red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қорғас өзенінің суын Қазақстан мен Қытай тең пайдаланатын болады

Қорғас өзенінің суын Қазақстан мен Қытай тарапы енді, тең пайдаланатын болады. Бүгін Сенат депутаттары екі ел үкіметі арасындағы арнайы келісімді ратификациялады.

Енді трансшекаралық өзеннің суын екі тарапқа 50/50 пайыз арақатынасында бөлу «Достық» бірлескен су торабы арқылы іске асады. Бұл су торабын да  бұған дейін еліміз аспан асты елімен бірлесіп салған. Құжат авторларының айтуынша, келісімнің  біздің тарап үшін бірқатар тиімді тұстары бар.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Суды тиімді пайдалануға, әсіресе, біздің суармалы жерлерге тиімді пайдалануға осы келісімшарттың пайдасы өте көп. Тағы бір жақсы жері, Қазақстан осы су торабында бір ауданды электр қуатымен қамтамасыз ететін Гидроэлектр станциясын салады. Одан шыққан электр энергия тағы да айтам, бір ауданды арзан, тиімді электр энергиясымен қамти алады. Ол салынып бітті, енді іске қосылады.

Айта кетейік, алдағы уақыт су торабында тараптар селден қорғайтын плотина салуы мүмкін. Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың айтуынша, қазір бұл мәселе бойынша екі ел үкіметі келіссөздер жүргізіп жатыр.

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 9 сәуірінде «Бекіре-2014» балық қорғау акциясын жүргізу барысында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерват аумағында Атырау қаласының тұрғыны жүргізген «Ямаха-200» моторлы «Амур» қайығын тоқтатылды.

Тексеру нәтижесінде қайық ішінен жалпы салмағы 317 кг құрайтын қара балық (сазан, көксерке, қаракөз) және моножіп және моноталшықтан жасалған 3 дана ау құралдары тәркіленді.

Алынған балық «Надежда» ЖШС-не тапсырылды. Жиналған материал мен айғақты заттар құқық қорғау органдарына жіберілді.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Заң жобасы мақұлданды

2014 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасы Парламентінінің Сенатында өткен жалпы отырыс барысында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров  ұсынған «1999 жылғы 3 желтоқсанда Пекинде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына Түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы 1987 жылғы 16 қыркүйекте қабылданды. Қазақстан Республикасы Монреаль хаттамасына 1997 жылы қосылған.

Монреаль хаттамасына Пекин түзетулері 1999 жылғы 3 желтоқсанда қабылданды. Түзетулер  гидрохлорфторкөміртектерді Монреаль хаттамасының мүшесі болып табылмайтын кез-келген мемлекетке экспорттауға немесе сондай мемлекеттен импорттауға тыйым салуды көздейді.

Түзетулер, сондай-ақ, Монреаль хаттамасына мүше мемлекеттердегі гидрохлорфторкөміртектер өндірісін реттеудің қосымша шараларын енгізуді қарастырады.

Пекин түзетуін ратификациялау Қазақстанға Ғаламдық экологиялық қор тарапынан қаржылық және техникалық қолдау көрсетілуін қамтамасыз етеді.  2015-2017 жылдар аралығында Монреаль хаттамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанға алты миллион долларға дейінгі сомадағы қаражат бөлінбек.

Сонымен қатар отырыс барысында Сенат депутаттары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын салудағы ынтымақтастық жөніндегі Келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Келісімнің шарттарына сәйкес, тараптар Қорғас өзені бойында «Достық» бірлескен су торабын салуды жүзеге асырады. Бірлескен су торабы екі тараптың иелігінде болады. Оның құрылысын қаржыландыру екі жақтан 50% көлемде, яғни тең дәрежеде жүргізіледі.

Бірлескен су торабын басқару және пайдалану мәселелері тараптар арасында жасалатын жеке халықаралық шартпен реттелетін болады.

Отырыс барысында депутаттар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасын  мақұлдады.

Заң жобасында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 243-1 бабына парниктік газдар шығарындыларына квоталарды асырғаны үшін айыппұл мөлшерін 10 айлық есептік көрсеткіштен 5 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету қарастырылған.

Сонымен қатар түзетуде табиғатты пайдаланушылардың парниктік газдар шығарындыларына квоталарды асырғаны үшін жауапкершілігінің басталу мерзімін кейінге шегеру қарастырылған.

Заң жобасының мақсаты – парниктік газдар шығарындыларына белгіленген квота көлемін арттырғаны үшін жауапкершілік механизмін кезең-кезеңімен енгізу.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 13 наурызында ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының прокуратурасы мен полициясының қызметкерлері бірлесіп, балық қорғау шараларын өткізді.

Облыс аумағындағы Майқапшағай – Омбы тас жолында олар Өскемен қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Газель» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексерді.

Тексеріс нәтижесінде автокөлік ішінен жолдама құжатсыз жалпы салмағы 1852 кг. балық табылды. Табылған 384 кг көксерке, 262 кг шортан, 508 кг мөңке және 698 кг табан балықтары тәркіленді.

Оқиға бойынша жиналған материалдар балықтың пайда болу жағдайын анықтау және процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.   

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент