red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматыда 200 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланды

Дереккөз: inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы Медеу ауданында 200 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланды. Бұл туралы аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылы 15 тамызда ҮЕҰ мен қала белсенділерінің қатысуымен өткен қаланы көгалдандыру жиынында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев үш жылдық Jasyl Almaty жобасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп, 2022 жылға дейін миллион ағаш отырғызуды тапсырды.

Осыған байланысты Медеу аудандық әкімдігі «Медеу-2023» Стратегиялық жоспарын дайындап жатыр. Онда ауданды дамытуға арналған барлық бағыт қарастырылған, оның ішінде көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау мен экология мәселелері де бар.

«Жоспар аясында үш жылда 180-200 мың ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Ағаш отырғызуға арналған орын мен локацияны анықтап қойдық. Былтыр Жасыл экономика басқармасы Көк-Төбе аумағында 100 мыңға жуық бұта мен көшет отырғызды», – деді С.Мәкежанов.

Алматыда ауа тазалығын бақылайтын қоғамдық қор құрылды

Дереккөз: inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыдағы ауа тазалығын бақылаумен айналысатын «AAirVision.kz қоғамдық қоры құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қордың құрылтайшылары Берік Қаниев пен Алексей Ни қаладағы ауа бассейнін бірнеше жыл ішінде тазартуды қолға алып отыр.

Ол үшін қоғамдық қор мемлекеттік органдармен, азаматтық сектормен, қазақстандық және шетелдік ғалымдармен бірге жұмыс істемек.

«Қазір алматылықтар үшін ең басты проблема – ауа тазалығы. Біздің қор қоғамдық белсенділер, ғалымдар, инженерлер, экология бойынша сарапшылар, бұл проблеманың ортақ шешімін тапса дейміз. Біздің ұйым коммерциялық емес. Біздің мақсатымыз қаламызды барлығымыз үшін қауіпсіз ету», – деді Берік Қаниев.

Қор құрылтайшылары бұл қорға барлық экология мамандарын тартқысы келеді.

«Осы жерден ортақ стратегия құрылса деп ойлаймыз. Осы тақырыпта семинарлар, конференциялар өткізсек. Заң шығару процестеріне қатысып отыруға ниеттіміз. Бұл ұйым әкімдік пен халық арасындағы алтын көпір болмақ. Мұнда экологиялық мониторинг жүргізіледі. Халықтың экологиялық білімін арттырып, ел арасында экологиялық мәселелерді насихаттауды басты мақсат етіп отырмыз», – деді қор құрылтайшылары.

Ең алғашқы қадам ретінде заманауи мониторинг жүйесін жасау ұйғарылды. Бұл жүйе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы рұқсат берген әдістемелердің негізінде жасалады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімдігі қалада 517 мыңнан астам көлік тіркелгенін хабарлаған еді. Одан бөлек, күн сайын қалаға 250 мыңға жуық көлік кіреді. Сондықтан да қала атмосферасына шығарылатын зиянды заттардың деңгейі жоғары.

Сондай-ақ,Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы ауасының ластануы бойынша мәлімдеме жасады.

Қазақстанда киікті атуға 2023 жылға дейін тыйым салынды

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда киікті 2023 жылға дейін атуға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Киіктердің санын көбейтіп, оларды сақтау мақсатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағында киіктерді 2023 жылға дейін атуға тыйым салынды (заң бойынша киіктерді және олардың бөліктерін, дериваттарын пайдалануға тыйым салу)», – деді комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет .

Оның хабарлауынша, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Зоология институты киікті атуға 2023 жылға дейін тыйым салу туралы кеңес берген. Биологиялық негіздеме мемлекеттік экологиялық сараптамамен мақұлдаған. Киікті атуға тыйым салу туралы бұйрық ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күннің ішінде (20 ақпанда) күшіне енеді.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда 2015 жылы 150 мыңнан астам киік қырылған еді. Сол себепті 2015 жылдан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін киіктерді атуға тыйым салынған еді. Енді киіктің санын көбейту үшін бұл мерзім 2023 жылға дейін ұзартылды. Жалпы киік Қызыл кітапқа енгізілмеген. Заңмен шектеп қана қоймай, бұл бағытта әртүрлі жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Мақсат – киік санын 500 мыңға жеткізу», – дейді Сәкен Ділдахмет.

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 11 ақпан күні Қазақстанда ауа ластануының метеорологиялық жағдайы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазгидромет мәліметі бойынша Павлодар облысында ауа сапасы нашарлайды.

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Каспий жағалауына бозшымшықтар ұшып келді

Дереккөз: 24.kz

Каспийдің жағасындағы қалаға бозшымшықтар ұшып келді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қанаттылардың осы түрі кейбір аймақта суықторғай деп аталады. Ақтаулық тұрғын жұмысында отырып, терезе алдындағы шатырға қонған бозшымшықты смартфонға түсіріп алған. Әлеуметтік желіге салған бейнекадрларды жергілікті биологтар да қарап шығыпты. Олардың айтуынша, бозшымшықтар қылқан жапырақты ормандарда кездеседі. Қыс мезгілінде Орталық Азия елдері мен Қазақстанның климаты жылы өңірлеріне ұшып келеді. Ағаш басына жұмыртқалап, 15-16 күнде балапан ұшырады екен. Үні әуезді болғандықтан, үйге ұстауға да болатын көрінеді.

Әділбек Қозыбақов, өңірлік қауымдастық кеңес төрағасы:

– Суықторғайдың Ақтауға тіркелуін сенсация деп те айтуға болмайды. Бірақ ол біздің табиғи жағдайларға тән емес құстарға жатады. Жалпы бізден ұшып өтетін құстардың арасында олар кездесіп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайлар бұрын бірнеше жылда бір рет кездесіп тұрған. Бұл құс әрі қарай ұшып кетеді. Өзінің тобына қосылады.

Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқы қалпына келтіруге міндеттеледі – министр

Источник: inform.kz

НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ – В случае возникновения экологического ущерба природопользователей в Казахстане обяжут восстановить окружающую среду до первоначального уровня. Об этом заявил министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум Мирзагалиев в ходе презентации проекта нового Экологического кодекса в Мажилисе.

«Существующий экономический механизм природопользования (система платежей и их планирование) не стимулирует природопользователей на снижение уровня загрязнения окружающей среды. В связи с этим, в проекте Кодекса был предложен принцип «загрязнитель платит», который впервые был сформулирован экспертами ОЭСР в 1972 году», – сказал Магзум Мирзагалиев.

Данный принцип, как отметил министр, подразумевает меры по предотвращению загрязнения и контролю, а также ответственность за восстановление от ущерба окружающей среде.

«Таким образом, будут созданы такие условия, при которых природопользователям будет выгоднее принять все меры по недопущению негативного воздействия на окружающую среду, чем платить экологические штрафы. В случае возникновения экологического ущерба природопользователь обязан восстановить окружающую среду до первоначального уровня», – заключил глава Минэкологии.

Елімізде қалдықтарды жіктеудің жаңа тетігі енгізілмек

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қалдықтардың жіктеудің жаңа тетігі енгізілмек. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экологиялық кодекстің жаңа редакциясында қалдықтар қауіптілігінің 3 деңгейінен бас тартып, Еуропалық қалдықтар каталогына көшу ұсынылады. Қолданыстағы қалдықтар жіктемесінің кемшілігіне тоқталсақ, ұқсас қалдықтар кодировкасында әртүрлі түсінік беру мүмкіндігі бар. Мысалы, күлді қауіптіліктің жасыл (көмірде жұмыс істейтін энергоқондырғылардан ұшатын күл), сондай-ақ қызыл деңгейіне (күл және қалдықтар) жатқызуға болады», – деді министр Мәжілісте жаңа Экологиялық кодекс жобасын таныстыра отырып.

Еуропалық қалдықтар каталогына негізделіп ұсынылып отырған сыныптауыштың артықшылығы – ол қалдықтарды қауіптілерге және қауіпсіздерге бөлу.

«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру бойынша ұсынылып отырған шаралар түпкілікті нәтижеде стихиялық қоқыс орындарын жоюға, полигондар салуға арналған бюджет шығыстарын қысқартуға, сондай-ақ экологияға және адам денсаулығына теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді», – деді Мырзағалиев.

Қазақстан БҰҰ ЕЭК-ның Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі (ЛШТТ) туралы хаттамасына қосылды

БҰҰ ЕЭК 2020 жылғы 24 қаңтарда Қазақстанды қоршаған ортаны «ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі туралы хаттаманы (ЛШТТ туралы хаттама) ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны (Орхус конвенциясы) бекіту туралы» конвенцияға ратификациялаған елдердің тізіміне енгізді. Біздің еліміз ЛШТТ туралы хаттамаға қосылған отыз жетінші тарап және Орталық Азиядағы бірінші ел болды. 

ЛШТТ қоршаған ортаға ластауыш заттардың шығарындыларын реттеу, жұртшылықтың ақпаратқа қол жеткізу және қоршаған ортаның ластануына байланысты проблемаларды шешуде тиімді рөл атқару мүмкіндігі саласындағы маңызды құрал болып табылады. 

ЛШТТ – бұл ұлттық деректер базасы немесе ауаға шығарылатын, су мен топыраққа шығарылатын, қауіпті химиялық заттар мен ластаушы заттардың, сондай-ақ өңдеу немесе кәдеге жарату үшін басқа жерден шығарылған қалдықтардың тіркелімі. ЛШТТ туралы хаттамаға қосылу Қазақстанға кәсіпорындардың ластауыш заттар шығарындылары мен қалдықтардың тасымалдануы туралы ашық және тиімді есеп беруіне көмектеседі және өнеркәсіптік объектілерден және басқа да көздерден ластауыш заттарға халықтың қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ЛШТТ туралы хаттаманың және басқа халықаралық экологиялық конвенциялардың, климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Негіздемелік конвенциясы, қауіпті қалдықтардың шекарааралық тасымалын бақылау және оларды жою туралы Базель конвенциясы және т.б. деректертері арасында байланыс болады. 

ЛШТТ сонымен бірге Тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізуді көздейді, атап айтқанда 3 (жақсы денсаулық және әл-ауқат), 6 (таза су және санитария), 9 (өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым), 11 (тұрақты қалалар мен елді мекендер), 12 (тұрақты тұтыну және өндіріс) және 16 (тұрақты даму мүддесінде бейбіт және ашық қоғам құруға жәрдемдесу). 

Хаттама 2003 жылғы 21 мамырда Киевте қабылданған ЛШТТ бойынша жалғыз заңдық міндетті халықаралық құжат болып табылады, ол күшіне енді және 2009 жылғы 8 қазанда өз Тараптары үшін заңды міндетті болды. 

Орхус конвенциясы және ЛШТТ туралы хаттамаға қатысты толығырақ ақпарат:  http://ecogosfond.kz/ и www.unece.org/env/pp/welcome.html.сайттарда орналастырылған. 

Қазақстанда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің саны қанша

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев заңсыз үйілген қалдықтар проблемасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының жай-күйі және стихиялық үйінділер санының өсуі де өзекті экологиялық проблема болып саналады. Ғарыш мониторингі 2018 жылы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің саны 8 600 болғанын көрсетсе, 2019 жылы олардың саны 9 200-ге жетті», – деді министр Мәжілісте жаңа Экологиялық кодекс жобасын таныстыра отырып.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қалдықтарды жинаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындар туралы толық мәліметтер жоқ. Қалдықтармен жұмыс істеу кезінде (рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлер, алдын ала залалсыздандырусыз қауіпті қалдықтарды заңсыз көму) ереже бұзу фактілері кездесуде.

Мысалы, өткен жылдары Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында тиісті түрде өңделмеген құрамында мұнай бар және медициналық қалдықтар табылды.

«Қолданыстағы заңнамамен қалдықтармен жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметі регламенттелмеген. Осыған байланысты жаңа Экологиялық кодексте қауіпті қалдықтар жөніндегі қызметті лицензиялау мен қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша хабарлама тәртібі көзделген. Бұл қалдықтарды жинаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындардың тізілімін жүргізуге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті ведомство басшысы.

Жамбыл облысында қар барсы алғаш рет бейне түсірілді

Дереккөз: inform.kz

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚАЗАҚПАРАТ – Алғаш рет, тауда Жамбыл облысында қар барысы түсті в фотоловушку. Енді аумақ ерекше қорғалатын болады, деп хабарлайды “ҚазАқпарат”ХАА тілшісі.

Барс 4 қаңтарда Мерке ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында тіркелген.

БҰҰДБ-ның жануарлар дүниесін басқару жүйесі бойынша сарапшысы Айман Омарбекованың мәліметі бойынша, бұл Жамбыл облысы аумағында қар барысының болуының алғашқы ресми расталған фактісі.

“Бұл Батыс Тянь-Шянь ауданы. Бұған дейін бізде қар барысының мекендейтіндігі туралы түсінік болды,бірақ ол еш жерде тіркелген жоқ. Қорықшы телефондағы қар борасын кездейсоқ түсірген жағдайда болды, бірақ анық көрінген жоқ. Енді бұл ресми растау. Болашақта бұл аумақ ерекше қорғалатын болуы керек, қазір ол орман шаруашылығына тиесілі”, – деп атап өтті Айман Омарбекова.

Ол осы аңның аймақта болуы тау экожүйесінің, жем-шөп базасының жақсы жағдайын және Жамбыл облысы әкімдігінің Мерке орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жақсы қорғалуы мен үйлесімді жұмысы туралы айтады.

Айман Омарбекова Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің алдын ала берген мәліметтеріне сәйкес, барсу тек қана бір жылдық ғана екенін мәлімдеген. Жақын арада оның іздері бойынша нақты Жас анықталады.

Фотоловушкалар Жаһандық экологиялық қор (ГЭФ), БҰҰДБ және “түрлі пайда алу үшін негізгі жаһандық маңызды экожүйелерді сақтау және тұрақты басқару”ҚР Үкіметінің жобасын іске асыру шеңберінде БҰҰ даму бағдарламасына ұсынылды.

Жалпы БҰҰДБ қар барысын бақылау үшін Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарында орналасқан 13 табиғи мекемеге 294 SEELOCK фотоловушкасын қойды.

БҰҰДБ жұмыстарының одан әрі мақсаты аймақта ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру болып табылады. Бейне мен ақпаратты Мерке ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Жасұзақ Ибраимов) және БҰҰ Даму Бағдарламасы ұсынды.

БҰҰДБ Қазақстанды елдің биоәртүрлілігін сақтау жөніндегі серіктес ретінде әрі қарай да қолдауға дайын екендіктерін білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, жақында мысықтар бар қар барысының ұрғашысы Алматы маңындағы тауларда фотоловушкаға түскен болатын.

Бүгінгі таңда Қазақстанда қар барысының саны 130-150 дарақпен бағаланады. Ирбис Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Саур, Алтай тауларында тұрады.

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент