2026 жылғы 4–6 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты ШЖҚ РМК «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» (ҚОҚАТО)
«Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оны құқықтық қолдану» тақырыбында онлайн-оқыту семинарын өткізді.
Оқыту интенсивті практикалық бағдарлама форматында өтіп, мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, сондай-ақ экологиялық реттеу мен бақылау саласындағы өзекті талаптарды біртұтас түсінуді қалыптастыруға бағытталды.
Семинар 3 күнге созылып, 34 қатысушыны біріктірді. Оқытуға 6 сарапшы-лектор қатысып, олар заңнама нормалары мен кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметінде туындайтын типтік жағдайларға практикалық бағытталған талдау жүргізді.
Семинар бағдарламасы экологиялық реттеу мен бақылаудың қолданбалы мәселелеріне басымдық бере отырып қалыптастырылды. Оқыту аясында келесі негізгі тақырыптар қарастырылды:
• өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ);
• эмиссияларды мониторингтеудің автоматтандырылған жүйелері (АМЖ);
• кешенді экологиялық рұқсаттар (КЭР);
• өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару, оның ішінде техногендік минералдық қалдықтар;
• мемлекеттік экологиялық бақылау, тексерулер жүргізу тәртібі және құқық қолдану практикасы;
• экологиялық құқық бұзушылықтар, әкімшілік жауапкершілік және сот практикасының мәселелері;
• қоғамдық тыңдаулар және экологиялық реттеудің жекелеген тетіктері.
Семинарға өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындардың, жер қойнауын пайдалану саласындағы ұйымдардың, жобалау және инжинирингтік компаниялардың, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар қатарында, оның ішінде:
• «Урихтау Оперейтинг» (АО «ҰК «ҚазМұнайГаз» тобы);
• Өскемен ЖЭО;
• «Кублей» ЖШС;
• Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті;
• Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті;
• Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті;
• «Жоғары технологиялар институты» – «Қазақстан ядролық университеті» филиалы.
Қатысушылар семинардың практикалық маңыздылығын, материалдың жүйелі түрде ұсынылуын, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің күрделі нормалары бойынша түсіндірмелер алу мүмкіндігін, сондай-ақ жұмыс мәселелері мен типтік кейстерді талқылау мүмкіндігін жоғары бағалады.
ҚОҚАТО Қазақстан Республикасында мамандардың құзыреттерін дамытуға, экологиялық басқару сапасын арттыруға және құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған оқыту бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады.
Барлық қатысушыларға белсенді жұмыстары мен кәсіби диалог үшін алғыс білдіреміз!