2026 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында экологиялық саясат, тұрақты даму және экологиялық салаға заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне арналған RES 2026 өңірлік экологиялық саммиті өтеді.
Саммит жұмысына мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының және бизнес өкілдері қатысады. Бұл экологиялық басқарудың негізгі бағыттарын кешенді түрде талқылауға мүмкіндік береді.
Саммиттің іскерлік бағдарламасы аясында «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдамалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры А.С. Кожумов цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын қолдану тақырыбындағы панельдік сессияға қатысады.
Баяндамасында экологиялық басқару жүйесін цифрландыру, деректер негізінде басқаруға көшу, сондай-ақ заманауи цифрлық платформалар мен аналитикалық құралдарды енгізу мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар экологиялық мониторинг деректерін, автоматтандырылған эмиссияларды бақылау жүйелерін және табиғат пайдаланушылардың есептілігін біріктіретін бірыңғай экологиялық ақпарат жүйесін қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылады.
Жасанды интеллект технологияларының деректерді талдау тиімділігін арттыру, экологиялық тәуекелдерді уақтылы анықтау және басқарушылық шешімдерді қабылдауды қолдау құралы ретіндегі рөлі де қарастырылады.
Саммиттің өту барысы және негізгі баяндамалар бойынша толық ақпарат Орталықтың ресми Instagram парақшасында жарияланады. https://www.instagram.com/iacoos.kz?igsh=dWoxcThpajkzN2Fp&utm_source=qr