2026 жылғы 08–10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-сы «Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оның құқық қолдану практикасы» тақырыбында оқыту онлайн-семинарын ұйымдастырып, өткізді. 
Аталған семинар экологиялық реттеу саласында қызмет атқаратын мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық қолдану практикасын біріздендіру мақсатында өткізілді.
Семинарға кәсіпорындар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың, жоғары оқу орындарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен 20 маман қатысты.
Қатысушылар қатарында:
«KAZ Minerals Aktogay» ЖШС,
«Қазахдорстрой» ЖШС,
«Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті КЕАҚ,
«Республикалық экологиялық технологиялар орталығы» корпоративтік қоры,
«Jana Kezen» қоғамдық қоры,
«Каспий жылу су арнасы» МКК,
сондай-ақ өзге де ұйымдар бар.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін іске асыруға байланысты негізгі мәселелер қарастырылды, оның ішінде:
— экологиялық заңнаманың негізгі ережелері және жоспарланып отырған өзгерістер;
— экологиялық рұқсаттарды алу тәртібі және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;
— қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімдері;
— өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару мәселелері;
— мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру;
— құқық қолдану практикасы және әкімшілік рәсімдер;
— эмиссияларды автоматтандырылған мониторингтеу жүйелерін енгізу және олардың жұмыс істеуі. 
Семинарды өткізуге уәкілетті органның өкілдері, экологиялық заңнаманы әзірлеушілер, сондай-ақ экологиялық реттеу саласында тәжірибесі бар сарапшылар тартылды.
Іс-шара аясында қатысушылармен құқық қолдану мәселелері бойынша пікір алмасу ұйымдастырылып, табиғат пайдаланушылар қызметінде туындайтын практикалық жағдайлар қаралды.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға белгіленген үлгідегі атаулы куәліктер берілді.
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу экологиялық заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, құқық қолдану практикасын жетілдіруге және мемлекеттік органдар, бизнес және сарапшылық қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.