Дереккөз: 24.kz
ШҚО ТЖД ҚАР КӨШКІНІ ХАБАР 24 СОНДАЙ-АҚ… Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандар саны 15-ке жетті Алматыдағы ұшақ апаты: куәгер оқиғаның қалай болғанын айтып берді Алматыдағы ұшақ апаты: ауруханаға түскен 5 азаматтың жағдайы ауыр Алматыдағы ұшақ апаты: құтқару жұмыстары жалғасуда Дариға Назарбаева Алматыдағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты Еліміздің шығысында қар көшу қаупіне байланысты ТЖД шаралар қолданды 20:55, 26.12.2019 54 UPD: 21:49, 26.12.2019 Шығыс Қазақстанда соңғы 10 тәулік бойы қар толассыз жауып тұр. Қазір кей аймақтардағы ақ ұлпаның қалыңдығы белуарға дейін жетеді. Таулы беткейде көшкін жүруі мүмкін. Осыдан қауіптенген селден қорғау мекемесінің мамандары мен төтенше жағдайлар қызметі қабақтағы қарды жарып, құлатуға кірісті.
Қауіпті аумақтардағы қардың қалыңдығын есептеу үшін арнайы таяқша белгілер орнатылады. Сол бойынша күнделікті 22 бақылаушы мәліметті орталыққа жеткізіп отырады. Көшкін жүруі мүмкін аумақтардағы қар жасанды жарылыс арқылы түсіріледі.
Омар Дүзгінбаев, «Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының жетекшісі:
– Күнделікті бақылаушылар қардың қалыңдығын бізге орталық диспичерге беріп тұрады. Бүгінгі күнге дейін 6 жару жұмыстарын өткізіп, жалпы көлімі 10 мыңнан аса текше метр қарды құлатып түсірдік.
Биылдан бастап төтенше жағдайлар қызметкерлері жарылыс жасалатын жерді әуелі дрон арқылы көріп алады. Бұл мамандардың жарылғыш заттарды тау басына шығару кезіндегі қауіпсіздігінің кепілі . Өйткені биік тауда өздігінен түсетін қар көшкіні көп болады.
Қуаныш Есенбаев, облыстық ТЖД бас құтқарушысы:
– Қардың қалыңдығы мөлшермен осы техника арқылы көріп, мына экраннан көрсетеді. Қанша екенін. Сонымен зерттеп байқаймыз.
– Бұрынғы кезде бәрі қолмен адамдар өздері шығып қаншама уақыт айналады. Ол жер қолайсыз. Басқа жерге бару керек. Соның бәрі көп уақыт алатын. Қазір техниканың көмегімен үнемді, уақыт пайдаланамыз.
Жалпы аймақта қар көшкіні болатын 336 аумақ бар. Ол жерлерде елді мекен мен демалыс орындары және автокөлік жолдары бар.
Олжас Керейхан, тілші:
– Бұл Өскемен-Алтай ауданы автокөлік жолның 32-шақырымы. Екі жағы құз беткейдегі кей жерлердегі қардың қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Сондықтан үнемі бақылауда болдады. Ал қыста бұл жерде қар жасанды жолмен түсіріледі.
Былтыр аймақта қар аз болды. Бірақ соның өзінде 50-ге жуық жарылыс жасалып, 100 мың текше метр қар түсірілген. Биыл желтоқсан айындағы қардың мөлшері кейбір жерлерде 80 сантиметрге жетіп қалды. Ал алда қаһарлы қаңтар мен ақ түтек бораны бар ақпан бар.
Дереккөз: inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауасы ластанған қалалар қатарындағы Өскеменнің экологиялық мәселелерінің шешімі бар ма? Бұл сұраққа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елімізде бірнеше проблемалық қала мен облыс бар. Сондықтан, әр облыс пен әр қалаға қатысты мәселені шешу жолын іздедік. Экологиялық мәселесі бар өңірлердің бірі – Өскемен қаласы. Жалпы, Шығыс Қазақстанның экологиялық ахуалын білеміз. Шығыс Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі – «Казцинк» компаниясы. Ол Риддер мен Өскемен қаласында жұмыс істейтін ірі мекеме. Біз сол мекеменің басшысын шақырып алып, мына мәселені қалай шешуге болады деп ақылдастық. Бір жағынан жаңа Экологиялық кодекс күшіне енгеннен кейін 2025 жылға дейін ең озық қолжетімді технологиялар ұғымы пайда болады. Дегенмен, Өскемен қаласының проблемасын 2025 жылды күтпей, шешу керек деп ойлаймыз», – деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министр «Казцинк» металлургиялық компаниясының басшысымен кездесіп, нақты келісімге қол жеткізілгенін айтады.
«Сол келісімге сәйкес, «Казцинк» компаниясы қателеспесем, 300 млн доллар қаражат салғалы отыр. Олар осы сома арқылы фильтрді емес, технологияны өзгерткісі келеді. Ең озық қолжетімді технологияларды 2025 жылды күтпей, келесі жылдан бастап енгізбек. Біздің есебіміз бойынша бұл технология 3-4 жылдың ішінде ауаға таралатын шығарындыларды 20-30 пайызға азайтады. Бұл – өте жақсы нәтиже, меніңше», – деді ол.
Мағзұм Мырзағалиев «Казцинк» басшылығынан неліктен 2025 жылды күтпей, озық технологияларды тезірек енгізуге асығып отырғанын сұраған.
«Біздің алған жауабымыз мынадай болды: «Казцинктің» қазіргі қожайыны – еуропалық компания. Еуропада нарық пен экологиялық талаптар жоғары. Егер біздің компаниялар еуропалық деңгейге шықпаса, онда «Казцинк» компаниясы өндіретін өнімдерді еуропалықтардың сатып алуы екіталай. Сондықтан, кәсіпорын аталмыш мәселеге қазірден бастап назар аударып отыр», – деді ол.
Министр Өскемен қаласында ауаны ластайтын негізгі үш ірі кәсіпорын барын, «Казцинк» компаниясымен бірге тағы екі кәсіпорын тиісті талаптар бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.
Дереккөз: inform.kz
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде жаңа жыл қарсаңында «Шырша» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты ММ мемлекеттік инспекторларымен бірлесіп орман қорын күзету бойынша рейд жүргізетінін хабарлады. Жедел алдын алу шарасы барысында ағаш пен ағаш материалдарын тасымалдайтын көліктер тексеріледі. Қаладағы қылқан жапырақты ағаштар сататын сауда нүктелерін анықталды.
«Сатушылардың айтуынша, барлық шыршалар мен қарағайлар Ресейден әкелінді. Базардағы бір қарағай мен шыршаның ең төменгі бағасы – 4000 теңге. Олар ұзақ уақытқа шыдамайды, жылы бөлмеде олардың инелері тез бұзыла бастайды. Рейд барысында тиісті құжаттары жоқ 38 қылқан жапырақты ағаш тәркіленді», – деп түсініктеме берді Семей қаласының ПБ баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар, полиция кесілген қарағай үшін жаза бар екенін ескертті және бұл қылмыстық жауапкершілікке жататынын айтты.
«Зиянкестерге 120 АЕК-ке дейін айыппұл салынады (303000 теңге) немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады, егер жойылған және кесілген ағаштар орман қорының бөлігі болса, онда айыппұл 160 АЕК-ке дейін (404 000 теңге) болады немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 40 тәулікке дейін қамалады», – деп атап өтті ПБ баспасөз қызметінде.
Айта кетейік, «Шырша» жедел алдын алу шарасы аймақта 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Дереккөз: 24.kz
Шығыс Қазақстан облысында осы айдың басынан бастап қылқан жапырақты орманды қорғау шаралары күшейтілді.
Өйткені келе жатқан жаңа жыл мерекесі қарсаңында жасыл желекті отаушылар қатарының артатыны жасырын емес. Шыршаларды табиғат қаскүнемдерінен сақтау үшін орманнан шығатын жолдарға арнайы бекеттер қойылды. Рұқсатсыз орман сұлуын отаған азаматтар әкімшілік жауакершілікке тартылмақ. Олар заңсыз әрекеттері үшін 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Бұнымен қатар келтірілген шығын көлемін де өтейді. Әзірге өңірде браконьерлік іс тіркелген жоқ. Ал мерекелік шаралар үшін белгілі бір шырша мөлшері қарастырылған.
Арман Есентаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:
– 18 желтоқсан күнгі жағдайға 880 шырша берілген, оның ішінде 344 шырша берілді, дайындалды, ол шыршалар мәдени іс-шараларды өткізу үшін мектептерге, балабақшаларға оқыту мекемелерге берілген.
ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылдың 11-13 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:
Іс-шараға «Timal Consulting Group» ЖШС, «Batys Petroleum» ЖШС, «Емир-Ойл» ЖШС, «Ақ жол құрылыс» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Эврика Олеум» ЖШС, «Human Health Institute» ҚБ, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ағротехникалық университеті» КЕАҚ, «Эко Қамқор Болашақ» ҚБ өкілдері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекстің жаңа редакциясының соңғы өзгерістерімен және толықтыруларымен таныстырылды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» нормативтік-құқықтық актілердің локальды базасымен қамтылды.
Семинар соңында қатысушыларға куәлік берілді.
Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда.
Біліктілікті арттыру бойынша басқарма
Дереккөз: inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Экология геология және табиғи ресурстарды қорғау министрлігі қырғыз əріптестермен су ынтымақтастығы мəселесін талқылап, сондай-ақ Бішкекке ХАҚҚ жұмысын қайта жаңғыртуды ұсынды.
Бұл туралы бүгін министрлік өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жазбадағы мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев дүйсенбі, 16 желтоқсанда Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барып, оның барысында бірқатар су-энергетикалық саладағы ынтымақтастық мəселесін талқылады.
Министрдің сапары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға жуырдағы мемлекеттік сапарынан кейін өтті. Ол Қазақстан Президентінің Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуінде көтерілген су саласындағы бірқатар мəселелерді шешу қажеттілігінен туындады.
Бішкекке сапары барысында М. Мырзағалиев Қырғызстан Республикасының бірінші премьер-министрі Кубатбек Бороновпен, Жогорку Кенеш төрағасы Дастанбек Джумабековпен, сондай-ақ Қырғыз Республикасы үкіметі жанындағы мемлекеттік Су ресурстары агенттігінің директоры Кокумбек Таштаналиевпен кездесті.
Келіссөздер барысында Экология министрлігінің басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық-Азиялық су-энергетикалық консорциум құру туралы бастамасын бішкектік əріптестердің есіне салып, оған қайта оралуды, бірлесе күш салуды іске асыру мүмкіндігін ұсынды.
Сондай-ақ М. Мырзағалиев Қырғыз Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорындағы (ХАҚҚ) ынтымақтастығын қайта жаңғырту мəселесін көтерді. Бішкек 2015 жылдан бастап, өзінің ХАҚҚ пен оның органдарына қатысуын шектей тұрған болатын.
«Біз тек бірлесе күш салудың арқасында ғана Арал су алабының трансшекаралық өзендерінің су-энергетикалық ресурстарын ортақ пайдалану мəселесі секілді күрделі проблеманы оң шеше алатынымызды жекіздік. Тиімділікті күшейту мақсатында оның қызметін жетілдіру бойынша іс-шаралар белгіленген. Қазақстан қырғы тарапының бұл мəселе жөніндегі ұсыныстарын талқылап, кеңестер беруге дайын»,- деді Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі.
Министр сондай-ақ Шу өзені су алабына қырғыз тарапының су беру кестесі туралы мəселе көтерді.
Оның айтуынша, бұл мəселені шешу мақсатында онлайн-режімде гидрологиялық деректерді алмасу жүйесін енгізу қажет.
«Бұл мəселенің айқын жүргізілуі су шаруашылығы саласындағы өзара сенімді арттырып, ынтымақтастықты күшейтеді», – деді М. Мырзағалиев.
Тараптар сондай-ақ Сырдария өзені су алабының су-энергетикалық ресурстарын пайдалану мен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су қатынастарының басқа да мəселелері жөніндегі екіжақты ынтымақтастықты кеңейту ұсыныстарын əзірлеу бойынша жұмыс тобының қызметін талқылады.
Қазақстан тарапынан бұл жұмыс тобын Экология, геология жəне табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Николаевич Громов басқарды.
Экология министрі қырғызстандық əріптестеріне тиісті мемлекеттік органның осы жұмыс тобындағы лауазымды тұлғасын белгілеуді, сондай-ақ таяу уақытта оның бірінші отырысын өткізуді ұсынды.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ Сырдария өзенінің су алабындағы су шаруашылығының жағдайын да қозғады.
Дереккөз: inform.kz
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте тазалықты дәріптейтін дәстүрлі «Таза қала» акциясының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімі Ерлан Айтаханов мерекелік шарада қаланың тазалығын сақтауға үлес қосқан тұрғындарға алғысын айта отырып, шаһар тұрғындарын ТМД елдерінің мәдени астанасы атануымен және алдағы келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Акция аясында «Үздік көше», «Үздік аула» номинациялары бойынша Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының тұрғындары жүлделі орындарды иеленіп, ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Ал Еңбекші ауданы – жылдың үздік ауданы атанды. Сонымен қатар, қала тазалығына белсене атсалысқан құқық қорғау органдарының өкілдері бағалы сыйлықтарға ие болды.
Айта кетейік, үш айға созылған акцияны Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша қалалық «Азаматтық альянс» қауымдастығы ұйымдастырған.
Дереккөз: inform.kz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы зообағының байырғы тұрғыны, танымал Алькор есімді ақ аю 30 жасқа толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алькор немесе Коля есімді ақ аю бүгін 30 жасқа толды. Адам өмірімен өлшейтін болсақ, 100-ге келді. Зерттеулерге сәйкес, табиғат аясында ақ аюлар 20 жасқа дейін, ұрғашылары 25-30 жасқа дейін өмір сүреді.
Алькор 1989 жылы Калининград зообағында туған. 1990 жылдан бері Алматы зообағында өмір сүріп келеді.
«Бұған дейін Алькордың ұрғашы «құрбысы» Кристина бар болатын. Бұл жануар да ұзақ өмір сүрді. Екеуінен Умка есімді қонжық бар. Қазір Умка чех зообағында тұрып жатыр»,- дейді Алматы зообағының өкілі Михаил Сорокоумов.
Хайуанаттар бағының бас ветеринар міндетін атқарушы Алина Чимирук ақ аюдың азығы туралы айтты.
«Алькордың жасын ескеріп оған арнайы ас мәзірін дайындаймыз. Көбіне түрлі ботқалар, балық, балық майын береміз. Ол етті өте жақсы көреді. Сонымен қатар, көкөніс пен жеміс-жидек жейді. Үнемі ветеринар дәрігердің бақылауында»,-деді ол.
Алькор туралы ҚазАқпарат бұған дейін де жазған.
Дереккөз: inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәслихаттар табиғатты қорғауға арналған жергілікті бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауға алуы тиіс.
Бұл туралы бүгін Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференцияда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мәслихат депутаттары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз аумақтарындағы проблемалардың барлығын да жақсы білетіндігі сөзсіз. Соған сәйкес олар мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге, тірек және спутниктің елді мекендердің тізбесін түзуге барынша белсенді қатысуы тиіс», – деді Сенат спикері.
Осы ретте ол қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі 2025 жылға дейін өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп жатқанын және оған мәслихат депутаттары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары араласуы тиістігін баса айтты.
«Таяуда, Сенатта біз су мен су үнемдеу, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және қайта өңдеу проблемалары туралы айттық. Қоршаған ортаның ластануы, су сапасының нашарлығы адамдардың денсаулығына әсер етіп, өмірлерін қысқартады. Экологиямызды, туған жерімізді сауықтыру бойынша жедел нақты шаралар қажет. Олай болмаған жағдайда жеріміз үлкен қоқыс алаңына айналады», – деді Дариға Назарбаева.
Сенат спикерінің дерегінше, кәсіпорындар ағын сулардың шамамен 50 пайыздан астамын тазартпастан ағызып жібереді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға арналған 3 500-ден астам полигонның 17 пайызы ғана санитарлық нормаларға сай келеді. 8 608 санкцияланбаған қоқыс алаңы анықталған. 2018 жылы қайта өңделген және жойылған тұрмыстық қалдық үлесі небәрі 11,5 пайызды құраған. Бұған қоса, 30 мрлд тоннадан астам өнеркәсіп қалдығы жиналып қалған. 2018 жылы оның небәрі 32 пайызы ғана өңделген.
«Жергілікті атқарушы органдар бюджетте табиғатты қорғау шараларына арналған қаражаттың жоқтығын айтып шағымданады. Бұл орайда қоршаған ортаны ластау эмиссиясы үшін барлық төлемдер жергілікті бюджетке түскенімен басқа мақсаттарға жұмсалады. Барлық деңгейдегі мәслихаттар табиғатты қорғауға арналған жергілікті бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауға алуы тиіс», – деді Дариға Нұрсұлтанқызы.
Источник: inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ғалымдар ілбісті (қар барысы) фототұзаққа түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды
«Қазақстанда 130-150-ге жуық ілбіс (қар барысы) мекендейді.Ұлттық парктің мамандары жабайы жануарлардың саны мен қорғалуын бақылауды ескере отырып фототұзақтар орнатуда. Биыл Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында ілбіс камера объективіне 5 рет ілікті. Соңғы кадрлар 2019 жылдың қарашасында түсірілген», – деді Сәкен Ділдахмет.
Оның айтуынша, бұл суреттердің бәрі жануарларды сақтауға бағытталған шаралардың нәтижесі.