red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматыда Панфилов көшесіндегі тамыр жаймаған ағаштар күзде ауыстырылады

Дереккөз: inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Панфилов көшесінде жайқалып тамыр жая алмай қалған ағаштардың орнына күзде басқа ағаштар отырғызылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Панфилов көшесі былтыр қайта жаңғыртылған болатын. Құрылыс жұмыстарынан соң мердігер ұйым мұнда 380 ағаш отырғызған еді. Ағаш көшеттерін тасымалдау және отырғызу кезінде біраз күш түскен. Олар жаңа орынды жерсінбей әрі аязға шыдамай, салдарынан катальпа көшеті жарамсыз болып қалды.

Осыған орай,«Компания АИС Астана» мердігерлік ұйымы кепілдемелік міндеттеме бойынша биылғы жылдың вегетация маусымында жаңа ағаштар отырғызады.

Айта кетерлігі, 2015 жылы қалалықтардың талқылауынан соң қабылданған «Алматы-2020» Бағдарламасы аясында қаланың тарихи орталығының 60% жөнделді. Жайлы қалалық орта қалыптастыру мақсатында энергия жинақтаушы тротуар шамдары, көше жиһаздары, спорт және балалар алаңдары, фонтан кешендері пайда болады. Жасылдандыру жүргізілді және жаңа ағаштар отырғызылды, суарудың автоматты жүйесі тартылды.

«Қала адамдар үшін» концепциясы аясында Алматыда биылғы жазда жаяу жүргіншіге басымдық беру үшін Достық даңғылының, Жібек жолы мен Байсейітова көшелерінің бөліктеріне реконструкция жүргізілуде.

4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Дереккөз: 24.kz

Қазақстанның батысы мен солтүстігінің кей жерлерінде қатты жаңбыр тудырған биіктегі циклон Батыс Сібірге баяу жылжып, толтырылады.

Тропосфералық ағындар ендікке ауыса бастайды, яғни ауа массалары Атлантикадан келе бастайды. Сондықтан солтүстік облыстарда жаңбыр әлі де сақталып, ал республиканың оңтүстік облыстары жоғары атмосфералық қысымда болады. Сондықтан солтүстік облыстарда жылы ауа райы күтіледі. Оңтүстік облыстарында ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болжанғанымен, 40 градустық ыстық күтілмейді.

Қазақстан ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялады

Дереккөз: 24.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Ақтөбе облысында биыл күзде 11 ауыл газ желісіне қосылады

Дереккөз: 24.kz

Ақтөбе облысында биылғы күзде 11 ауылға көгілдір отын жетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір құбыр тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал келер жылы тағы 4 елді мекенді газ желісіне қосу жоспарда бар. Нәтижесінде алты ауданның 7300-ден астам тұрғыны көгілдір отынмен қамтылады. Жалпы газдандыру жобасын жүзеге асыру үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. 2025 жылға дейін кешенді жоспар бар. Бүгінде аймақ тұрғындарының 88 пайызы көгілдір отын тұтынып отыр. Келер жылдан бастап тағы 15 ауылға газ құбырын тарту көзделуде.

Қаржаубай Ыбраймұлы, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

– 15 жобаға орай сатып алу, тапсырыс жұмыстары жүріп жатыр.Ол да биыл басталады. Бұл дегеніміз, 3 млрд 300 мың теңге ақша. Ол да 15 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған. 2020-2022 жылдарға жалпы республикаға біздің тарапымыздан 33 газбен жабдықтау жобаларын іске асыруға, 16 млрд-қа тапсырыс беріліп отыр.

28 маусым күнгі ауа райы: Тұман, найзағай, бұршақ

Дереккөз:inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 28 маусым күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде түрақсыз ауа-райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Дауыл тұрады. Солтүстіктің кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан обысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі, жел екпіні – 15-20 м/с, күндіз 23 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел екпіні – 15-20 м/с. Бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл тұрады. Жел екпіні – 15-20, 23-28 м/с, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз бұршақ жауады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрады. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

СҚО-да орманды отаған тұрғын 40 тәулікке қамалуы мүмкін

Дереккөз: inform.kz

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Браконьер» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталып, 100-ден астам заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мағжан Жұмабаев ауданында орманды заңсыз отағаны үшін Булаев қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол Медвежка ауылының маңында 304 қайың мен 47 теректі тиісті құжаттарсыз кескен. Табиғатқа келген шығын – 270 мың теңге шамасында. Ер адам енді 40 тәулікке дейін бас бостандығынан айырылуы немесе 400 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Сондай-ақ ол шығынның орнын толтыруы тиіс.

«Қостанай облысының екі тұрғынына да айыппұл салынуы мүмкін. Олар Тимирязев ауданында 300 келідей заңсыз балық аулаған. Операция барысында заңсыз балық аулаған 27 адамды анықтадық, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – СҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Сергей Липко.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес күнінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 117 дерек анықталды. Сондай ақ тәртіп сақшылары қазіргі уақытта аң мен құс аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Ал балықты рұқсат алған жағдайда ғана аулауға болады.

Астаналықтарды «Еуразияның таза жағалауы» сенбілігіне шақырады

Дереккөз: astana.gov.kz

29 маусым күні елорда тұрғындарын «Еуразияның таза жағалауы» акциясы аясында қала көшелерін тазалауға шақырады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты.

Сенбілік «Біз таза ел үшін» экологиялық қозғалысы аясында өткізіледі. «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ «Let’ s do it, Qazaq eli» қозғалысымен, Астана автоклубтар Альянсымен, «Спарта Астана Экоклубымен», «Қазақстан еріктілер альянсымен» бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Астана Адалдық Алаңы жобалық кеңсесінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік «World Clean up day 2019» акциясына қатысуын дайындау шеңберінде ұйымдастырылады.

Акцияға қатысу қоршаған орта мен қоғам үшін, уақытты қызықты және пайдалы өткізу ғана емес, сонымен қатар ниеттес жандармен танысуға, азаматтардың экологиялық санасының қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

29 маусымда таңғы сағат 10-да елорда тұрғындарын қолғаптармен, пакеттермен, сумен және жақсы көңіл-күймен елорда көшелерін тазалауға шақырады.

 

2019 жылғы маусымның 12-нан бастап 14-не дейінгі мерзім аралығында «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

2019 жылдың 12-14 маусым аралығында ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның Біліктілікті арттыру бойынша басқармасымен Нұр-Сұлтан қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына семинар өткізілді.   

Семинар жұмысына «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «Ақ жол кұрылыс» ЖШС, Атырау облысы Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының «Атырау Су Арнасы» КМК, «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ өкілдері қатысты.   

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылған болатын: ҚР Экологиялық кодексі, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару, қалдықтарды өңдеуге арналған технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді экологиялық реттеу, мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесі, мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарының ғарыштық мониторингі, экологиялық аудит және т.б. 

Семинар қатысушылары соңғы өзгертулер мен толықтырулар жасалған ҚР Экологиялық кодексі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер енгізілен дискілермен қамтамасыз етілген болатын.   

Семинар куәліктерді салтанатты түрде табыстаумен аяқталды.     

Н.Назарбаевтың ұсынысымен 29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы күн болып бекітілген

Дереккөз: www.24.kz


Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 28 жыл толады. Қазақ жері 40 жыл бойы жаппай қырып жою қаруының азабын тартты.

Егер Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ерік-жігер танытпағанда тағы қанша атом бомбасы жарылып, қанша адам ауыр дертке шалдығатынын болжаудың өзі қиын еді. 
1949 жыл. 29 тамыз. Ұйқыдан енді тұра бастаған халық гүрс еткен ауыр соққыны естіп, жарты аспанды алып кеткен от-жалынды көреді. Семей өңіріндегі ядролық сынақтар осылай басталған еді. Ал 1953 жылға дейін жергілікті ауыл тұрғындарына еш секерту жасалмастан бомбалар жарылып келді.

Уәлихан Қалижан, қоғам қайраткері:

– Полигон – бұл қазақтың дерті. Әлі күнге дейін оның дерті жойылған жоқ. Мінкеи сол полигонды өзінің жарлығыменен жабуы ол Президенттің болашақты ойлауы. 

Жалпы 40 жылдың ішінде 456 ядролық және термоядролық жарылыс болды. Сынақтар әуеде және жер астында жасалды. 1953 жылы дүниежүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутек бомбасы сыналды. Бірте-бірте халықтың наразылығы күшейіп 1989 жылы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды. Ұйым жетекшісі Олжас Сүлейменов сол жылы Нұрслтан Назарбаевпен кездесіп біраз жайды ақылдасқанын айтады. Артынша «Невада-Семей» қозғалысы КСРО басшылығына полигонды жабу туралы талап қояды.

Олжас Сүлейменов, қоғам қайраткері:

– Бірақ КСРО басшылығы біздің талабымызды орындамай созбалақтатып отырып алды. Сол кезде Нұрсұлтан Әбішұлы президент ретінде, жоғарыға бағынбастан дербес шешім қабылдап Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.

Уәлихан Қалижан, қоғам қайраткері:

– Сол кезеңде көптеген саясаткерлер оған қарсы шықты. Біз оны неге береміз. Егер біз ядролық мемлекет ретінде қалып тұрсақ жұрт бізді сыйлар еді, бізден қорқар еді деп сөйтті. Кейін Назарбаев айтты ал алып қалдық дейік, оны ұстайтын бізге қыруар күш керек. Оған ғалымдар керек, оған экономикалық потенциал керек. Ол бізде жоқ. Сондықтан да біз оны құры дақпыртпен алып қаламыз деп ертең елімізді, халқымызды қырып алмаймыз ба деді.

Семей полигонының жабылуы өзге елдерге де үлгі болды. Мысалы, 1992 жылы АҚШ Невададағы сынақты доғарды. Аз уақыттан соң бұл үрдіске Франция қосылды. Ал 1996 жылы Қытай Лобнордағы сынақтарды тоқтатты.

Олжас Сүлейменов, қоғам қайраткері:

– Семей полигонының жабылуы әлемдік ядролық сынақтарға қарсы қозғалысқа жол ашты. Ол Қазақстанға және Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен абырой әкелді. Еліміздің бұл бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен өзге де халықаралық институттар тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Осылайша 29 тамыз Қазақстан тарихында зұлмат қарудан ада болған күн ретінде алтын әріппен жазылды. Айтулы оқиға әлемдік тарихта да ойып орын алды. 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша 29 тамыз ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық күн болып бектілді.

Полиэтилен және полипропилен өнімдері енді өз елімізде өндіріледі

Дереккөз: 24.kz

Мұнай химиясы кешенінде өндіріске қажетті негізгі шикізат көзі енді өз елімізде өндірілетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – полиэтилен және полипропилен өнімдері.

Қарапайым тілмен айтсақ, қазіргі заманда адамзат баласы пайдаланатын тауарлардың 90 пайызы осы екі өнімнен жасалады. Отандық мұнай химиясы кластерін дамытудың басты пайдасы да осы мақсатты көздейді. Мұнай химиясын өркендету саласындағы тұңғыш жобалардың бірі – полипропилен зауыты.

Атыраудағы еркін экономикалық аймақта салынған мұнай химиясы кешенінде сала үшін аса маңызды зауыт құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұнда жылына жарты миллион тонна полипропилен өндірілетін болады. 

Қайрат Оразбаев, «КРІ» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары:

– Жобаның ішінде 2 үлкен техникалық, технологиялық қондырғы салу және 32 жалпы зауыттық нысандар салынуы керек.

Соңғы бір жылда жұмыс қарқыны 34% жетіп, жұмыс кестеге сай жүзеге асып жатыр. 2017-2018 жылдары құрылыс қарқыны 6% деңгейінде болып, іс ілгері жүрмей қойған. Зауыт ашылғанда дайын өнім импортты алмастырып, ішкі нарықтың сұранысын толық жапса, қалғаны шетелдерге экспортталатын болады. Атап айту қажет, кәсіпорын жаңа жұмыс орындарының ашылуына да мүмкіндік берді.

Талғат Кукатов, «КРІ» ЖШС құрылыс бойынша басқарма директоры:

– Қазір біздің нысанда 2 мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр. Оның 90 проценті – қазақстандық мамандар. Қазақстандық компаниялар сапа және қауіпсіздік талаптарына сәйкес шетелдік кәсіпорындармен иық тіресе, тең дәрежеде жұмыс істеп жатыр.

Жаңа жобалардың барлығында шетелдерде білім алған отандық мамандар еңбек етіп жатыр. Құрылысқа атсалысып жатқан 36 мердігердің 33-і – жергілікті компаниялар. Полипропилен – әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие химиялық шикізаттардың бірі. Интеграцияланған мұнай-газ химиясы технопаркінде өндірілетін шикізат жоғары сұранысқа ие болатыны анық. «Самұрық-Қазына» қорының құрамына кіретін KPI зауыты межеленген 2021 жылы іске қосылуы тиіс.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент