Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты көптеген елшілер өз пікірін білдіруде. Біздің ірі инвесторларымыз бен негізгі сауда әріптестеріміз болып табылатын АҚШ, Еуропалық одақ, Ресей және Қытай Қазақстанның осы ретте заңдық тұрғыдағы нормаларын сәйкестендіруге байланысты жасаған реформасын жоғары бағалады. Аталмыш ұйым әлемдік сауданың 98%-ын реттеп отырады. Ал оған мүшелікке кіру олардың ережелерін сақтай отырып, дүниежүзілік нарықты өркениетті түрде дамытуға сай болу дегенді білдіреді. Роберто Азеведо, ДСҰ бас директоры: – Мемлекеттеріңіздің ДСҰ қатарына қосылуы өте ұзақ үрдіс болды. Қазақстан мүше болып кіргеннен кейін ұйымымыз байи түсті деп айтуға болады. Тарихқа көз жүгіртсек, көптеген елдер ДСҰ-ға қосылғаннан кейін өркендеді. Экономиканы ырықтандырғаннан кейін Қазақстанның да ұйым мүшесі ретінде енді өз дауысы бар. Ангелос Пангратис, ДСҰ жанындағы ЕО елшісі: – Қазақстан ДСҰ қатарына қосылғаннан кейін елдеріңіздің экономикасы көркейеді. Еуроодақ үшін сіздердің мемлекеттеріңіз – өте маңызды әріптес. Сондай-ақ Еуроодақ та Қазақстанның маңызды инвесторы. 2005 жылдан 2014 жылға дейін экономикаға, қаржылық салаға және инфрақұрылымға құйылған инвестицияның көлемі 100 млрд долларды құрады. Қазақстан ДСҰ қатарына кірген соң Еуроодақпен арадағы экономикалық қарым-қатынас нығая түседі. Майкл Панки, ДСҰ жанындағы АҚШ тұрақты өкілі: – ДСҰ қатарына кірген мемлекет инвестиция салуға өте қолайлы болады. Қазақстан инвесторлар үшін көптеген реформалар жүргізді, қаржы құюға барлық мүмкіндіктер жасалған.
Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/97066-pin-beredi
2014 жылдың 5 тамызында Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің 2020 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасы бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Бұл шараға ҚР ҚОСРМ балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қанат Мұсапарбеков және FAO (Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы ұйымы) Аймақаралық бюросының сарапшысы Хайдар Ферсой (Анкара, Түркия) қатысты.
Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасы әзірлеу Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау аясында жүргізілді.
Құжат балық шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ су ресурстарының биологиялық алуантүрлілігін сақтау мақсатында әзірленді. Бағдарлама жобасында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын тиімді қорғау, олардың өсімін кеңейтіп, тұрақты қолдану, ғылыми қамтамасыз ету және тауарлық балық өсіруге (акваөсіру) мемлекеттік қолдау көрсету міндеттері қойылған.
Жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуы нәтижесінде балық өсіруді дамыту есебінен 2020 жылы балық аулау көлемі 10 мың. тоннаға жетекізілмек.
Қазақстанның табиғи су айдындарындағы кәсіпшілік нысандар санының азаюы жағдайында тауарлық балық өсіруді дамыту жолы балық аулау кәсібінің баламасы болмақ.
Балық аулаудан тауарлық балық өсіруге бағыт алу табиғи су айдындарын мекендейтін популяцияларға түсетін қысымды азайтуға мүмкіндік береді.
Тауарлық балық өсіруді дамыту жан-жақты әлеуметтік-экономикалық әсер береді. Тауарлық балық өсіру шаруашылықтарын дамыту саласында іскерлік белсенділігі артып, ауылдық аймақтарда қосымша жұмыс орындарының ашылуына себеп тудырады.
Құжатты дайындау ісіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің өкілдері қатысты. (Бағдарлама жобасының мәтіні министрліктің www.eco.gov.kz сайтында орналастырылған).
Еліміздің барлық өңірлерінде балық шаруашылығы су айдындарын пайдаланушылардың, балық өсіру және балық өңдеу кәсіпорындарының, балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері өкілдері қатысқан қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Бағдарлама жобасын талқылау барысында бірқатар ескертулер мен ұсыныстар енгізілді.
Қазіргі уақытта ел аймақтарында өткен қоғамдық тыңдаулардың қорытындысында енгізілген ұсыныстар талдаудан өткізіліп, мемлекеттік органдар тарапынан жасалған ескертулер жинақталып жатыр.
Бүгінгі семинар-кеңестің нәтижелері бойынша Қазақстанның 2020 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына FAO-ның сараптамалық тұжырым дайындайды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
«Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында жануарларды аңдитын автоматты камералардың (фотоқақпандардың) объективтеріне тұңғыш рет үш барыстан тұратын топ түсірілді.
«Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында жануарларды аңдитын автоматты камералардың (фотоқақпандардың) объективтеріне тұңғыш рет үш барыстан тұратын топ түсірілді.
Барыстар теңіз деңгейінен 2600 м биіктікте Кіші Өрікті шатқалында, ұлттық парктің қорық режимді аймағында түсірілді. Камералар барыстың аналығы мен оның былтыр туып, өсіп қалған екі күшігін түсіріп алған.
Камера объективтеріне сондай-ақ сол аумақты мекен ететін басқа да аңдар – тяньшань қоңыр аюы, түркістан сілеусіні және барыстың негізгі қорегін құрайтын жануарлар: таутеке, марал, елік, қабан, құм қояны іліккен.
Барыстың іздері ұлттық парктің басқа да шатқалдарында кездесетіндіктен, олардың аумақтарға таралуы мен санын анықтау үшін фотоқақпандар қолданылатын зерттеулер өрісі кеңейе түспек.
Барыстың тыныс-тіршілігін зерттеу «Көлсай көлдері» МҰТП мен ҚР білім және ғылым министрлігінің Зоология институтының ғылыми ынтымақтастығы шеңберінде жүргізілуде.
Барыстар теңіз деңгейінен 2600 м биіктікте Кіші Өрікті шатқалында, ұлттық парктің қорық режимді аймағында түсірілді. Камералар барыстың аналығы мен оның былтыр туып, өсіп қалған екі күшігін түсіріп алған.
Камера объективтеріне сондай-ақ сол аумақты мекен ететін басқа да аңдар – тяньшань қоңыр аюы, түркістан сілеусіні және барыстың негізгі қорегін құрайтын жануарлар: таутеке, марал, елік, қабан, құм қояны іліккен.
Барыстың іздері ұлттық парктің басқа да шатқалдарында кездесетіндіктен, олардың аумақтарға таралуы мен санын анықтау үшін фотоқақпандар қолданылатын зерттеулер өрісі кеңейе түспек.
Барыстың тыныс-тіршілігін зерттеу «Көлсай көлдері» МҰТП мен ҚР білім және ғылым министрлігінің Зоология институтының ғылыми ынтымақтастығы шеңберінде жүргізілуде.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызыметі
Бүгін, 2014 жылдың 30 шілдесінде Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде балық шаруашылығы саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша семинар өткізілді.
Семинарға ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, ҚР ІІМ Әкімшіліктік полиция комитетінің өкілдері және облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының мамандары қатысты.
Семинар барысында құқық бұзушылар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерге енгізуге ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырудың қағидалары қаралып, әкімшіліктік деректер базасын толтыру тәртібі түсіндірілді, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға қатысты бассейндік инспекциялар қызметінің проблемалары қарастырылды.
Жұмыс қорытындысы бойынша келешекте балық шаруашылығы саласындаға заңнаманы жетілдіру барысында ескеріленетін резалюция қабылданды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
2014 жылдың 29 шілдесінде Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті.
Кеңес отырысына бірқатар орталық мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.
Басқосу қатысушылары Кеңестің ағымдағы жылға арналған қызмет жоспары мен кестесін бекітіп, жұмыс топтарының құрамдарын белгіледі.
Отырыстың жалғасында жаһандық климаттық өзгеру мен Қазақстанның осы жағдайға бейімделу механизмдеріне қатысты бірқатар мәселе талқыланды.
Потсдамдық климаттың әсерін зерттеу институтының профессоры Юрген Кропп (ГФР) осы жаһандық үдерістің Орталық Азия аймағында тудыратын қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктер жөнінде баяндама жасады.
Ол Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мен БҰҰ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұйымының бастамасымен құрылған Үкіметаралық сарапшылар тобының бесінші есептік баяндамасының нәтижелеріне сүйеніп әзірленген Орталық Азия аймағына арналған болжамды ұсынды. Баяндамада климаттың өзгеруінің себептері мен оның салдарынан туындаған проблемаларды шешу жолдары бойынша сарапшылардың пікірі берілді.
Климаттың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа ықпал ету механизмдері жөнінде ресейлік Экономикалық жоғары мектептің қоршаған орта және табиғи ресурстар экономикасы орталығының директоры Георгий Сафонов мәлімдеді.
Климаттың өзгеруі процессінің Қазақстан экономикасына тигізетін әсері жөнінде ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров баяндады.
Министр климаттың өзгеру үдерісінің жете зерттеліп, үздіксіз бақылауда болуын қажет ететіндігін атап өтті. Министр осы мәселелерді ұлттық мүдделер тұрғысынан жан-жақты қарастыратын зерттеулердің қажеттігін жеткізді.
Баяндамада климаттың өзгеруінің ауыр салдарына ұшырауы мүмкін аймақтар мен экономика салалары аталып өтті.
Кеңес Үкіметтің қарауына халықаралық сарапшылардың қолдауымен дайындалған ұсыныстар енгізді. Осы ұсыныстардың негізінде Қазақстанның климаттың өгеру жағдайларына бейімделуі мен оның салдарын азайту үшін қажетті кешенді шаралар қабылданбақ.
Отырысты қорытындылай келе, Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларына Үкіметке Кеңес мүшелерінің пікірлері ескерілген ұсыныстарды енгізу және Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдаманың іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
BNews.kz Австралиялық академик Алматы тауларындағы қар барыстарының популяциясына климаттың өзгеруі қаншалықты ықпал ететінін зерттеп көрмек, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазақстанның таулары CQUniversity (Австралия) университеті вице-канцлерінің көмекшісі профессор Оуэн Невиннің назарын аударған екен. Ол Алматы облысының тауларындағы қар барыстарын зерттеу үшін 3 аптаға Қазақстанға келді.
Жабайы табиғат әлемін сақтау жөніндегі биолог ірі жыртқыштарды зерттеумен айналысады. Ғалым жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған қар барыстарының топтасуына климаттың өзгеруі қаншалықты әсер ететінін зерттеуге бел буып отыр.
Австралиялық университет 1967 жылы ашылған. CQUniversity бұл елдегі ең белсенді жұмыс істейтін университеттердің бірі және көптеген жылдар бойы мемлекеттік, қоғамдық, салалық топтармен және шетелдік институттармен тиімді серіктестік қарым-қатынас орнатып келеді.
2014 жылдың. 23 шілдесінде кезекті рет Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының мамандары Жайық өзеніне бекіре және шоқыр балықтарының 1,5 млн. жуық шабағы жіберілді.
Бұған дейін (25 маусым және 16 шілде күндері) өзенге Жайық-Атырау және Атырау бекіре балық өсіру зауыттарында өсірілген 2,5 млн. Данадан астам қортпа, бекіре және шоқыр шабақтары жіберілген болатын.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
2014 жылғы 18 шілдеде ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің Төрағасы Қанат Мұсапарбековтың төрағалығымен Балық шаруашылығы мәселелерін қарау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Отырыста Жайық-Каспий балықшаруашылық бассейнінің өзекті мәселелері талқыланды.
Отырыс барысында тауарлы балық өсіруді дамыту, балық ресурстарын, оның ішінде Жайық-Каспий бассейнінің бекіре балық түрлерін қорғау мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, жұмыс тобы балық шаруашылығының өзекті мәселелерін шешу мақсатында, практикалық көмек және ұсыныстар дайындау үшін екі айда бір рет бассейндік принципке сәйкес отырыс өткізеді.
Ағымдағы жылы Балқаш-Алакөл және Ертіс балықшаруашылығы бассейндерінің өзекті мәселелері қарастырылған болатын.
2014 жылдың 4–5 шілдесінде Астанада «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп, Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары мен ведомствоға бағынысты кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлері үшін «Биоалуандықты сақтау және аквакультураны дамыту» тақырыбындағы семинар-тренинг өткізді.
Іс-шара биоалуандықты сақтау, тауарлы балық шаруашылығын және аквакультураны дамыту саласындағы әлеуетті арттыру мақсатында өткізілді.
Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасы мен оны іске асыру бойынша 2013–2020 жылдарға арналған жоспарда балық ресурстарын сақтау мен тауарлы балық шаруашылығын дамыту жөніндегі міндеттер қойылған. Оларды орындау мақсатында 2020 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзірленуде. Осы жұмыстың барысымен семинарға қатысушыларды ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қайырбек Мұсабаев таныстырды.
Семинар аясында қатысушылар «жасыл» экономиканың халықаралық тәжірибесімен, 2030 жылға дейінгі биологиялық ресурстарды сақтау мен орнықты пайдалану тұжырымдамасының жобасымен танысып, балық шаруашылығының тиімділігін бағалау, аквакультураны дамыту саласындағы қазіргі технологияларды, Қазақстанда тауарлы балық шаруашылығы мен аквакультураны қолдау тетіктерін зерделеді.
Осы мәселелерді қарастырып, талқылауға «Жасыл Академия» ҒБО директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Кеңес мүшесі, профессор Б. Есекина, ҚР Статистика агенттігінің өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаментінің директоры А. Епбаева, Қазақ балық шаруашылығы» балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының ғылым және аквакультура жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары С. Темірханов, БҰҰ Даму бағдарламасы жобасының ландшафттық жоспарлау тобының жетекшісі А. Ағажаева, «КазАгроинновация» АҚ «Агроөнеркәсіптік кешенінде экономикалық саясат талдау орталығы» ЖШС-ның аға аналитигі Д. Ли қатысты.
Тыңдаушылар Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасымен танысты. Атап айтқанда, ЕҚДБ шағын бизнесті қолдау тобының гранттар жөніндегі маманы Т. Святкина банктің бизнесті қолдауға, оның ішінде балық-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын дамытуға бөлінетін гранттарды алу тетіктерімен таныстырды.
Семинар Қазақстандағы тауарлы балық шаруашылығы мен аквакультураның келешегі мен әлеуеті талқыланған дөңгелек үстелмен аяқталды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
Қазақстанда жалпы ауданы 2 миллион гектардан артық «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» экологиялық дәлізі құрылды.
Экологиялық дәліз Ырғыз-Торғай және «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қамтиды (Қостанай облысы). Бұл аумақтар киіктердің бетпақдалалық популяциясының табиғи өрістеу жолдарын қорғау мен төлдеуін қамтамасыз ету мақсатында байланыстырылып отыр.
Экологиялық дәлізді құру барысында далалық экожүйелердің, топырақтың, климаттың жағдайы ескеріліп, киіктерді ғарыш серігінен бақылау мәліметтері қолданды. Ғылыми мәліметтер мен картографиялық материалдардың сараптамалары экологиялық дәліздің аумағын анықтап, белгілеуге мүмкіндік берді.
Бұл жұмыс Жаһандық экологиялық қордың, БҰҰ Даму бағдарламасының және ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің далалық экожүйелерді сақтау және орнықты басқару жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру аясында жасалды.
Нәтижесінде қорғауға алынған дала экожүйелерінің аумағы 2,4 миллион гектардан 4,8 миллион гектарға дейін ұлғайды.
Биыл жүргізілген есеп бойынша, киіктердің бетпақдалалық популяциясын 216 мың жануар құрайды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызыметі