Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы

Үстіміздегі жылы еліміздің «Жасыл экономика туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қол қойылды. Онда 12 заңнама актісіне қатысты өзгертулер орын алған. Жаңа заң аясында экономиканың бірнеше саласының қоршаған ортаны сақтап қалу тұрғысынан әрі қара қалай жұмыс істеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі шығарылымда біз осы құжаттың әр тармағына жекелей тоқталамыз.

Дерек көзі : www.24.kz

Жаңа үкіметаралық комиссия Каспий теңізінде бекіре балықтарын аулауға мораторий тетіктерін даярлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа үкіметаралық комиссия Каспий теңізінде коммерциялық негізде бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мораторий тетіктерін даярлайды. Бұл туралы бүгін Каспий теңізінің су биологиялық ресурстары жөніндегі комиссияның 36-шы отырысы барысында Әзербайжанның  экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Рауф Гаджиев мәлім етті.

Бүгінде Каспий теңізінде бекіре балықтарының жағдайы алаңдатып отырғанына тоқталған ол, Каспий жағалауы елдерінің барлық күш-жігеріне қарамастан, бұл мәселеде тиісті шешім жасау керектігін жеткізді. Сондықтан да енді ведомствоаралық комиссия үкіметаралық деңгейге өзгеретін болады.

Осы арқылы келесі кездесу жаңарған құрамда ұйымдастырылады. Оның құрамына балық шаруашылығы құрылымдары, сонымен қатар Каспий теңізі су биоресурстарын сақтау тұрғысында басқа да мемлекеттік құрылымдар енеді.

«Каспий жағалауы елдерінің үшінші саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық мемлекеттердің коммерциялық мақсатта бекіре балықтарын аулауға мораторий жариялау шешіміне келуі бастамасын көтерді. Жаңа комиссия осы мораторийдің тетігін әзірлейді. Менің ойымша, барша Каспий жағалауы елдері осы құжатқа қол қояды, – деді Р.Гаджиев.

Оның сөзіне қарағанда, тараптар аталған уағдаластыққа қол қойған жоқ, алайда 2010 жылдан бері Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Түркіменстан және Ресей бекіре тұқымдас балықтарды аулауды доғарды.

Дерек көзі: www.inform.kz

Мемлекет басшысы Астананың «жасыл аймағының» даму барысымен танысты

Жыл сайын жаз айларында Елбасы елорда маңындағы «жасыл белдеуді» аралайды. Биыл да бұл дағдысынан жаңылған жоқ. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев көкке бойлаған көк желекті өз көзімен көріп, оны күтіп-баптап жүрген мамандармен кездесті.   Айта кетейік, Астана аумағын және қала сыртын «көкпен» көмкеруге Президент 1997 жылы пәрмен берген болатын. Содан бергі аралықта бас қаланың айналасында жалпы аумағы 73 мың гектардан астам екпе орман пайда болды.  Бұл – Бурабай ұлттық паркінің көлемімен тең аумақ. Ендігі мақсат – Астананың жасыл аймағын Ақмола облысы Ақкөл ауданының орманына қосу.   Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  -60-тан артық ағаштың сорттары өседі. Оның ішінде алма да бар, жидек те бар, жеміс те бар,  барлығы да бар. Даладан тыңды игерген кезде, трактордың шуынан қашып кеткен жәндіктердің барлығы қайтып келді. Түлкі де бар, қоян да бар, елік те бар, қырғауыл да бар. Барлық құстар да бар. Өздеріңіз көріп отырсыздар. Сондықтан бұл, біріншіден, Астананың, ауаның тазалығы. Екіншіден, шаң жібермейтін, үшіншіден – желді ұстайтын қорған.

Источник:  www.khabar.kz

 

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент