ҚазАқпарат – Қазақстанда жаңаратын энергия көздерінің тарифі белгілі болды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров бұл жайлы жан-жақты хабардар етті.
«Мамыр айының соңында Үкімет жаңаратын энергия көздерінен өндірілетін электр энергияларының тарифтерін бекітті. Мәселен, жел электр стансасы өндірген электр энергиясының тарифі 1 сағат кВт-ға 22,68 теңгені құрайды, ал күн электр стансаларында – 34,61, шағын су электр стансаларында – 16,71, биогаз құрылғыларында 32,23 теңгеге тең», – деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы жаңаратын энергия көздерін қолдау және пайдалану мәселелері бойынша заңнамаға толықтырулар мен өзгертулер енгізілген.
«Түзету Қазақстандағы жаңаратын энергия көздерін одан ары қалыптастыру үшін жағдай жасайды және секторды қолдаудың жүйелі шараларын енгізуге және бекітілген тариф мөлшерін есептеуге мүмкіндік берді», – деді Н.Қаппаров.
Министрдің атап өтуінше, 2020 жылға қарай Қазақстандағы жаңаратын энергия көздері үлесін елдің жалпы энергия балансының 3 пайызына жеткізу жоспарланып отыр.
ҚазАқпарат – Парижде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ресми түрде Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталестің қолынан ХКБ туын алды.
Бұл туралы “Астана ЭКСПО-2017” ҰК ресми твиттерінде хабарланды.
2014 жылдың 6 маусымында Алматы облысында Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы және Панфилов және Уйғыр аудандарының ІІБ қызметкерлері «Нерест-2014» акциясы аясында бірлесіп жүргізген рейд барысында табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының бұзылу фактісін анықтады. Іле өзенінің жағасында Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Mercedes-Benz Sprinter» автомашинасын тексеру барысында 978 кг балық табылды (268 кг сазан, 520 кг жайын және 190 кг ақ амур).
Сонымен қатар, көлік ішінен электр түрлендіруші, аккумулятор, электросымды шанышқы, резина қайық табылып, тәркіленді. Балық қорына келтірілген залал мөлшері – 447 мың теңгеден астам соманы құрады.
Аталған оқиға бойынша жиналған материалдар мен айғақты заттар құқық қорғау органдарына тапсырылды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
2014 жылдың 6 маусымында Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров ҚР ҚОСРМ жанындағы орман, аңшылық және балық шаруашылығы жөніндегі Қоғамдық кеңесінің балық шаруашылығы секциясы отырысын өткізді.
Кеңес отырысына ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің, Қазақ балық шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының басшылары, сондай-ақ, «Казахрыбхоз» балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының өкілдері қатысты.
Басқосу барысында Орал-Каспий бассейнінде бекіре тұқымдас балық популяцияларын сақтау және қалпына келтіру шаралары, спорттық-әуесқойлық балық аулауды дамыту, сондай-ақ бөтен кірме балық түрлерінің Балқаш-Іле су бассейніне инвазиясына қатысты проблемаларды шешу жолдары талқыланды.
Отырыс соңында Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігі және «Казахрыбхоз» балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы арасында балық ресурстары мен су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ынтымақтастығы және өзара әрекеттесуі жөніндегі меморандум қабылданды.
Құжатқа Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров және «Казахрыбхоз» балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы Владимир Бобров қол қойды.
Меморандумның мақсаты – мемлекет пен қоғамның балық ресурстары мен су жануарларын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау және оларды тұрақты пайдалануда, тиімді және заң талаптарына жауап беретін басқарушы шешімдерді қабылдауда, әкімшілік кедергілерді азайту және сыбайлас жемқорлыққа жол беретін жағдайларды болдырмау ісіндегі күштерін біріктіру.
Меморандум шеңберінде тараптар заңнаманы жетілдіру, кәсіпкерліктің дамуы үшін жағдай жасау, балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерін бекіту бойынша конкурс өткізу, балық ресурстары мен су жануарларын аулауға квотаны бөлу, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды және балық аулау туризмін дамыту, балық ресурстары мен су жануарларының жаппай ауыруы, қырылу, тұншығу қаупі және басқа себепті жағдайларда құтқару шараларын өткізу, кадрларды дайындау және білімді тарату жүйесін дамыту, «Казахрыбхоз» өкілдерін балық қорғау акциялары мен рейдтік шараларына қатысуға тарту, сыбайлас жемқорлықтың фактілерін анықтау және алдын алу, сондай-ақ, семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға және съездерге қатысу мәселелері бойынша ынтымақтастықтарын нығайтып, өзара әрекеттеседі.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
2014 жылғы 5 маусым күні ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Дүниежүзілік қоршаған орта күні және эколог күніне орайластырылған салтанатты жиналыс өткізді. Жиналысқа министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомствоға бағынысты және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Н. Қаппаров әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, министрлік пен аумақтаық органдардың бірқатар қызметкерін «Экология саласының үздігі» төсбелгісінмен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады.
Жиналыс барысында ҚР ҚОСРМ экологиялық бақылау және реттеу комитетінің ұйымдастыруымен республикалық деңгейде өткізілген балалардың сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Н. Қаппаров Астана қ. №37 орта мектебінің оқушысы Мария Карбушеваны, Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда аудандық орта мектептің оқушысы Ғасыр Насекеновты, Павлодар облысындағы Мичурин балалар үйінің тәрбиеленушісі Алина Пилягинаны құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықпен марапаттады. Сонымен қатар министр облыстық деңгейдегі байқау жеңімпаздарын – еліміздің барлық өңірлерінен келген балаларды марапаттады.
Сондай-ақ, бүгін Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, ҚР мұнай және газ вице-министрі Болат Ақшолақов және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев ҚР қоршаған орта және су ресурстары, ҚР мұнай және газ министрліктері мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі меморандумға қол қойды.
Аталған құжат «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) өзінің 1 288 355 м3 көлеміндегі өндірістік қалдықтарын кәдеге жарату мен өңдеуді, сондай-ақ, мұнай өндірісі өнімдерімен ластанған 252 850 м3 жерді қалпына келтіру шараларын жүргізу арқылы компания қызметінің қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайтуды көздейді. Жоспарланған іс-шаралар 7-жылдық мерзімде іске асырылмақ. Бұл мақсаттарға 15 миллиард теңге көлеміндегі қаржы бөлінеді.
Бүгін Беларусь, Қазақстан және Ресей елдері аумақтарында Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай халықаралық экологиялық сенбілік өткізілді.
Қазақстанның барлық аймақтарында өтетін акция барысында қалалар мен қала маңы аумақтары, демалыс мекендері, саябақтар мен су айдындарының жағалаулары тұрмыстық күл-қоқыстардан тазартылады.
Қазақстан өңірлерінде сенбілікке 130 мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында орталық және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ, ЖОО студенттері еңбек етті.
Астанада экологиялық акцияға 600-ден астам адам қатысты. Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің, «Астана орманы» және «Полигон» ЖШС, сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері мен студенттер қалалық қалдықтар полигонына іргелес орман аумағын қоқыстан тазартуға атсалысты.
5 маусым күні ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров республикалық экологиялық үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуға ҚР Парламент Мәжілісінің депутататтары, астаналық жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысады. Кездесу барысында министрлік пен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесу перспективалары талқыланды.
Кездесу аясында «Қазгидромет» РМК ұйымдастырған «Су – өмір нәрі» фотобайқауының салтанатты ашылуы өтті.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
5 маусымдағы үш елдің халықаралық экологиялық сенбілігіне 130 мыңнан астам қазақстандық қатысады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы қоршаған орта жән су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау мен экология күніне арналған Астана-Мәскеу-Минск видеоөткелі барысында мәлімдеді.
«Бастама – оңды. Біз оны қолдаймыз. Қазіргі таңда барлық дайындық шаралары аяқталды. Республика өңірлерінен аталмыш шараға 130 мыңнан астам адам қатысады», – дейді вице-министр.
Оның айтуынша, Астанада шамамен 600 адам полигон ауданында жұмыс істейді.
«Тек Астананың өзінде ғана шамамен 600 адам полигон ауданында жұмыс істейді.Сонымен қатар, қоқыс тазалаймыз. Өздеріңіз де білесіздер, Астана жанынан біз қолдан орман жасап жатырмыз. Бүгінде оның жалпы ауданы 70 гектарға жетті. Алдағы уақытта орман аумағы кеңейе бермек», – дейді ол.
Е.Нысанбаевтың пікірінше, Қазақстанда су қоймаларын тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
«Қазір біз «Таза су қоймасы» ұранын қолға алдық. Нәтижесінде су қоймаларынан 2800 тонна қоқыс шығардық. Ондаған жылдар бойы тазаланбаған бөгеттерді осылай тазалап жатырмыз», – дейді ол.
Индира Кауметова
Бүгін Астана – Мәскеу-Минск видеоөткелі барысында Ресей Федерациясы табиғи ресурс және экология министрі Сергей Донской үш ел ЕурАзЭҚ аясында бірнеше жобаны жүзеге асыратындығы жайлы мәлімдеді.
«Жобаларға келетін болсақ, біз бүгінде ЕурАзЭҚ аясында бірнеше бірлескен жобаларды жүзеге асырудамыз. Жақында сәуір айында біз Сочи қаласында ЕурАзЭҚ қоршаған ортаны қорғау бойынша кезекті отырысын өткіздік. Онда бірқатар бірлескен жобалар қаралды, ол біз үшін ортақ механизмдерді қарастырып, ортақ негіз құруда”, – деді С. Донской.
Оның айтуынша, Сочиде талқыланған тақырыптардың бірі жекелеген оңтайлы қолдану жағдайларын арттырудағы жоюды пайдалану.
«Бұл техникалық кен орындарына қатысты. Өздеріңізге де белгілі, Кеңес үкіметі кезінде түрлі қалдықтардың үлкен қоры жинақталған. Соңғы бағалаулар бойынша шамамен 80 млрд тонна түрлі қалдықтар бар. Оның ішінде нақты пайдалы қазба түріндегі пайдалы компоненттер бар. Мұның барлығы қазір үйінділерде жатыр. Осы тұрғыда біз бір жағынан аталмыш техникалық қалдықтардың көзін жойып, екінші жағынан сол қалдықтарды тұрмыстық кәдемізге де жарата білуіміз керек», – дейді ол.
«Осылайша, біз бірлескен жұмыстар арқылы бірқатар мәселенің түйінін тарқатудамыз», – дейді С.Донской
Мадина Нұрбекова
ҚазАқпарат – ҚР Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құрылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
2.Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті ұйымдастыру және өзге де шараларды қабылдасын.
4.Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қаулының толық мәтінімен осы жерден таныса аласыз.
Кездесу барысында, Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу перспективалары, экологиялық саясатты іске асыруда қоғамның қатысуын және әрекеттесуін күшейту тақырыбындағы баяндамалармен танысу жоспарлануда. Сонымен қатар, экологиялық байқаулардың жеңімпаздарына жүлделерді және мақтау грамоталарын тапсыру өткізіледі. Бұдан басқа, кездесуге қатысушылар «Табиғат – тал бесік» фотокөрмесін тамашалайды.
Өткізілетін орны: Астана қаласы, Достық көшесі 11, Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында.
Өту күні мен уақыты: 2014 жылдың 5 маусымында, 14.30-да.
Қатысушыларды тіркеу уақыты – 14.00-де.
Қатысуыңызды 2014 жылдың 27 мамырына дейін растауыңызды сұраймыз.
Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша Экологиялық ақпарат және талдау басқармасының басшысы Айнел Бейсенғазықызына Рымбаеваға 8 (7172) 74-00-56, 74-00-78 телефон арқылы хабарласып білуге болады. Электрондық почтасы: rymbayeva@eco.gov.kz.
2014 жылдың 22 мамыры күні Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары минстрі Нұрлан Қаппаров Біріккен Араб Әмірліктері қоршаған ортаны қорғау және су министрі Рашид Ахмед бин Фахдпен кездесті.
Сонымен қатар, кездесуге Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шариф қатысты.
Кездесу барысында қоршаған орта саласында екіжақты ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Тараптар екі ел ведомстволарының ықпалдастығының жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдер негізінде жүзеге асырылатындығын атап өтіп, ынтымақтастықтың одан әрі дамыту әлеуетінің зор екендігін айтты.
Табиғатты қорғау ведомстволарының басшылары «жасыл» экономикаға көшу аясындағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері, су ресурстары мен тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару салаларына инвестиция және технологиялар тарту мәселелерін талқылады. Осы тұрғыда Н. Қаппаров білім мен тәжірибе алмасуын, үздік технологиялар трансферті мен «жасыл» жобалардың қаржыландырылуын «Жасыл Көпір» серітестік бағдарламасы аясында жүргізу тиімділігін атап өтіп, Біріккен Араб Әмірліктерін Бағдарламаның Хартиясына қол қойған елдер қатарына қосылуға шақырды. Сонымен қатар Н. Қаппаров Біріккен Араб Әмірліктерін «Астана EXPO-2017» халықаралық көрмесіне қатысып, өз жетістіктерін көрсетуге шақырды.
Өз кезегінде Рашид Ахмед бин Фахд Қазақстанда ЖЭК, теңіз суын тазарту мен тұщыландыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу мен «жасыл» экономиканың өзге де салалары бойынша жобаларды жүзеге асыруға қызығушылықтың бар екендігін жеткізді. Ол Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің стратегиялық даму мақсаттарының ұқсас екендігін айта келе, БАӘ «Жасыл Көпір» Серіктестік бағдарламасының қатысушысы атануға дайын екендігін хабарлады. Сонымен қатар министр елінің «EXPO-2017» көрмесінің жұмысына қатысатындығын білдірді.
Сонымен қатар экология министрлері жануарлар әлемін ұдайы өсіру ісіндегі ықпалдасыдың, мысалға, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылына 5000 дуадақ өсіру мүмкіндігі бар орталығының құрылысы жобасының жүзеге асырылуы (2009 – 2013 жж. аралығында Қазақстан табиғатына БАӘ тәлімбабақтарында өсірілген 1100-ден астам дуадақ, ал 2014 жылы 2000 дуадақ жіберілді) және сұңқарларды табиғат аясына жіберу (2009 – 2013 жж. аралығында БАӘ тәлімбақтарында өсірілген 340 сұңқар, ал 2014 жылы 119 лашын мен ителгі ұшырылды) сынды жобалардың сәтті жалғасуын атап өтті.
Келіссөздер соңында Нұрлан Қаппаров пен Рашид Ахмед бин Фахд Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен БАӘ қоршаған ортаны қорғау және су министрлігінің арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара түсінушілік меморандумына қол қойды. Бұл құжат стратегиялар, бағдарламалар мен жобаларды дайындауда және жүзеге асыруда, ақпарат алмасудағы ықпалдастықта, зерттеулер ұйымдастыруда, шөлейттенуге қарсы күрес жүргізуде, су ресурстарын басқару, қорғау және тиімді қолдануда, сондай-ақ, атмосфералық ауаны ластанудан қорғауда бірлесіп жұмыс істеуге жағдай жасалуына ықпал етеді.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қыметі