2026 жылғы наурыз айында ҚОҚАТО Экологиялық кодекстің өзекті өзгерістері бойынша оқыту семинарларын өткізеді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2026 жылғы наурыз айында ҚОҚАТО Экологиялық кодекстің өзекті өзгерістері бойынша оқыту семинарларын өткізеді

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК кәсіпорын өкілдерін, экологтарды, өндірістік экологиялық бақылау мамандарын және табиғат пайдаланушыларды наурыз айында өтетін оқыту семинарларына қатысуға шақырады.

📅 Өткізу форматтары:
• 2026 жылғы 10–12 наурыз — онлайн (Zoom платформасы)
• 2026 жылғы 18–20 наурыз — офлайн, Астана қаласы

Семинар тақырыптары:

Бағдарлама аясында экологиялық реттеу және құқық қолдану тәжірибесінің негізгі бағыттары қарастырылады:
• ҚР Экологиялық кодексінің өзекті өзгерістері
• өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ)
• эмиссияларды мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі (ЭМАЖ)
• қалдықтарды басқару
• парниктік газдарды түгендеу
• мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың практикалық мәселелері

Семинарлар практикалық бағытта ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

Сарапшылар құрамы

Лекторлар қатарында Экологиялық кодексті әзірлеуге қатысқан мамандар, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері және құқық қолдану саласында тәжірибесі бар сарапшылар бар.

Оқу қорытындысы бойынша

Қатысушыларға ведомстволық үлгідегі атаулы сертификат беріледі.

📩 Тіркелу: https://forms.gle/gDtmSV3gRPStrt7y9
📞 +7 (7172) 24-96-18
📱 +7 775 882 6145

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент