red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Жасыл экономика. Озон қабатын қорғау

Дереккөз: www.24.kz

Озон қабатының бұзылуы биосферада ауқымды өзгерістер туғызумен қатар, қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін өте қауіпті.  Оның тозуына ұшақтар, толық жанып бітпеген отын өнімдері мен ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді. Жалпы әлем бойынша бүгінде шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отыр екен. Оның 35 пайызы АҚШ, 40 пайызы Еуропа елдері, 10-12 пайызы Жапония, 10 пайызы Ресейдің үлесінде. Сондықтан қазіргі таңда экологтар бұл проблеманы жан-жақты зерттеп, әлем елдері маңызды келісімшарттар мен бағдарламалар қабылдауда. Ол жайлы толығырақ осы шығарылымда тарқатамыз.

Қазақстанда «жасыл» оқу орны ашылады

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Астана қ., Қазақстан Республикасы, 14 қыркүйек 2016 жыл. – Бүгін, «Жасыл көпір – «жасыл» технологияларға, инновациялар мен қолжетімді энергияға көпір» атты халықаралық конференциясы шеңберінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КАҚ ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» негізінде ҚР Энергетика министрлігінің және университеттің ортақ күшімен «Жасыл көпір» институтын құратындығы жөнінде атап өту маңызды.

Сонымен қатар Меморандум шеңберінде тараптар «жасыл» экономика бағыттарына, Жасыл Көпір Әріптестік Бағдарламасы жобаларына зерттеулер жүргізуге және бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру бойынша үйлестірілген жұмысты жүзеге асыруға ниетті.

«Жасыл көпір» институтына «жасыл экономиканы» дамытуға бағытталған бағдарламаларға инновациялық технологияларды тартуға жәрдемдесу жәнеғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін жоғары білікті кадрларды және материалдық база тартылады деп күтілуде.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 7-9 қыркүйегі аралығында Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 9 маман оқытылды, соның ішінде:

  • табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 7 адам;
  • ҮЕҰ өкілдері – 2 адам.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ; «Атмосфера» ЖШС; «Богатырь Комир» ЖШС; «Сембол Улусларарасы Ятырым Тарым Пейзаж Иншаат Туризм Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети»  АҚФ; «Конденсат» АҚ; «ТЭК-Казахстан» ЖШС; «Ақтөбе Орхус орталығы» ҚҚ; «Human Health Institute» ҚҰ.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Маденова Айгуль Есеркегеновна ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Журынова Сауле КонысхановнаҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;

Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібеков пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаров қол қойған куәліктер табыс етілді.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 17-19 тамыз аралығында Өскемен қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 22 маман оқытылды, соның ішінде:
• табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 22 адам.;
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«Астана-Энергия» АҚ; «Орика-Қазақстан» АҚ; «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС; «Лаборатория-Атмосфера» ЖШС; «Алтай Кен-Байыту» ЖШС; «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС; «AES Өскемен ЖЭО» ЖШС; «ЦентрЭКОпроект» ЖШС; «Азиатская эколого-аудиторская компания» ЖШС; «Тарбағатай Мұнай» ЖШС; «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ; «Қазцинк» ЖШС; «ВостокУгольПром» ЖШС; «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС; «KAZ Minerais Aktogay» (КАЗ Минералз Актогай); «Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген «Семей Водоканал» МКК; Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» ШЖҚ МККДәріс оқығандар:
Бекеев Адилетбек Толендиевич – ҚОҚ және табиғатты пайдалану саласындағы тәуелсіз сарапшы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Булатова Зарина Исмагуловна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД ҚДБАБ басшысы;
Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібеков пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаров қол қойған куәліктер табыс етілді.

Жасыл экономика. Суды үнемдеудің тиімді жолдары

Дереккөз: www.24.kz

 

Көлік иелері өздерінің темір тұлпарларын арнайы жуу орнына апарар тұста оған қанша судың жұмсалатынын ойлай бермейді. Осы орайда бағдарламаның түсірілім тобы мамандармен бірігіп, Астананың көлік жуу станцияларын аралады. Бір белгілі болғаны бұл нысандар суды қайта айдау қондырғыларын орнатулары қажет. Ол суды 60 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік бермек. Толығырақ осы шығарылымда.

Бірнеше туркомпания «ЭКСПО-2017» көрмесіне 74 мың билет сатып алу үшін келісімшартқа отырды

Дереккөз: www.24.kz

e972e088ef0367f0088656fd6ebc1c16_l

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерді тарту мақсатында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы 4-11 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы бойынша ақпараттық турлар өткізді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық тур операторлар Қазақстанға келді. Іс-шараға Ресей, Қытай, Еуропа, Азия, ТМД елдерінен «Росс Тур», CITS, Alessandro Rosso Group, Monaco Ukraine Group және т.б. туроператорлар қатысты. Ақпараттық турлар 5 бағыт бойынша (ұлттық парктер мен тарихи-мәдени орындар, космодром т.б.) ұйымдастырылды.

Ақпараттық тур «Астана ЭКСПО-2017» бұл бағыттағы серіктестерін, яғни шетелдік туроператорларды мемлекетіміздің көрікті жерлерімен таныстыруды көздеген болатын. Олар еліміздің батыс өңірі, Ұлы Жібек жолы, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларын аралап қайтты.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына арналып жасалған 73 туристік маршрут бойынша қарастырылған жерлерде болды. Сонымен қатар өңірлердің «Жол картасы» мен визит картасы әзірленді.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне 74 мың билет сатып алуға 5 туркомпаниямен келісімшартқа қол қойылды.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 7-9 қыркүйегі аралығында Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 9 маман оқытылды, соның ішінде:

  • табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 7 адам;
  • ҮЕҰ өкілдері – 2 адам.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ; «Атмосфера» ЖШС; «Богатырь Комир» ЖШС; «Сембол Улусларарасы Ятырым Тарым Пейзаж Иншаат Туризм Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети»  АҚФ; «Конденсат» АҚ; «ТЭК-Казахстан» ЖШС; «Ақтөбе Орхус орталығы» ҚҚ; «Human Health Institute» ҚҰ.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Маденова Айгуль Есеркегеновна ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Журынова Сауле КонысхановнаҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;

Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібеков пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаров қол қойған куәліктер табыс етілді.

Жасыл экономика. Заңды түрде аң аулау

Аңшылық біреулер үшін жәй ғана хобби болса, кейбір адамдар үшін табиғат аясына шығып дем алудың керемет мүмкіндігі. Ал біздіңше, бұл – тұтастай бір ғылым. Жыл сайын үкіметтен қоршаған ортаны қорғауға ауқымды қаражат бөлініп жатыр. Жеке шаруа қожалықтары өздерінің территорияларынан арнайы аумақтарды бөлуде. Аңшылық кезінде қандай талаптарды сақтау керек? Түз тағыларын адамның теріс әрекетінен қалай қорғаймыз? Бүл туралы осы бағдарламамызда.

Дерек көзі: www.24.kz 

Бүгін Елбасының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Дереккөз: Bnews.kz

97e6a54625761f6fa296367538bd9213_crop_l_6_t_91_w_1484_h_835_resize_w_840_h_Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Осы айдың алғашқы онкүндігінде үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыс барысында мен халықтың табысын арттыруға және жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған жаңа шаралар ұсынамын. Яғни, экономика терең тыныс алып, қарқынды дамуы үшін жаңа қаражат тарту жолдары, банктердің жергілікті жерлерде несие беруі мен мүмкіндіктерді кеңейту мәселелері қарастырылатын болады», – деді Мемлекет басшысы VI шақырылымдағы парламенттің екінші сессиясының ашылуында.

Еске сала кетсек, кеше ҚР Үкіметінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Министрлер кабинетіне жетекшілік еткен Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. ҚР Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді. Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

 

Жасыл экономика. Ауа және су сапасын анықтау

Экология дегенде ауа, су, топырақ жағдайын бірден сөз ететініміз бар. Олардың сапасына қарап, қоршаған ортаның хал-ахуалын білуге болады. Егер жағдай нашарласа, зиян табиғатқа, одан қалды адам денсаулығына тиеді. Сол себепті олардың нормадан еш ауытқымауын сала мамандары үнемі назарда ұстайды. Біз тыныстайтын ауа мен ішетін су сапасы қалай анықталады? Бұл туралы осы хабарда толығырақ айтып береміз. Пікір қалдырыңыз

Дерек көзі:  www.24.kz

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент