Дерек көз – gov.kz
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ және «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ ел аумағының геологиялық зерттелуін арттыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Осылайша, тараптар Қазақстанның аз зерттелген шөгінді бассейндеріндегі көмірсутек қорларын бағалау мақсатында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін инвесторлар тарту бойынша күш-жігерді шоғырландыруды жоспарлап отыр. Шаралардың өзектілігі Қазақстанның жер қойнауы бүгінгі күні толық зерттелмегендігімен және жаңа ашылулар үшін елеулі перспективалардың болуымен байланысты.
Мысалы, көмірсутектер бойынша геологтар болжамды баламалы отын қоры шамамен 76 млрд.тоннаны құрайтын 15 шөгінді бассейнді анықтады, оның ішінде алдын ала бағалау бойынша шамамен 4,5 млрд. тоннасы аз зерттелген шөгінді бассейндерде.
Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, Келісімге қол қою саланың одан әрі дамуына ықпал етеді.
“Министрлік Президент пен Үкіметтің елдің геологиялық зерттелуін арттыру және шетелдік инвестицияларды тарту арқылы минералдық-шикізат базасын толықтыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жұмысты белсенді жүргізуді жалғастыруда. Келісім бұл жұмысқа жаңа серпін береді”, – деп атап өтті министр.
Сәтті нәтижеге қол жеткізу үшін Келісім шеңберінде геологиялық зерттеу және барлау үшін аумақтар айқындалады, “Роуд-шоу” және “Дата-рум” – ге қолжетімділік ұйымдастырылады, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын одан әрі алу үшін тиісті құжаттар қабылданады.
Айта кетейік, бұл шаралар Мемлекет басшысының шетелдік инвесторлар кеңесіне мүше мұнай-газ компанияларының басшыларымен жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша берген тапсырмаларын іске асыру болыи табылады. Сол кезде министрлік инвестициялық тартымдылықты жақсарту және геологиялық барлау саласын дамыту бойынша бірқатар маңызды бастамаларды ұсынған еді.
Жұмыс кездесуі қорытындысы бойынша шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелерімен бірлесіп, жер қойнауын геологиялық зерттеуден ұлттық компаниялардың үлестік қатысуымен барлауға/өндіруге кепілді көшу үшін тікелей келіссөздер жүргізу құралы ретінде қолданылатын жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған келісімді әзірлеуге және қолдануға негізделген тұжырымдамалық тәсіл қалыптастырылды.
Бұл тәсіл инвесторларға инвестициялардың неғұрлым жоғары құқықтық қорғалуын және тұрақтылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ кейіннен жақсартылған модельдік келісімшартта көрініс табатын белгілі бір салықтық және басқа да преференцияларды алуға мүмкіндік береді.
Дерек көз – gov.kz
Бүгін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов жұмыс сапарымен Павлодар облысында болып, жаңа Экологиялық кодекстің нормаларын түсіндіру жөніндегі жиын барысында ірі кәсіпорындар қабылдайтын табиғатты қорғау шараларын да талқылады.
«2020 жылғы қыркүйекте экология министрлігі мен Павлодар облысының әкімдігі өңірдің экологиялық проблемаларын шешу бойынша Жол картасын бекітті. Ондағы эмиссияны төмендету, көгалдандыру және қалдықтарды қайта өңдеу бөлігінде экологиялық проблемаларды шешу бойынша нақты іс-шаралар көзделген. Министрлік Жол картасының орындалуына ерекше көңіл бөледі. 2020 жылғы құжатта Павлодар қаласында жыл сайын 2 гектар өсіммен көгалдандыруға жер телімдерін бөлу қарастырылған», – деді экология министрлігі басшысының орынбасары.
Ахметжан Пірімқұлов ERG компаниясын ағаштардың үлкен көлемін отырғызу арқылы өңірдің жасыл қорын ұлғайтуға шақырды.
«Өткен аптада министрлікте жиналыс өткіздік, онда ERG компаниясы мен облыстың басқа да кәсіпорындары ағаштардың үлкен көлемін отырғызуға дайын екендіктерін білдірді, тек жер телімдерінің жоқтығы туралы мәселе туындады», – деп атап өтті экология вице-министрі.
Ол облыс басшылығына компания басшылығымен кездесу өткізіп, ағаш отырғызатын жер телімдерін анықтауды ұсынды.
Вице-министр көтерген тағы бір маңызды мәселе – автожолдар құрылысы кезінде күл мен шлак қалдықтарын пайдалану.
«Электр энергиясын өндіру нәтижесінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-де жыл сайын 4,5 млн.тоннаға дейін күл-шлак қалдықтары шығарылады. Жалпы, күл үйіндісіне 166 млн. тоннадан астам күл-шлактар көмілген. 2020 жылы Екібастұз ГРЭС-1-нің күл-шлак қалдықтары автожолдар құрылысына тартылмаған. Облыс әкімдігіне осы қалдықтарды облыстық маңызы бар жолдарды салу үшін неғұрлым белсенді тарту қажет. Бұдан басқа, табиғатты қорғау шараларында күл-шлак қалдықтарын қайта пайдалану жолымен қысқарту бойынша ұтымды шаралар көзделмеген», – деп атап өтті Ахметжан Пірімқұлов.
Сондай-ақ, вице-министр жұмыс сапары барысында өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарына барып, қалдықтарды қайта өңдеу, ластаушы заттардың шығарындыларын өлшеуді автоматтандыру, құрғақ жағажайлардың пайда болуын жою және т.б. бойынша қабылдаған шараларымен танысты.
Дерек көз – gov.kz
Қазақстанның су қоймалары еріген суды қабылдауға дайын. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook парақшасында тікелей эфир барысында “Қазсушар” РМК Эксплуатация және су пайдалану бөлімінің басшысы Ербол Салықбаев хабарлады.
Оның айтуынша, тасқыны кезеңі оңтүстік аймақтарда қаңтардың айының соңынан басталып, наурыздың басына дейін, ал қалған аймақтарда наурызда басталып, сәуірдің аяғына дейін жалғасады. Республика бойынша су тасқыны кезеңі орта есеппен 4-5 айға созылады.
Көктемгі су тасқыны кезеңінің өтуіне бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл ауа-райы, қар қоры, объектілердің тасқын суларды өткізуге дайындығына байланысты. Сондықтан, «Қазгидромет» алдағы көктем мезгіліне болжам жасап отырады.
«Ақпан айында «Қазгидромет» көктемгі су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталатын ылғал қорының көлемі мен топырақтың қату тереңдігі туралы хабарлай бастайды. Сондай-ақ, су тасқыны кезеңінде қауіпті гидрологиялық құбылыстарды уақтылы анықтау, гидротеникалық құрлыстар жағдайын бақылау үшін «Қазгидромет» деректерді алдын ала жіберетін болады, соның негізінде су қоймаларының жұмыс режимі түзетіледі», – деді Ербол Салықбаев.
2020 жылы қар қоры өткен жылдармен салыстырғанда 2-2,5 есе көп болды. Ылғал қоры мен топырақтың ылғалдану көлеміне жасалған талдау көктемде ШҚО, СҚО, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы елді мекендерді, экономика объектілерін су басу қаупі болуы мүмкін екенін көрсетті. Бірақ, алдын ала қабылданған шаралар нәтижесінде былтырығы көктемгі су тасқыны кезеңі төтенше жағдайсыз өткен болатын. Эфир қонағы биылғы жылы да су тасқынының алдын алу мақсатында қандай шаралар қабылданғанына да тоқталды.
«Қазіргі таңда ірі су қоймаларының жұмысы жоспарлы түрде келісілген режимде жүріп жатыр. Төтенше жағдай туындаған жағдайда қажетті құрылыс және басқа да инертті материалдар, қаптар қоры дайындалды, сондай-ақ тиісті арнайы техника дайындалды және ЖЖМ дайындалды. Су тасқынынан өтуге осал объектілерде ерекше көңіл бөлінді», – деп атап өтті спикер.
Ербол Салықбаев бүгінгі күні «Қазсушар» РМК балансында республикалық меншіктегі 5749 су шаруашылығы және гидромелиоративтік объектілер, оның ішінде 86 су қоймасы, 83 су торабы, 36 бөгет, 102 сорғы станциясы, 1 бас құрылыс, 3448 канал және басқа да су шаруашылығы объектілері бар екенін де тілге тиек етті.
«Бүгінгі күні барлық су қоймалары бекітілген кестеге сәйкес іске қосу режимінде жұмыс істейді және көктемгі су тасқынын қабылдауға арналған сыйымдылық қоры бар. Егер оларды жобалық көлемге дейін толтырған және үлкен тасқын сулар келген жағдайда олар транзиттік режимде жұмыс істейтін болады», – деп атап өтті «Қазсушар» РМК Эксплуатация және су пайдалану бөлімінің басшысы.
Айта кетейік, су тасқыны кезеңінде ЭГТРМ, Қазсушар филиалдарымен қоса ТЖМ, ЖАО, аймақтық ТЖД сияқты мемлекеттік органдар іске қосылады. Төтенше жағдай кезінде әр мемлекеттік орган функционалдық міндеттері бойынша жұмыс істейтін болады.
Дерек көз – gov.kz
Бүгін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Атырау облысына жұмыс сапары аясында жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және экобелсенділермен кездесті.
Кездесу барысында ведомство басшысы облыс экологиясын жақсарту бойынша белгіленген жоспарларды тиімді іске асыру үшін бірлескен жұмысты күшейтудің маңыздылығына тоқталды.
«Бізді аймақтағы экологиялық жағдай алаңдатады. Атырау еліміздің ең ластанған қалаларының қатарына кіреді. Әрине, бұл жағдайды жақсарту қажет. Бұл маңызды жұмыста сіз сияқты белсенді азаматтар тарапынан қолдау, көмек қажет. Мен қашанда сындарлы диалогқа ашықпын және ашық бола беремін», – деп атап өтті министр.
Мағзұм Мырзағалиев Атырау облысының экологиялық проблемаларын шешу үшін 40 іс-шарадан тұратын Жол картасы әзірленгенін атап өтті. Олардың қатарында жаңа кәріздік тазарту кешендерін салу және ескілерін қалпына келтіру, «Сасық сай» және «Шаршы» булану алаңдарын рекультивациялау, Орал өзенінің бассейнін көгалдандыру, тазарту, сауықтыру және басқа да маңызды іс – шаралар бар.
«Біз Атыраудың экологтарымен, қоғам өкілдерімен бірнеше рет кездестік. Кездесулеріміздің нәтижесі Жол картасын қабылдау болды. Жаңа Экологиялық кодекс те осы бағытта перспективалы мүмкіндіктер ашатынын атап өткім келеді. Ең маңыздыларының бірі – кодекс ірі ластағыштардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп толықтырды экология министрі.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде 1-санатқа жататын көптеген кәсіпорындар ең озық қолжетімді технологияларды енгізу бойынша дайындық шараларын жүргізуде, демек, болашақта атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары айтарлықтай азаяды.
Сонымен қатар, министр Атырауда өңірдің барлық негізгі экологиялық проблемаларын тіркеу бойынша фронт-офис ашуды ұсынды.
«Бірлескен жұмыс үшін көптеген құралдар бар. Біздің министрлік жақында құрылды. Бір жарым жыл ішінде ауқымды жұмыс атқарылды, экологиялық мәселелерді шешудің тетігі жасалды. Уақыт өте келе біз Жол картасының, жаңа Экологиялық кодекстің тармақтарын іске асырудың тиімді нәтижелерін көретінімізге сенімдімін», – деп түйіндеді Мағзұм Мырзағалиев.
Дерек көзі – gov.kz
20 кен орны алғаш рет мемлекеттік теңгерімге қойылды, алдын ала деректер бойынша 7,5 млрд.теңгеден астам инвестиция геологиялық салаға тартылды, Қарағандыда геохимиялық зертхана іске қосылды. Қазақстанның геология саласындағы 2020 жылғы жұмысының осы және басқа да қорытындыларын ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында жариялады.
Оның айтуынша, өткен жылы 56 нысанда жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша пайдалы қазбаларды анықтауға арналған перспективалы учаскелер анықталды. Аяқталған жұмыстардың нәтижелері бойынша болжамды ресурстардың өсуі бойынша жоспарлы көрсеткіштерге толық көлемде қол жеткізілді: алтын – 12,6 тонна, күміс – 96 тонна, мыс – 65 мың тонна, қорғасын – 968 мың тонна, мырыш – 1,1 млн. тонна.
Сонымен қатар, вице-министр 2020 жылы пайдалы қазбалар қорының өскенін хабарлады. Осылайша, 111,5 тонна алтын, 55,4 мың тонна уран, 13,8 млн.тонна темір кені және 31,7 млн. тонна мұнай өндірілді.
«Өткен жылы «Қазгеология» АҚ инвесторлармен бірлесіп жер қойнауын геологиялық зерттеу қорытындылары бойынша алтын өндіру бойынша «Шекара», түсті және асыл металдар – «Арго» перспективалы учаскелерін анықтады. Компанияда барлығы 47 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда», – деді Серікқали Брекешев.
Вице-министр жылдың маңызды қорытындыларының бірі ретінде 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеуді атады, ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұлттық жоба болып қайта құрылатын болады.
«Ұлттық жоба минералдық-шикізат базасының бәсекеге қабілеттілігін тұрақты толықтыру, дамыту және қолдауға жағдай жасау үшін ел аумағының геологиялық зерттелуін арттыруға бағытталған. Ол мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады», – деді экология министрінің орынбасары.
Жыл қорытындыларының ішінде «Еуразия» жобасы бойынша жұмыстың қайта басталғанын айтуға болады.
«Жобаның негізгі мақсаты – тереңдігі орталық бөлігінде 18-20 км жететін Каспий маңы ойпатының тереңдік құрылысын зерттеу. 15 км дейінгі аса терең ұңғыманы бұрғылау геологиялық қиманы зерттеуге және көмірсутектерді іздестіруге қатысты бассейн әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады вице-министр.
Серікқали Брекешевтің ақпараты бойынша 2020 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Қазақстан Республикасының минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.
«Жүйенің жұмыс істеуі инвесторларға геологиялық ақпараттың электронды базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деді ол.
2021 жылға сала алдына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргізу, 70 объектіде ресурстарды іздеу және бағалау, «ҚР минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесін іске қосу және 2025 жылға дейін орталық және батыс өңірлерде 2 Керн сақтау қоймасын салу бойынша міндеттер қойылды.
Дерек көзі – gov.kz
Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында вице-министр Ерлан Нысанбаев орман шаруашылығы саласындағы 2020 жылғы жұмыс қорытындысын баяндады.
Оның айтуынша, Қазақстанда 2019 жылмен салыстырғанда орманмен қамтылған алқап 188 мың гектарға ұлғайды.
«Мемлекет басшысының орман қорында 5 жыл ішінде 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында облыс әкімдіктерімен бірлесіп өңірлер бойынша Ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі кешенді жоспарлар әзірленіп, бекітілді. Орман отырғызудың ең көп көлемі Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында, сондай – ақ Семей мен Ертіс орманы орман резерваттарының аумағында болжанып отыр»,-деді өз сөзінде вице-министр.
Ол министрліктің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің табиғат қорғау мекемелерінің және облыс әкімдіктерінің орман қорғау мекемелерінің күшімен 5 жыл ішінде 843 мың га алаңда 1,7 млрд. ағаш отырғызылатынын атап өтті. Көрсетілген шаралар 2030 жылға қарай елдің ормандылығын 5% – ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
«Мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің 701 жағдайы тіркелді, олардың ауданы 41,8 мың га құрады, республика бойынша жалпы залал – 2,1 млрд.теңге», – деп мәлімдеді Ерлан Нысанбаев.
Орман өрттерінің ең көп аудандары Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында, сондай-ақ «Семей орманы» резерватының аумағында тіркелген.
Вице-министр өткен жылы заңсыз ағаш кесу саны 25% – ға төмендегенін, алайда заңсыз кесілген ағаш көлемінің өсуі тіркелгенін хабарлады.
«Ағаштарды заңсыз кесу, жою және бүлдіру жауапкершілігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнамаға айыппұлдарды ұлғайту және бұзушыларға санкцияларды қатаңдату бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді», – деп толықтырды Министрдің орынбасары.
2020 жылдың қорытындыларының қатарында «өсімдіктер әлемі туралы» заң жобасын әзірлеу де бар.
Сонымен қатар, вице-министр ұлттық парктерде экологиялық туризмді дамытуға көп көңіл бөлінгенін атап өтті.
«Алматы тобындағы Іле – Алатау, Көлсай-көлдері, Шарын, Алтын Емел сияқты төрт мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің тұжырымдамасы қабылданды. Осы ұлттық парктердің жанынан Қоғамдық кеңестер құрылды. 2020 жылы Іле-Алатау ұлттық паркінде жобаны жүзеге асыруға 900 млн.теңге инвестицияланды», – деді Ерлан Нысанбаев.
Осы жұмыстар шеңберінде 2025 жылға қарай ұлттық парктердің Алматы тобына жеке инвестициялардың көлемі 31 млрд.теңгені құрайды, ұлттық парктердің рекреациялық жүктеме нормаларын ескере отырып, туристердің күтілетін ағыны 2 млн. адамнан асады деп күтілуде.
Орман шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға және биоәртүрлілікті сақтауға бағытталған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеу жоспарда бар.
«жаңа Экологиялық кодекстің нормаларын түсіндіру» тақырыбындағы онлайн-семинар өз мәресіне жетті
Ағымдағы жылдың 10-12 ақпан аралығында ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК (ҚОҚ АТО) ZOOM-конференция платформасында өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлері үшін «жаңа Экологиялық кодекстің нормаларын түсіндіру» тақырыбында үш күндік онлайн-семинар өткізді.
Семинар барысында келесі тақырыптар егжей-тегжейлі қарастырылды: Экологиялық кодекстің жаңа редакциядағы негізгі қағидаттары, Өндірістік экологиялық бақылау, Экологиялық талаптар, Операторлардың құқықтары мен міндеттері, Мемлекеттік экологиялық бақылау, Экологиялық жауапкершілік, Ремедиация, 2007-2021 жылдардағы Экологиялық кодекстердегі қалдықтар туралы жалпы ережелер, Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік экологиялық саясаттың қағидаттары, Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізудің жаңа тәсілдері, Экологиялық бағалау стратегиясы, Кешенді экологиялық рұқсат.
Спикерлер ретінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ жаңа Экологиялық кодексті әзірлеуге тікелей қатысқан сарапшылар шақырылды:
Жолдасов З.С. – ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы;
Тасбаев Е.Э. – ҚР ЭГТРМ ЭРБК Мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсаттар басқармасының басшысы;
Ағыбаева Д.Ж. – Мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының бас сарапшысы;
Ингербаева Ж.У. – ҚР ЭГТРМ ЭРБК Мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсаттар басқармасының бас сарапшысы;
Тастемірова Ш.И. – ҚР ЭГТРМ ЭРБК Мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсаттар басқармасының бас сарапшысы;
Оразалина К.Н. – минералды шикізат және өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы/консультант, т.ғ.к., «Жер қойнауының тәуелсіз сарапшыларының кәсіби бірлестігі» ҚБ (ЖТСКБ) толық мүшесі.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы онлайн-семинарлар ағымдағы жылдың 10 ақпанында іске қосылды және тұрақты түрде өткізілетін болады. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған семинарлардың басты мақсаты жаңа Экологиялық кодекстің нормаларын түсіндіру болып табылады.
ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК жарғылық қызмет шеңберінде, атап айтқанда халықты және операторларды қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша ағарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласында семинарлар ұйымдастырады және өткізеді. ҚОҚ АТО семинарлардан басқа Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын, Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрын, Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізумен, сондай-ақ экологиялық ақпаратты ұсыну және тарату бойынша қызметтермен айналысады.
Барлық мәліметтер www.iacoos.kz сайтынды және сонымен қатар www.instagram.com/iacoos2021, www.facebook.com/pkk.iacoos. әлеуметтік желілерде жарияланды.
Дерек көз – gov.kz
Геология саласы ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Пайдалы қазбалардың кен орындары қаншалықты зерттелгеніне өңірлердің материалдық-шикізат базасының жай-күйі, демек, әлеуметтік-экономикалық дамуы да байланысты.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілгені және геологиялық барлау перспективалары туралы айтып берді.
Сұхбатқа сілтеме – https://www.inform.kz/kz/serikkali-brekeshev-onirlerdin-ekonomikalyk-damuy-sondagy-ken-oryndarynyn-zertteluine-baylanysty_a3751061
Источник – gov.kz
5 февраля Глава государства на первом заседании госкомиссии по подготовке к празднованию 30-летия независимости Казахстана предложил реализовать проект «Таза табиғат». Министр экологии, геологии и природных ресурсов Магзум Мирзагалиев на своей странице в Twitter отметил значимость данной инициативы.
«Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев поручил разработать проект «Таза табиғат». Уверен, это станет импульсом для дальнейшего роста зеленого фонда страны», – написал министр.
«Празднование Наурыз мейрамы, как символа пробуждения природы, всегда было особенным в нашей стране. Как дань природе, мы должны посадить как можно больше деревьев, повсеместно провести мероприятия по благоустройству. Важно не забывать и о бережном отношении к природе, животным… По поручению Президента мы продолжим реализацию экологических инициатив по формированию экологической культуры в обществе, озеленению, охране природы, развитию экологического туризма и, в целом, по улучшению экологической ситуации в стране», – подчеркнул глава ведомства.
Дерек көзі – gov.kz
Халық жергілікті атқарушы органдармен және мәслихаттармен бірлесіп, ауа сапасының қажетті деңгейіне қол жеткізу үшін жаңа экологиялық кодекстің қолда бар құралдарын пайдалануы қажет. «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы Айгүл Соловьева ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған Алматы қаласы тұрғындарына Экокодекс нормаларын түсіндіру жөніндегі жұмыс кездесуі барысында осындай пікір білдірді.
Оның айтуынша, жаңа Экокодексте атмосфералық ауаны қорғауға, ластаушы заттардың шығарындыларын азайту бойынша кешенді шаралар қабылдауға баса назар аударылған.
«Биылғы жылы қол қойылған жаңа Экологиялық кодекс қоршаған ортаны қорғаудың жаңа тәсілдерін анықтады. Басты назар дамыған елдердің, атап айтқанда экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибесін пайдалануға аударылды. Құжатта атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтеріне және атмосфералық ауаға рұқсат етілген антропогендік әсерге қойылатын талаптар белгіленген», – деп атап өтті сарапшы.
Оның айтуынша, қолданыстағы реттеу қоршаған орта жағдайының айтарлықтай жақсаруына әкелмейді.
«ЭЫДҰ сарапшыларының пікірінше, негізгі экологиялық нормативтік-құқықтық базаны жылдам реформалау Қазақстанда жасылдандыруды арттыру үшін кең мүмкіндіктер ашуы мүмкін. Кодекс қоршаған ортаны қорғау, сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ тұрақты дамуды қамтамасыз ету және адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтитын 14 негізгі міндетке ие», – деп толықтырды Айгүл Соловьева.
Сонымен қатар, қауымдастық басшысы Экокодекс аясында белгіленген экологиялық нормативтерден асып кету анықталған жағдайда экологиялық рұқсат шығарындыларды қолайлы деңгейге дейін азайту, атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау жағдайында ғана берілетінін атап өтті.
«Заттардың қоршаған ортаға ықтимал теріс әсерін бағалау процесінде халық денсаулығына зиян келтіру қаупі үнемі маңызды фактор ретінде қарастырылады. Кодекстің осы бағытында жол берілетін шығарындылар нормативтерінің сақталуына мониторинг қарастырылған. Жергілікті өкілді органдар мемлекеттік экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша қатарынан үш жыл ішінде атмосфералық ауа сапасының нормативтерінен тұрақты асып кету анықталған жағдайда, атмосфералық ауаға антропогендік жүктемені азайту үшін тиісті шектеулер енгізуге құқылы», – деді спикер.