red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Балық шаруашылығы мәселелерін қарау жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысын өткізу туралы

2014 жылғы 18 шілдеде ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің Төрағасы Қанат Мұсапарбековтың төрағалығымен Балық шаруашылығы мәселелерін қарау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Жайық-Каспий балықшаруашылық бассейнінің өзекті мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында тауарлы балық өсіруді дамыту, балық ресурстарын, оның ішінде Жайық-Каспий бассейнінің бекіре балық түрлерін қорғау мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, жұмыс тобы балық шаруашылығының өзекті мәселелерін шешу мақсатында, практикалық көмек және ұсыныстар дайындау үшін екі айда бір рет бассейндік принципке сәйкес отырыс өткізеді.

Ағымдағы жылы Балқаш-Алакөл және Ертіс балықшаруашылығы бассейндерінің өзекті мәселелері қарастырылған болатын.

Балық аулаушылығының болашағы тауарлы балық шаруашылығын дамытуда

2014 жылдың  4–5 шілдесінде Астанада «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп,  Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары мен ведомствоға бағынысты кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлері үшін  «Биоалуандықты сақтау және аквакультураны дамыту» тақырыбындағы семинар-тренинг өткізді.

Іс-шара биоалуандықты сақтау, тауарлы балық шаруашылығын және аквакультураны дамыту саласындағы әлеуетті арттыру мақсатында өткізілді.

Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасы мен оны іске асыру бойынша 2013–2020 жылдарға арналған жоспарда балық ресурстарын сақтау мен тауарлы балық шаруашылығын дамыту жөніндегі міндеттер қойылған. Оларды орындау мақсатында 2020 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзірленуде. Осы жұмыстың барысымен семинарға қатысушыларды ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қайырбек Мұсабаев таныстырды. 

Семинар аясында қатысушылар «жасыл» экономиканың халықаралық тәжірибесімен, 2030 жылға дейінгі биологиялық ресурстарды сақтау мен орнықты пайдалану тұжырымдамасының жобасымен танысып, балық шаруашылығының тиімділігін бағалау, аквакультураны дамыту саласындағы қазіргі технологияларды, Қазақстанда тауарлы балық шаруашылығы мен аквакультураны қолдау тетіктерін зерделеді.

Осы мәселелерді қарастырып, талқылауға «Жасыл Академия» ҒБО директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «жасыл»  экономикаға көшу жөніндегі Кеңес мүшесі, профессор Б. Есекина, ҚР Статистика агенттігінің өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаментінің директоры  А. Епбаева, Қазақ балық шаруашылығы» балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының ғылым және аквакультура жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары С. Темірханов, БҰҰ Даму бағдарламасы жобасының ландшафттық жоспарлау тобының жетекшісі  А. Ағажаева, «КазАгроинновация» АҚ «Агроөнеркәсіптік кешенінде экономикалық саясат талдау орталығы» ЖШС-ның аға аналитигі  Д. Ли қатысты.

Тыңдаушылар Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасымен танысты. Атап айтқанда, ЕҚДБ шағын бизнесті қолдау тобының гранттар жөніндегі маманы Т. Святкина банктің бизнесті қолдауға, оның ішінде балық-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын дамытуға бөлінетін гранттарды алу тетіктерімен таныстырды.

Семинар Қазақстандағы тауарлы балық шаруашылығы мен аквакультураның келешегі мен әлеуеті талқыланған дөңгелек үстелмен аяқталды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Қазақстанда алғаш рет экологиялық дәліз құрылды

Қазақстанда жалпы ауданы 2 миллион гектардан артық «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» экологиялық дәлізі құрылды.

Экологиялық дәліз Ырғыз-Торғай және «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қамтиды (Қостанай облысы). Бұл аумақтар киіктердің бетпақдалалық популяциясының табиғи өрістеу жолдарын қорғау мен төлдеуін қамтамасыз ету мақсатында байланыстырылып отыр.

Экологиялық дәлізді құру барысында далалық экожүйелердің, топырақтың, климаттың жағдайы ескеріліп, киіктерді ғарыш серігінен бақылау мәліметтері қолданды. Ғылыми мәліметтер мен картографиялық материалдардың сараптамалары экологиялық дәліздің аумағын анықтап, белгілеуге мүмкіндік берді.

Бұл жұмыс Жаһандық экологиялық қордың, БҰҰ Даму бағдарламасының және ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің далалық экожүйелерді сақтау және орнықты басқару жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру аясында жасалды.

Нәтижесінде қорғауға алынған дала экожүйелерінің аумағы 2,4 миллион гектардан 4,8 миллион гектарға дейін ұлғайды.

Биыл жүргізілген есеп бойынша, киіктердің бетпақдалалық популяциясын 216 мың жануар құрайды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз  қызыметі

Н. Қаппаровтың Эквадордың сыртқы істер министрі Р. Патиньомен кездесуі жөнінде

2014 жылдың 4 шілдесінде Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Эквадор Республикасының сыртқы істер министрі Рикардо Патиньомен кездесті.

Кездесу барысында екі елдің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Н. Қаппаров Р. Патиньоға Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу жоспарлары мен олардың іске асырылу барысы жөнінде мәлімдеді. Осы орайда ол Эквадорды «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының Хартиясына қосылуға шақырды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Елбасы салынып жатқан «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің аумағында болды

Akorda.kz

Мемлекет басшысы  мұнда «Астана ЭКСПО-2017»  көрме кешені құрылысының барысымен танысты.

Бірқатар мемлекеттік органдардың, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның, сондай-ақ  Sembol, Mabetex, BI-Group, «Базис-А», «САЭМ», Mega Management, Astana Innovation компанияларының басшылары Президентке көрме аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларын таныстырды. Олардың қатарында Астана қаласының жаңа көлік жүйесін қалыптастыру, халықаралық әуежайын дамыту және теміржол вокзалы кешенінің құрылысы секілді жобалар бар.

Нұрсұлтан Назарбаев көрмені өткізу Астана қаласының ғана емес, бүкіл Қазақстанның дамуындағы маңызды кезең екенін атап өтті.

– Бұл – әлемдік ауқымдағы ірі іс-шара. Бүкіл әлемге өз мүмкіндіктерімізді көрсету үшін Сіздерге, мердігерлерге оның дайындығына қатысуға сенім білдірілді. Сіздер өз қабілеттеріңізді өзге нысандарда дәлелдедіңіздер. Отандық компаниялар, сондай-ақ біздің елімізде жұмыс істеген шетелдік мердігерлер бұған дейін ешқашан ұятқа қалдырған емес, қазір де бәрін уақытында және сапалы атқаруы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте Қазақстан Президенті бірінші кезектегі міндет – нөлдік циклды қазан айына қарай аяқтау екенін, бұл құрылыс жұмыстарын қысқы маусымда да жүргізуге мүмкіндік беретінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев уақыттың тығыздығына, соған орай кестені қатаң сақтау қажеттігіне де тоқталды.

Мемлекет басшысы барлық ғимараттардың көрме біткеннен кейін пайдаланылуының маңыздылығын тағы бір рет еске салды.

– Бастапқыда қонақ үй қызметін атқаратын барлық ғимараттар кейін баспана ретінде пайдаланылуға тиіс. Бұл көрме аумағында салынған барлық ғылыми, сауда және басқа да орталықтарға қатысты мәселе.  Көрме үшін салынған ғимараттары кейін пайдаланылмай қалған өзге елдердің қателігін қайталауға жол беруге болмайды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы осыны қадағалауы тиіс, – деді Қазақстан Президенті

Нұрсұлтан Назарбаев қаланың көрмені өткізуге толық дайын болып, отандық бай мәдениетті таныту арқылы қонақтарға жоғары қызмет деңгейін көрсетуі тиіс екенін де айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы көрменің дайындығы мен оны өткізуге бөлінетін қаражаттың жұмсалуын жіті бақылау қажеттігіне де назар аударды.

Көрме аймағындағы негізгі құрылыс нысандарының қатарында Қазақстанның ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда және сауық нысандары бар. Жалпы аумақты абаттандыруды және нысандар бойынша барлық жұмыстарды 2016 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланған.

Халықаралық көрмелер туралы конвенцияға сәйкес, Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі 3 айға – 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады.

Қазақстанда еріген қар суын жинайтын 30 су қоймасы салынады

ҚазАқпарат – Қазақстанда еріген қар суын жинайтын 30 су қоймасы салынады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен конференцияда ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Болат Бекнияз айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында жасалып жатқан бұл шара “бір оқпен екі қоянды атып алғанмен” бірдей, бір жағынан халықты тасқын судың зардабынан құтқарса, екінші жағынан өңірдегі егістікті жазда суаратын сумен қамтамасыз етеді.

«Мемлекет қарауындағы су қоймалары бар өңірлерде төтенше жағдайлар орын алмады деуге де болады. Өйткені біз ол суды су қоймалары арқылы реттеп отырамыз. Ал ондай құрылыстар жоқ жерде табиғатқа байланысты болады. Мәселен Жайық өзенінде су қоймалары өте аз, сондықтан көктем кезінде біз оның тасуын ауыздықтай алмаймыз.  Оның ернеуінен асқан су тіпті көрші мемлекетке ағып кетеді деуге де болады. Неге бізге осы суды Қазақстан жерінде жинап алып, сосын өз пайдамызға жаратпасқа», – дейді Б. Бекнияз.

Төраға орынбасарының айтуынша, бүгінде осындай құрылыс нысандарын салуға қолайлы жерлер таңдалып қойған.

«Біз барлық облыстармен келісіп, өңірлерді аралап, су қоймаларын салуға болатын жерлерді араладық. Соның нәтижесінде Қазақстанның әр өңірінде 30 шақты жаңа су қоймасын салуға болатынына көз жеткіздік», – деді Болат Бекнияз.

Оның айтуынша, су қоймаларын салуға олардың көлеміне байланысты 1 млрд. теңгеден бастап одан жоғары көлемде қаражат кетеді.

Балық қорғау шаралары туралы

2014 жылғы 19 маусымда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен Маңғыстау облыстық ІІД-нің табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлесіп өткізген балық қорғау рейдтік іс-шаралары барысында, Түпқараған ауданының «Санасар» мекені маңында Ақтау қаласының тұрғындары отырған «ВАЗ-21213» маркалы автокөлігін  тоқтатып тексерді.

Нәтижесінде көліктен жалпы салмағы 40 кг құраған 21 бекіре тұқымдас балық табылды.

Жиналған материал құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.                                                     

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Н. Қаппаров АҚШ президентінің арнайы көмекшісімен кездесті

2014 жылдың 16 маусымында Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Америка Құрама Штаттары президентінің арнайы көмекшісі, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Еуразия жөніндегі аға директоры Селесте Уолландермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі елдің арасында «жасыл» экономика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар тараптар «Астана EXPO-2017» халықаралық көрмеге дайындық барысы мен оны өткізу мәселелері бойынша ой бөлісті.

Нұрлан Қаппаров еліміздің «жасыл» экономикаға көшуіне байланысты дамыған елдермен тәжірибе алмасу мен «жасыл» технологиялар трансфертіне, сондай-ақ инвестициялар тарту арқылы Орталық Азия елдерінде су инфрақұрылымы, қалдықтарды басқару, жаңартылатын энергия көздері салаларындағы жобаларды іске асыруға мүдделі екендігін жеткізді. Осы орайда ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған  «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы жөнінде баяндады.

Н. Қаппаров Америка Құрама Штаттарын осы бағытта ынтымақтастықты нығайтып, «Жасыл көпір» бағдарламасына қатысушы елдер қатарына қосылуға шақырды.

Өз кезегінде Селесте Уолландер АҚШ-ның Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуін қолдайтындығын, сондай-ақ, осы бағыттағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Н. Қаппаровтың Тәжікстан сыртқы істер министрімен кездесуі жөнінде

 2014 жылдың 16 маусымында Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Тәжікстан Республикасының сыртқы істер министрі  Сирожидин Асловпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы шеңберінде өзара әрекеттесудің тиімді негізде жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Сонымен қатар кездесу барысында екі ел арасындағы қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды.

Н. Қаппаров Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуімен қатар Орталық Азия елдерінің де «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына қатысушы болып кіруіне мүдделі екендігін атап өтті.  Осы орайда ол Тәжікстанды аймақтағы мемлекеттердің «жасыл» жолмен дамулары үшін жағдай жасау мақсатында құрылып, «жасыл» технологиялардың трансфертін жеңілдетумен қатар, инвестициялар тарту арқылы су инфрақұрылымы, қалдықтарды басқару, жаңартылатын энергия көздері салаларындағы жобаларды іске асыруға зор мүмкіндіктер тудыратын бағдарламаға қосылуға шақырды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент