Алматы қаласында энергетика саласы қызметкерлеріне арналған салалық семинар өтті | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматы қаласында энергетика саласы қызметкерлеріне арналған салалық семинар өтті

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты РМК «ҚОҚАТО» ұйымдастыруымен
«Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оны құқықтық қолдану» тақырыбында мамандандырылған оқыту семинары өтті.

Аталған іс-шара «Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамының және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне арнайы ұйымдастырылды. Бұл оқу бағдарламасын энергетика саласының нақты міндеттері мен өзекті мәселелерін ескере отырып құруға мүмкіндік берді.

Семинарға компанияның негізгі өндірістік және бейінді бөлімшелерінің өкілдері қатысты, атап айтқанда:

• «АлЭС» АҚ Қоршаған ортаны қорғау басқармасы;
• №1, №2 және №3 жылу электр орталықтары;
• Қапшағай су электр станциясы;
• Су электр станцияларының каскады;
• «Энергоремонт» өндірістік-жөндеу кәсіпорны;
• Технологияларды даярлау және енгізу орталығы.

Семинардың мазмұндық бөлігі экологиялық заңнаманы қолданудың практикалық аспектілеріне бағытталды. Қатысушыларға экологиялық рұқсаттарды алу тәртібі, қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүргізу, өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін құқықтық қолданудың негізгі мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді.

Кәсіпорындар қызметінде жиі кездесетін типтік бұзушылықтар мен тәуекелдерді талдауға, сондай-ақ олардың алдын алу тетіктеріне ерекше назар аударылды. Оқытудың практикалық форматы қатысушыларға нақты кейстерді жан-жақты талдап, күнделікті қызметте қолдануға болатын сараптамалық ұсынымдар алуға мүмкіндік берді.

Осындай салалық іс-шараларды өткізу экологиялық заңнама талаптарын біріздендіріп түсінуге, мамандардың біліктілігін арттыруға және энергетика секторы кәсіпорындарының экологиялық жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика
🌿 AI-ассистент