red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«ЭКСПО-2017 көрмесіне Жапониядан ондаған мың туристер келеді» -Казухиса Каваками

2016 жылғы 11 қараша

Токиода «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Жапониядағы жетекші туроператорлардың бірі AllCo. Ltd. компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Іс-шараға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы А.Есімов және AllCo. Ltd. компаниясының президенті Казухиса Каваками қатысты.

Кездесуде Каваками мырза оның компаниясы үшін Қазақстанға келу туристік бағдарлардың арасында  басымдылық танытатындығын және енді осы шарт шеңберінде  AllCo. Ltd Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесін Жапония аумағының барлығында ілгерілетуге дайын екендігін айтты.

«AllCo. Ltd ЭКСПО-2017 көрмесіне барумен қатар, Астана қаласына және Бурабайға турлар сатуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде біз бүкіл ел бойынша Көрме туралы буклеттер мен басқа да жарнамалық материалдар таратудамыз. Ақпарат біздің интернет-сайттарымызда үнемі жаңартылып отырады», – дедіКазухиса Каваками.

Өз тарапынан Ахметжан Есімов Ұлттық компанияның AllCo. Ltd компаниясына Көрмені ілгерілету үшін қажетті консультациялық-әдістемелік көмектің барлығын көрсететінін мәлімдеді.

«Көрмеге кірушілер саны 5 миллиондай болады деп доспарланып отыр. Жапониялықтар саяхатты ұнататын ұлттардың бірі, Сіздің елден келетін қонақтар пайызы да осылай жоғары болады деп сенеміз», – деп атап көрсетті Ұлттық компания басшысы.

Өз кезегінде AllCo. Ltd. президенті Жапониядан Қазақстанға және ЭКСПО-2017 көрмесіне туристер тарту тұрғысынан өз компаниясының жапониялық 2000 туристік компанияның барлығымен ынтымақтастықты бастайтындығын айтты

«ЭКСПО-2017 өзінің көкейкесті саясатымен және бірегей контентімен барлық әлем үшін өте маңызды іс-шара болып табылады. Сондықтан біздің компания бәсекелестермен бірігіп, Көрмеге жапондық туристерді бірлесіп тартуға келістік және ЭКСПО-2017 көрмесіне біздің елімізден ондаған мың адам келетіндігіне сенімдімін», – деді Каваками.

Естеріңізге сала кетелік, Халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді.

15007686_691929167649393_1066763059_o

Дереккөз: EXPO-2017 Астана

Оңтүстік Кореяның жетекші туроператорлары Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қолдау көрсетеді

Сеул қ., 11 қараша 2016 ж.

Корея Республикасының аса ірі туристік компаниялары ЭКСПО-2017 көрмесіне туристер тартуда жан-жақты көмек көрсететін болады.

Мұндай келісімге Сеулде «Астана ЭКСПО» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Оңтүстік Кореяның «Kim’s Travel Service Co., Ltd» және  «KORAIL Tourism Development Co. Ltd.» туроператолары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында белгілі болды.

Іс-шараға «Астана ЭКСПО» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қазақстан-Корея ынтымақтастыққа ықпал ету орталығының директоры Ву Джонг Хи, «Kim’s Travel Service Co., Ltd» президенті Ким Чун Чу және «KORAIL Tourism Development Co. Ltd.» президенті  Бэнг Чан Хун қатысты.

Келісім шеңберінде кореялық әріптестер Ұлттық компанияға туризм мәселелері бойынша консультациялық, ақпараттық-сараптамалық және әдістемелік қолдауды қамтамасыз етуде, сонымен қатар, өз елдерінің аумағында қазақстандық турпакеттерді таратуды қамтамасыз етуде көмек көрсетуге ниетті.

«Бүгінгі таңда біздер отандастарымыздың тарапынан Қазақстанға деген және ЭКСПО-2017 көрмесіне үлкен қызығушылықтың барын байқап отырмыз. Сіздердегі туристік пакет, сондай-ақ, Көрменің қызықты мәдени-ойын-сауық бағдарламасы Кореядан мыңдаған туристерді тартатындығына сенімдімін», – деді ВУ Джонг Хи ханым.

Өз кезегінде, Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов кореялық тарапқа ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбына қызығушылық танытқаны үшін және Көрмеге Кореяның бизнес қауымдастығы тарапынан білдірілген қолдау үшін алғыс айтты.

«Бүгінде Самсунг пен Сигантек сияқты жетекші кореялық компаниялар ЭКСПО-2017 көрмесінің әріптестері болып табылады. Көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбы Кореяда, әсіресе бизнес үшін, өте өзекті деп ойлаймын. Туризмге келетін болсақ, біз көрмеге келушілер ағынында Сіздердің республикаларыңыздан күтеріміз көп. Сеулдан Астанаға және Алматыға тікелей әуе қатынасы арқылы ғана Көрме басталардан 93 күн бұрын 25 мыңдай адам келуі мүмкін. Оның үстіне, біздің мемлекеттеріміз арасында визасыз кіру режимі орнатылған», – деді Ахметжан Есімов.

Іс-шара аяқталғаннан кейін кореялық тараптың бастамасы бойынша және Қазақстан елшілігінің қолдауымен Қазақстан-Корея ынтымақтастыққа ықпал ету орталығының салтанатты ашылуы өтті, бұл орталық сонымен қатар, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерілету орталығына да айналатын болады.

15034398_692438030931840_1125739510_o

15051999_692438267598483_692282204_o

Дереккөз: EXPO-2017 Астана

Қарқаралы ЕХРО қонақтарын қабылдауға дайын

Дереккөз: www.24.kz

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы ЕХРО-2017 көрмесіне келетін қонақтарды қабылдауға дайын. Тамылжыған табиғаты бар таулы өлкеде қазірдің өзінде 24 демалыс орны жұмыс істеп тұр. Биыл тағы 4 қонақ үйдің құрылысы басталған. Жолдар жөнделіп, көшелер абаттандырылды. Қонақтарға кәдесый жасап беретін цех іске қосылған. Кәсіпкер Сергей Валиахметов басқаратын бұл демалыс орны жақында ғана ашылған. Бір мезгілде 70 адамға қызмет көрсете алады. Мұндағы үйлердің барлығы жергілікті жердің ағашынан салынған. «Сондықтан болар, шетелдік туристер тарапынан сұраныс жоғары», – дейді ол. Сергей Валиахметов, кәсіпкер: – Ағаштан жасалған үйлер табиғатқа жарасып тұрады. Келген кісілер жақсы демалып кетеді, ауасы жақсы деп. Рақметтерін айтып кетеді. Қазір Қарқаралыда дәл осындай 24 демалыс орны жұмыс істеп тұр. Биыл тағы төртеуінің құрылысы басталған. Бұл мақсатқа кәсіпкерлер 3 млрд теңге инвестиция құйыпты. Осылайша тарихы бай, табиғаты көркем Қарқаралы өңірі бір мезгілде 3 мың қонақты қабылдамақ. 11 туристік маршрут бекітілген. Ал қыста келетіндер үшін екі шаңғы базасы мен мұз айдыны бар. Жақында ашылған шипажайда тәжірибелі дәрігерлер жұмыс істейді. Халел Мақсұтов, Қарқаралы ауданының әкімі: – Еліміз үшін үлкен бір оқиғалы жыл – ЕХРО-2017 көрмесі. Бұған 5 млн-дай халық келеді деп жатыр. Үш мың адамды бір күнде қабылдауға Қарқаралының басындағы демалыс орындары мен қонақ үйлері дайын. Қарқаралыда көрсететін, насихаттайтын жерлер өте көп, сондықтан қонақтарды қабылдауға біз дайынбыз. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жалпы жер аумағы 120 мың гектардан асса, соның 26%-ы туризм кластерін дамыту бағытында игеріліп отыр. Биыл осы саладан аудандық бюджетке түскен салық мөлшері 600 млн теңгеге жеткен. Бұған қоса туризмнің арқасында кәсіпкерлік сала дамып, 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Жергілікті мамандардың айтуынша, тек биылдың өзінде Қарқаралы өңіріне 100 мың турист келіп кетіпті. Келер жылы одан да көп болуы мүмкін деген болжам бар. Ал оларға естелікке кәдесый алу үшін қалада ағаш цехы ашылды.

Жасыл экономика. Еліміздегі тұрмыс қалдықтарын басқару жүйесі

Дереккөз: www.24.kz

Қазақстанда жылына 5-6 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналады. Оның тек 1,8 пайызы өңделеді екен. 2030 жылға қарай өңделетін қоқыс үлесі 40 пайыздан кем болмауы керек. Негізі бұл сала ауқымды инвестициялар мен заманауи технологияларды қажет етеді. Елімізде бүгінде бұл салада қандай жобалар мен шаралар атқарылып жатыр? Толығырақ осы шығарылымда.

Doing Business – те «секіргеніміз»

Дереккөз: energo.gov.kz

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» елдер рейтингісінде «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша бірден Қазақстан 27 сатыға секіріс жасады және ТМД-да  ең үздіктердің бірі болды.

Дүниежүзілік Банктің Doing Business – 2017 жарияланған рейтингісінде Қазақстан өткен жылғы 41-ші орыннан көтеріліп, әлемнің 190 елінің арасынан 35-ші орын алды. Бұл туралы ақпарат Дүниежүзілік Банктің ресми сайтында орналастырылды. Бұдан басқа, Қазақстан саны ең көп реформаларды жүзеге асырған елдердің қатарына енді.

Дүниежүзілік Банктің баяндамасында елдердің рейтингі ұлттық компаниялар үшін кәсіпкерлік қызметті нормативтік құқықтық реттеудің маңызды аспектісі бойынша жүргізіледі. Doing Business елдер рейтингісін қалыптастыруда негізге 10 индикатор  алынған.

Индикаторларының бірі «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» болып табылады, осы индикатор бойынша Қазақстан өткен жылғы 102-ші орыннан осы жылы рейтингте 75-ші орынға секіріс жасады, яғни бірден 27 сатыға көтерілді. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Әзірбайжан – 105-ші орын, Қырғызстан – 163-ші орын, Украина – 130-шы орын сияқты ТМД елдерін басып озды. Ресей мен Белорусь бұл рейтингте тиісінше 30-шы және 24-ші орын алды.

Баяндамада 2015 жылғы 2 маусымнан бастап 2016 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде жүргізілген реформалар есепке алынған. Осы уақыт аралығында электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша Қазақстандық бизнес үшін жағдайды жақсартатын маңызды реформаларды жүзеге асырды. Осы кезеңде Қазақстанның заңдарына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Атап айтқанда, белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғылары бар тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру мерзімі 14 күннен 5 күнге дейін қысқартылды. Энергия беруші ұйымдармен тұтынушылардың жобалық шешімдерін келісу мерзімі 20 күннен 3 күнге дейін азайтылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды. Енді жобалаушыға мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасына жұмыстың басталуы туралы хабарламаны электрондық түрде жіберу жеткілікті. бұдан басқа, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органынан электр желілеріне қосылуға рұқсат алудың қажеттілігі жойылды.  Электрмен жабдықтаушы ұйыммен электр жабдықтауға шарт жасасудың бір апталық мерзімі үш күнге дейін қысқартылды.

Электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткішінің бекітілген мәнін сақтамағаны үшін  энергия беруші ұйымдардың басшыларына әкімшілік айыппұлды енгізу де тағы бір жаңалық болды. Doing Business халықаралық рейтингісінде Қазақстан Ресей, Бельгия, Италия, Грекия және Люксембург сияқты мемлекеттердің алдына шығып, Жапония мен Румынияның арасына орналасты. Жаңа Зеландия осы жылы бизнесті жүргізу үшін ең қолайлы шарттары бар ел болды, екінші орынды Сингапур алды, Дания үшінші орынды сақтап қалды.

Жасыл экономика. Трансшекаралық су ресурстарын басқару

Дереккөз: www.24.kz

2020 жылға дейін су ресурстарын тиімді пайдаланып, инфрақұрылымдарды жаңартудың арқасында оған деген тапшылықты төмендету көзделген. Еуропалық экономикалық комиссияның трансшекаралық су ресурстары бойынша жасалған арнайы конвенциясы бар. Онда суды басқару мен көлемін бақылау бойынша Орта Азия мемлекеттері үшін нақты шешімдер көрсетілген. Халықаралық құжат Қазақстанның да көршілермен су ресурстарын басқаруда орын алған мәселелерін шешуге ықпал етуі тиіс. Қазіргі таңда елімізде 8 өзен байссені бар. Олардың ішінде Ертіс, Балқаш-Алакөл, Арал-Сырдария, Жайық-Каспий бассейндері ең ірілері болып саналады. Ол су ресурстарының 90 пайызын құрайды. Қазақстан 2000-2014 жылдар аралығында осы бағытта өзге елдермен келісім жасасты. Қазір Қытаймен су ресурстарын басқару бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Бозымбаев: Алдағы 7 жылда Қазақстанда АЭС салынбайды

Дереккөз:lenta.inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алдағы жеті жылда Қазақстанда атом электр стансасының құрылысы қарастырылып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі жалпы отырыстан кейін ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білесіздер, бүгінде Қазақстанда электр энергиясының профициті қалыптасып отыр. Осы ретте жазда 5 мың мегават, ал қысқы жүктемеде шамамен 3,5 мың мегаватқа жетеді»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, ұзақ мерзімді баланс ғылыми институтпен, КЕГОК-пен әзірленіп, ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген және ол жеті жылдық болжамға негізделген.

«Жеті жылдық кезеңде біз тапшылық байқалмайды деген тұжырымдамыз. Сондықтан да аталған кезеңде атом стансасы секілді қандай да бір жаңа қуаттарды көріп отырғамыз жоқ»,-деп атап өтті Қ. Бозымбаев.

Айта кетейік, соңғы бірнеше жылдан бері Қазақстан атом электр стансасын салу тақырыбы қызу талқыланып келеді. Алайда, бұл станса қай уақытта салынатындығы туралы нақты шешім жасалған жоқ.

Жасыл экономика. Стартап-жобалар байқауы

Дереккөз:www.24.kz

Болашақтың таза технологиялары бір алаңға жиналды. Астанада өткен «New energy global startup fest» байқауы әлемнің 45 елінен 800 стартап-жобаның басын біріктірді. Өнертапқыштардың көздегені келер жылы елімізде өтетін ЕXPO көрмесіне қатысу болса, инвесторлар әлеуметтік жобаларды іздеп келгенін жасырмады. Озық технологияларды таныстырған жобалардан ақтық сынға 100-і өтті. Үміткерлер арасында 5 қазақстандық стартап-жоба да бар. Байқау жайлы толығырақ осы шығарылымнан көре аласыздар.

Еліміздің ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жүргізіледі

Дереккөз: energo.gov.kz

Бүгін энергетика министрі Қанат Бозымбаев атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдерімен кездесіп, тиісті мәміле жасасты. Мәртебелі миссияны атқаруға халықаралық сарапшылар шақырылды. Олар атом саласының қазіргі аяқ алысын бағамдап, жүйелі жоспарды жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл ретте, мамандар өңірлерді аралап, өндіріс орындарына бармайды. Тек тиісті өлшемдер бойынша жауапты министрлік пен жергілікті компаниялар ұсынған бағалау есебін талдайды.

Бақытжан Жақсалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

– Миссия 7 қарашаға дейін жалғасады. Біз жергілікті инфрақұрылымға шынайы баға беріп, жүзеге асырылып жатқан ядролық бағдарламаларды сараптап алғымыз келеді. Әсіресе, медициналық бағытта және өндірісте бейбіт мақсатта қолданылатын технологияларды жан-жақты зерделеуге міндеттіміз.

Дохи Хан, АЭХА атом энергетикасы департаменті бөлімінің директоры:

 – Бағалау ұлттық ұстаным, ядролық қауіпсіздік, қаржыландыру сынды 19 өлшем бойынша жүргізіледі. Біз өңірлерде орналасқан нысандарға бармаймыз. Дегенмен, Қазақстанның бағалау есебіне басты назар аударамыз. Біздің бұл сапарымызды толығымен МАГАТЭ қаржыландырады.

Жасыл экономика. Қазақстанның климат өзгеруіне бейімделу жоспары

Дереккөз: www.24.kz

Қазақстан климат өзгеруінің алдын-алу, салдарын жою секілді халықаралық аренада көтеріліп жатқан әрбір бастаманың басы-қасында жүр. Еліміз CO2 шығарындылар көлемін қысқарту бойынша өзіне бір белгілі міндеттемелер алған.  Бүгінгі шығарылым климаттың өзгеруіне бейімделу жайына арналмақ. Жалпы климаттың өзгеруі әсіресе экономиканы құраушы салаларға қатты әсер етеді. Олар ауыл шаруашылығы, жайылым не суармалы жерлер, егін шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері. Бұл жағдайға қарапайым шаруалар қалай бейімделмек? Елімізде бұл салада атқарылып жатқан жобалар бар ма? Олардың бағыты қандай?

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент