АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстаннан «жасыл энергетиканы» дамытудағы қуатты импульс барша әлемге тарауда. Мұндай пікірді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген Greenpeace халықаралық ұйымы саяси бөлімінің жетекшісі (Германия, Берлин) Тобиас Мюнхмейер білдірді.
«Біздің Greenpeace ұйымымы Қазақстан Президентінің G20-ға мүше мемлекеттерді Астанада өтетін халықаралық мамандандырған көрме аясында жеке шара өткізу арқылы ЭКСПО-2017-ге белсенді қатысуға шақыруын қолдайды. ЭКСПО-207 тақырыбы «Болашақ энергиясы», яғни, қоршаған ортаға балама, достық қарым-қатынасты дамыту. Біз Астанадан «жасыл энергетиканы» дамытудағы және қоршаған ортаны қорғауда қуатты импульс барша әлемге тарап жатқанын көріп отырмыз»,- деді ол.
Оның айтуынша, Greenpeace ЭКСПО-2017 көрмесін асыға күтетін болады.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді. Бірінші сессияда Мемлекет басшысы жаһандық экономика мәселелерін шешу жолдары туралы өз болжамдарын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев «G-20» саммитінде барлық мемлекеттерді «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысуға шақырып, оның аясында үлкен жиырмалықтың қамқорлығымен арнайы шара өткізуді ұсынды.
«Қазақстан БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын, Париж келісімін және «жасыл экономика» ұстанымдарын жүзеге асыруға белсенді жәрдемін береді. Оған 2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесі де септігін тигізеді. Мұнымен қатар біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрамыз. Барлық мемлекеттерді Астанадағы «ЭКСПО» көрмесіне белсенді қатысуға шақырамын. Оның аясында «G-20» қамқорлығымен сәйкесінше іс-шаралар өтізуге де болар еді», – деді ҚР Президенті.
Дерек көзі: www.inform.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан экологиясына зиян келтіретін зауыттар салынбайды. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның Жасыл климаттық қорымен өзара әрекеттесуін күшейту семинары барысындағы баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков мәлім етті.
«Бүгінде Қазақстанда жаңадан орналастырылуы мүмкін зауыттардың тізбесі бар. Бұл зауыттар қазақстандық тараппен іріктелінеді. Атап айтқанда, бізде экологиялық заңнама бар және осы тұрғыда осы зауыттарға экологиялық бағытта тиісті талаптар қойылады. Қалай болғанда да Қазақстанда таза технологиясы бар зауыттар ғана құрылады. Себебі, бізде елімізде салынуы мүмкін зауыттарға қатысты нақты стандарттар бекітілген. Кез келген жағдайда әрбір жоба экологиялық сараптамамен қарастыралады, қоғамдық тыңдаулар жүргізіледі. Осы ретте Қазақстан аумағында салынатын әрбір өндіріс нысаны, яғни қытайлық, еуропалық немесе басқа елдердің зауыттары барлық параметрлерді келісу бойынша тиісті рәсімнен өтеді. Бұл тұрғыда еліміз үшін ешқандай қатер туындап отырған жоқ»,-деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, жақын арада электр энегриясын өндіретін қуат көздерін жаңғырту есебінен энергия өндіру көлемі артпақ.
«Себебі, экономика дамып келеді, сондай-ақ Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сондықтан бұл бағытта тиісті жетістіктер болатынына сенімдімін»,-деп түйіндеді сөзін Ғани Сәдібеков.
Дерек көзі: www.inform.kz
Дереккөз: Bnews.kz
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек батыста, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең шығыста және орталықтың кей жерлерінде үсік жүреді, тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман байқалады, күндіз Шығыс Қазақстанда жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарында, таңертең және күндіз Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрады. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінің басым бөлігінде, Қостанай, Ақмола облыстарының кейбір аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Дереккөз: www.24.kz
Ауаға шығарылатын улы газдар көлемінің, суды пайдаланудың артуы, Жердегі қазба байлықтарының азаюы адамзат баласын энергияның жаңа көздерін табуға итермелейді. Солардың бірі – биогаз технологиялары. Болжамға сәйкес, 2040 жылға қарай биомасса үлесі жалпы энергия көлемінде 23,5%-ға жетеді. Биогаз өндірісі туралы осы шығарылымда баяндаймыз.
Дереккөз: Bnews.kz
Бүгін Астанада Финляндия Республикасы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды деп хабарлайды BNews.kz.
Құжатты «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Финляндияның Ұлттық секциясының комиссары Севери Кейняла бекітті.
Кездесу кезінде Ахметжан Есімов фин тарапын көрмені ұйымдастыру және ЭКСПО-2017-ні халықаралық ілгерілету жөніндегі жұмыспен таныстырды. Ұлттық компания басшысы бүгінгі күні көрмеге қатысуды 98 ел және 18 халықаралық ұйым растағандығын айтты.
«Жаңартылған энергия көздерін қолдану саласында Финляндия еуропалық елдер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. ЖЭК дамытудағы біздің тәжірибеміз Көрме қатысушылары мен келушілер үшін қызықты болатындығына сенімдімін», – деді Ахметжан Есімов.
Финляндиядағы жаңартылған энергия көздерінің үлесі 33% құрайды. Осыған орай 2020 жылға қарай ЕО тарапынан Финляндия үшін белгіленген бұл үлесті 38%-ға дейін арттыру мақсаты шынайы болып көрінеді. Биомасса базасында энергия үлесі барлық ЖЭК 80% құрайды. Биоэнергетиканы қолдануды арттыру Финляндияға энергиялық қорлар импортынан тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің мәліметінше, Финляндияның Ұлттық секциясының комиссары Севери Кейняла елдің осындай ауқымды халықаралық іс-шараларға басқа скандинавиялық елдермен бірге қатысқандығын мәлімдеді. Алайда, екі жақты достық қатынастарды және көрменің өзекті тақырыбын ескере отырып, Финляндия өз бетімен қатысу туралы шешім қабылдаған екен.
«Финляндия Республикасының ЭКСПО-2017-ге қатысуы экономикалық түрде тиімді ұйымдастырылады. Фин павильонының шеңберінде біздің жұмыстың нақты мақсатын белгіледік – бұл біздің елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты күшейту, сондай-ақ қазақтандық нарыққа фин бизнес-қауымдастықтары мен энергетикалық компанияларын тарту», – деді Севери Кейняла.
Дереккөз: Bnews.kz
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінде болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы «Қазақстан» павильоны құрылысының барысымен, сондай-ақ Конгресс-орталық ғимаратымен танысты.
Нұрсұлтан Назарбаев көрмені отандық және шетелдік ғылым үшін қызығушылық тудыратын сапалы инновациялық әзірлемелер арқылы толықтырудың маңыздылығын атап өтті.
***
Ұлттық павильон орналасқан шар тәріздес ғимараттың тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясының мұражайы» ретінде көрініс тапқан. Ғимараттың 7 қабатында энергияның негізгі түрлерін таныстыру жоспарлануда.
Конгресс-орталық халықаралық конгрестер, конференциялар, симпозиумдар, концерттер және басқа да іс-шаралар өтетін көпфункциялы мәдени-сауықтыру нысаны болмақ.
«Жасыл экономика» тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылға қарай барлық тұрмыстық қалдықтың 40%-ы өңделуі тиіс. Ал 2050 жылы ол 50%-ға жетуі тиіс. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш – небәрі екі пайыз. Бұл саланың дамуына барлығымыз атсалысуымыз керек. Қазақстанда жыл сайын 5-6 млн тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналады. Бұл қалдықтың жиналғаннан кейінгі қозғалысы әзірге тек 3 кезеңнен ғана тұрады: жинау, полигонға тасу, көму. Бүгінде полигондарда шамамен 100 млн тонна қалдық жиналып қалған. Еліміздегі қатты тұрмыстық қалдықтардың сұрыпталу барысы туралы бағдарламамызда айтып береміз.
Дерек көзі: www.24.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 2016 жылы Солтүстік өндірістік аймақта сынаптың мөлшерін анықтау үшін 3,5 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Қабылтаеваның айтуынша, қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. – Биыл аталмыш жұмыспен «Каустик» АҚ-ның арнайы зертханасы айналысып жатыр. Осы күнге дейін зертхана қызметкерлері құрал-жабдықты зерттеу жүргізді. Жалпы, атмосфералық ауаның 28 сынамасы, 12 топырақ сынамасы, 72 жер асты су сынамасы алынды. Бұдан басқа мамандар Былқылдақ өзенінде жоғары қабаттың суы және саңылаудан су сараптамаға алынды, – деді Әйгерім Қабылтаева.
Нәтиженің қорытындысына сәйкес ауадағы сынаптың мөлшері шамадан асқан жоқ. Айта кетерлігі, 2005 жылдан бастап басқарма жыл сайын табиғатты қорғауға бағытталған Солтүстік өндірістік аймақта сынаптың мөлшері бойынша сараптама жүргізіп отырады. Соңғы рет алынған сынамалардың нәтижесі бір аптадан соң белгілі болады.
Дерек көзі: www.inform.kz
Шортанды-Бурабай көл жүйесінен суды есепсіз тұтыну салдарынан ондағы су мөлшері азая бастаған. Экологиялық проблеманың алдын алу үшін мамандар бұл аймақта су реттеу станциясын салған. Бүгінгі шығарылымда осы станцияның жұмысы жайлы тарқатамыз.
Дерек көзі: www.24.kz
Семинарда 20 маман оқытылды, соның ішінде:
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна -ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Абдульманов Нургазы Сеильбекович – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД ИРБ басшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД жетекші маманы;
Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібеков пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаров қол қойған куәліктер табыс етілді.Алдабергенов қол қойған куәліктер табыс етілді.