red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылғы сәуірдің 25-нен 26-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Промэкология» ЖШС, «Caspian Offshore Construction Realty» ЖШС, «ҚР-нда БИЮИ Қазақстан лимитед» филиалы, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті КЕАҚ, «Таза бұлақ» ҮЕҰ» РҚО, «Атырау жылуэлектрорталығы» АҚ, «РИП-газ» ЖШС, «Компания Монтажспецстрой» АҚ, «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. – Офшор» компаниясының филиалы.

Семинарларда келесі мәселелер қарастырылды:
· Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке мемлекеттік экологиялық бақылау және талаптар;
· Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі;
· Қоршаған ортаны қорғау және есептілік бойынша іс-шаралар жоспарының нұсқасы;
· Аналитикалық мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы заңнамалық талаптардың орындалуы бойынша тәжірибелік ұсынымдар;
· Жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы Стокгольм конвенциясында қарастырылған ҚР міндеттемелері;
· Қалдықтарды қайта өңдеу, қалпына келтіру. Халықаралық тәжірибе;
· Қауіпті қалдықтар бойынша экологиялық талаптар;
· Экологиялық кодекс жобасы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Оралда «Экосақшы» қоғамдық бақылау акциясы басталды

Дереккөз: www.24.kz

Орал қаласында «Экосақшы» қоғамдық бақылау акциясы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаладағы тазалықтың сақталуына енді ерікті жастар да атсалыспақ. Қазір бірнеше топқа бөлінген еріктілер қаланың әр бөлігін бақылауға алды. Олар қоқысты тиісті орнына тастамаған тұрғындарды жасырын камераға түсіріп, әлеуметтік желілерге салмақ ниетте. «Мақсат – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, қоқысты кез келген жерге тастауға болмайтынын ескерту», – дейді тазалық сақшылары.

Назерке Құрамысова, «Орал жастары» еріктілер қозғалысының мүшесі:

– Акцияның нәтижесінде кейбір қала тұрғындары қоқыс, тұрмыстық қаладықтарды немесе құрылыс материалдарының қалдықтарын қоқыс жәшігіне емес, оның жанына тастап кететіндігі анықталды. Мұндай жағдайларға қала тұрғындарын бей-жай қарамай бірге атсалысып, қала тазалығы үшін бірге күресуге шақырамыз.

БҚО-да қызғалдақтың қанша түрі өседі?

Дереккөз: www.24.kz

Қазақ жері қызғалдақтың «тарихи отаны» деген еді Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты тағылымдық мақаласында.

Күні бүгін елімізде қызғалдақтың 35 түрі болса, соның 18-і Қызыл кітапқа енгізілген. Осы бір өсімдіктің өзіндік ерекшеліктерін танытып, тұмса табиғатымызды қорғап-дәріптеу мақсатында Батыс Қазақстан облысының Қайыңды ауылында жыл сайын қызғалдақ фестивалі өткізіледі.

Ерденбек Жылқайдарұлы, тілші:

– Осыдан 5 ғасыр бұрын Еуропа асып жат жұртты жерсінген қызғалдақтардың түп төркіні, негізгі отаны Еділ мен Жайықтың арасы деседі. Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарында да қызғалдақ кездескенімен, дәл мына Қайыңды ауылындағыдай гүлді алқаптар өте сирек. Жалпы аумағы 400 гектар жерді алып жатқан бұл алқапта Геснер қызғалдағының 12 түрі бар.

Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі болса, Орал өңіріне соның 4-і тән. Ішінде Геснер қызғалдағының орны бөлек. Себебі бұл өсімдік селекцияға көнбіс, будандастыруға бейім келеді. Сондықтан да шығар, Геснер гүлі алғашқылардың бірі болып шетел асыпты.

Жанат Қажымұратова, БҚМУ аға оқытушысы, биолог:

– 15 ғасырда адамдар Еуропада тюльпонамия немесе қызғалдақ безгегі деген аурумен ауырған, басқаша айтқанда адамдардың бәрі шаруашылықтарын тоқтатып, осы қызғалдақ өсірумен айналысқан. Ол кезде пиязшықтар өте қымбат тұрған. Амстердамда үлкен үйдің әлі тұрғанын айтады. Ол тек қана қызғалдақтың үш пиязшығына сатып алған үй екен. Голландықтар жыл сайын өздерінің экономикасына 4 млрд ақша түсіреді екен.

Өзге елді өркендеткен осы бір өсімдіктің қадірін кеш те болса түсініп жатқанымыз қуантады. Өйткені қызғалдақтың өсіп-өніп, гүлдеуі үшін 5-7 жыл керек. Ал қауызында 200-дей тұқымы болады. «Бір қызғалдақты жұлып алу, осынша өсімдіктің тамырын қуартқанмен бірдей», – дейді мамандар. Сондықтан да шығар, жыл санап дала гүлдерінің саны сиреп, қатары кеміп барады.

Сабырғали Оразаев, Казталов ауданының тұрғыны:

– Біздің бала кезімізде қызғалдақ көп болды. Сосын ол кезде қызғалдақты ысырап қылып, ешкім терген жоқ. Барып қызықтап қайтушы едік. Теру кейінгі кезде шықты.

Бүгінде 18 қызғалдақ түрі елімізде қорғауға алынған. Биыл екінші рет ұйымдастырылған қызғалдақ фестивалінің мақсаты да – табиғат байлығын таныту, оны қорғау.

Абат Шыныбеков, Казталов ауданының әкімі:

– Осы табиғи ескерткішімізді, көркем жерімізді, халқымызға, елімізге паш ету және халықаралық туризмді дамыту мақсатында шара ұйымдастырылып отыр. Оған тек Батыс Қазақстан емес, көршілес Ресейдің Жаңаөзен, Алғай аудандарының өкілдері келіп қатысып, фестивальдің нақыштарын келтіруде.

Фестиваль аясында дала төсіне ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, түрлі қолөнер және зергерлік бұйымдардың көрмесі өтті. Гүлдер тақырыбындағы ән-жырлар шырқалды.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Р. Ғазезов

Қарағанды облысында күн станциясы іске қосылды

Дереккөз: www.24.kz

Қарағанды облысының Гүлшат елді мекені маңында қуаты 40 мегаваттық күн электр станциясы іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, бұл Балқаш секілді 5 бірдей қаланы тоқ көзімен қамтуға жеткілікті. Алып нысан шетелдік инвесторлардың қаржысына салынған. Жоба құны – 46 миллион доллар.

Күн электр станциясының аумағы 100 гектарды алып жатыр. Құрылыс жұмыстары небәрі 8 айда аяқталған. Жобаны жүзеге асыруға 46 миллион доллар қаржы жұмсалыпты. Мамандар нысанды салмас бұрын бұл жердің климатын әбден зерттеген.

Нұрлан Қапенов, жоба жетекшісі:

– Баламалы қуат көзін көптеп өндіру үшін тек қана күн сәулесінің болуы жеткіліксіз. Ауа қысымы, ылғалдылық, барлығы да сәйкес келуі керек. Ал Гүлшат елді мекенінің климаты еліміз бойынша ең қолайлысы болып тұр. Сондықтан таңдау осы жерге түсті.

Қарағанды өңірі баламалы электр қуатын өндіруден еліміз бойынша көш бастап тұр. Бұл – кенді өңірде ашылған екінші нысан. Ал жазда 50 мегаваттық тағы бір күн станциясы іске қосылмақ.

Мұндағы 123 мыңнан астам күн панелі жылына 58 миллион киловатт тоқ береді. Ал жылу энергия орталықтары дәл осындай көлемде электр қуатын өндіретін болса, қоршаған ортаға шамамен 80 мың тонна газ тарайды екен. Демек бұл – экологиялық жағынан аса тиімді жоба.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

– Жылдың аяғына дейін Қазақстан бойынша 85 нысан болады, ал 2020 жылы ол 95-100-ге жетеді де, 3 пайыздық көрсеткішке жетеміз деп ойлаймын.

Ал 2030 жылға дейін елімізде өндірілетін баламалы тоқ көзінің үлесін 10 процентке жеткізу жоспарда. Айта кету керек, бұл күн панельдерінің кепілдік мерзімі – 25 жыл.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Павлодарлық студенттер сутекпен жұмыс істейтін көлік қозғалтқышын жасамақ

Дереккөз: www.24.kz

Павлодардың студенттері судан отын алу тәжірибесін жасап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ауаны сутектен ажыратқанда, газ тектес заттың түзілетінін анықтаған. Жас өнертапқыштар қазір арнайы құрылғыны сынақтан өткізу үстінде. Ол сутекті мейлінше көп алуға мүмкіндік береді. Құрылғының өзі күннің қуатымен жұмыс істейді. Келешекте студенттер сутекпен жұмыс істейтін көліктің қозғалтқышын ойлап таппақ. Мемлекеттік университеттің қабырғасында жүзеге асып жатқан үш ғылыми жобаның бірі – бұл. Бастамашыл жастар атмосферадағы ауаны тіршілік нәріне айналдырып, қар суынан таза ауызсу және сутектен қуат көздерін өндіру жобасын жетілдірмек. Автокөліктерді арзан әрі баламалы отын түрлерімен қамтамасыз ету – үлкен жобаның бастамасы.

Вячеслав Монахов, өнертапқыш:

– Біздің мақсатымыз – сутекпен жүру. Мәселен кәдімгі суды алу керек. Кешкілікте  ауадан алынған  конденсаттан су жиналып ол  бакқа құйылады. Менің ойымша, бұл – қол жеткізуге болатын тәжірибе.

Қызыл кітапқа енген жабайы құстар еркін жіберілді

Дереккөз: www.24.kz

Маңғыстау облысында халықаралық Қызыл кітапқа енген жабайы құстар табиғатқа жіберілді.

Абу-Даби тәлімбақтарында өсірілген 600 дуадақ Қазақстанға ұшақпен жеткізілді. Аталған шара екі ел арасындағы үкіметаралық келісім аясында жүзеге асып отыр. «Мақсат – сирек кездесетін дала құстарының популяциясын сақтау», – дейді орман және аң шаруашылығы инспекциясының мамандары.

Бір жылдық қанаттылар «Кендірлі-Қаясан қорық аймағында» ұшырылды. Оларға қозғалысы туралы ақпарат беретін спутниктік қондырғылар кигізілді. Бұл дуадақтардың қайда жүргенін бақылауға мүмкіндік береді. Босатылған дуадақтар еліміздің табиғи жағдайларына бейімделгенше қорық қызметкерлерінің жіті қадағалауында болады.

Қазақстанда қолда өсірілген құстарды табиғи ортаға шығару 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Эрик Леньюс, эколог (Біріккен Араб Әмірлігі):

– Дуадақ құстарының қоршаған ортаға пайдасы өте зор. Былтыр мамыр айында осы өлкеге 500 құс әкеп, ұшырғанбыз. Биыл оның саны тағы 100-ге көбейді. Қазақстан жыл құсы – дуадақтың табиғи мекендейтін жері. Алдағы айда бұл құстар жұмыртқа басып, көбейеді. Күзге қарай қоныс аударады.

Түркістан облысында күннен энергия алатын станция салынады

Дереккөз: www.24.kz

Кореялық инвестор қаржыландыратын жобаның құрылысы жыл соңына дейін басталмақ.

Баламалы қуат көзін өндіретін компанияның президенті Ёнг Сун Джон жобаға 6 миллион АҚШ долларын құятынын айтты.  Жасыл технологияны қолдау мақсатында бөлінген 1 мың 200 гектарға жуық жерде күн мен желден қуат өндіріледі. Сондай-ақ корейлік компания жел диірмендері мен күн генераторларын құрастыратын цех ашуды көздеп отыр. Аталған жоба жүзеге асса, жүздеген жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар шетелдік инвестор құны бір миллиард АҚШ долларын құрайтын Smart Сity жобасын да ұсынды.

Ёнг Сун Джон, баламалы энергия көзін өндіретін компания президенті:

– Біз сондай-ақ «ақылды қала» жобасын да жүзеге асырмақшымыз. Бұл арқылы бүтін бір ауылды «жасыл технологиямен» қамтуға болады. Айти технологияны дамыту мақсатында қазақстандық мамандарды оқытуды  ойластырып жатырмыз. Бұл жұмысшыларды сырттан шақырғаннан едәуір тиімді болмақ.

Семейде 50 мыңға жуық қарағай өскіні отырғызылды

Дереккөз: www.24.kz

Елімізде 5 жылдан бері сәуір айының үшінші сенбісі Үкімет қаулысымен Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні болып жарияланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты Семей қаласының іргесіндегі арнайы дайындалған 10 гектар алқапқа 50 мыңға жуық қарағай өскіндері отырғызылды. Оған «Семей орманы» табиғи орман резерватының қызметкерлері, студенттер, оқушылар және әртүрлі мекеме өкілдері қатысты. Олардың ішінде Семей мемлекеттік медицина университетінде оқитын бір топ үндістандық жастар да бар. Өскіндер 2 жыл бойы тұқымбақтарда дайындалған. Биылғы акцияның ерекшелігі, ұжымдардан бөлек жекелеген отбасылар да бала-шағасымен келіп, экологиялық акцияға қатысуға мүмкіндік алды. Ауқымды шараға мыңға тарта адам қатысты.

Наджмус Сакиб, Семей мемлекеттік медицина университетінің студенті:

– Бұрын біз орманға тек қыдырып, демалуға келетінбіз. Енді міне, өмірімізде алғаш рет өз қолымызбен қарағай өскіндерін отырығызып жатырмыз. Табиғатты сақтауға үлес қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз.

Жұмағали Сағадиев, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты бас директорының орынбасары: – Мың жарым гектардай жерге отырғызып біттік, ендігі мақсатымыз 1 мамырға дейін 3400 гектар отырғызып, сонымен аяқтаймыз.

2018 жылдың 25-27 шілде аралығында Өскемен қаласында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы шілденің 25-нен 27-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Өскемен қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«Макинск Құс фабрикасы» ЖШС;
«Казцинк» ЖШС;
«Сәтпаев кен-байыту кәсіпорын» ЖШС;
Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» ШЖҚ МКК;
«Kazfoam» ЖШС;
«Тау-кен металлургиалық ALTYN концерні ММ» ЖШС;
«ГОРДОРСТРОЙ» ЖШС;
«Экология-Жастар-Бастама-Даму» ҚҚ;
ҚР БҒМ «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК;
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және  табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • ҚОӘБ ерекшеліктері. Жобада ӨЭБ, ҚББ, ҚОҚЖ болуы. Стратегиялық экологиялық бағалау;
  • І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
  • Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Тренинг;
  • Қалдықтарды шығаратын кәсіпорындардың қызметін экологиялық реттеу. Қалдықтарға рұқсат алу қажеттілігі;
  • Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі;
  • Мемлекеттік экологиялық бақылау;
  • Профилактикалық бақылау (мемлекеттік бақылауға енгізілген өзгерістер);
  • Экологиялық тексерулерді жоспарлау және жүргізу;
  • Экологиялық нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік;
  • Экологиялық аудит және оны жүзеге асыру.

Дәріс оқығандар:
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;

Жасыл экономика. Қазақстанның дүниежүзілік тазалық күніне дайындығы

Дерекөз: www.24.kz

«Let’s do it! World» қоғамдық қозғалысы. Ол қалай пайда болды? Қоршаған ортаны бір күннің ішінде тазартуға шақыратын бастама қала тұрғындары үшін несімен қызық? Дүниежүзілік тазалық күніне Қазақстанның дайындығы қалай? Астаналықтар суын тұтынатын Вячеслав су қоймасының жағалауы қоқыстан қалай тазартылды? Толығырақ бүгінгі шығарылымда.

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент