Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК ресми сайтына қош келдіңіздер!
Біздің қызметіміз басқарушылық шешімдерді қабылдауға негіз болатын сенімді, ашық әрі сапалы экологиялық ақпаратты қалыптастыруға бағытталған.
Орталық мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын және табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізуді қамтамасыз ете отырып, аналитикалық сараптаманы, заманауи цифрлық шешімдерді және практикалық тәжірибені тиімді түрде ұштастырады. Қызметіміздің басты қағидаттары – жауапкершілік, деректердің дәлдігі және қоршаған ортаны жалпыұлттық құндылық ретінде құрметтеу.
Бірлескен күш-жігеріміз арқылы қызметімізге деген сенімді нығайтып, оның тиімділігін арттырып, еліміздің табиғи мұрасын сақтауға елеулі үлес қосамыз деп сенемін. Сіздермен сындарлы әрі нәтижелі ынтымақтастық орнатуға әрдайым дайынбыз.
Құрметпен,
Бас директор
Кожумов Асхат Сұлтанбекович
Бас директордың блогына сұрақ қою үшін төмендегі нысанды толтырыңыз:
